Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
Той-томалақта, дастархан басында бір стақан ұрттап алмаса, ешкіммен сөйлесе алмайтындар бар. Ішсе, жадырап, ән айтып, арқа-жарқа, бәрімен тату болады.

А ішімдік жоқ жердің бәрі нашар, жаман боп қабылданады ол адамға.
Неге олай?

Себебі ішкі напряжениесі көп, трезвый күйде адаммен сөйлесуді үйренбеген, қалай сөйлеуді білмейді, қатынас құруды білмейді делік. Ішсе, оның бәрін өшіретін кнопканы басады. Босаңсиды. Ішкі боль, напряжение өшеді (обезболивающий сияқты ғой). Өзі туралы комплекстері уақытша өшеді. Сосын адамдармен еркін сөйлеседі, өзін еркін ұстайды.
❤18👍4
Ішімдік, тәуелділіктің бәрі жаман деп қабылдаймыз. А кей адамдарға ол - тірек. Представляете?

Арқа сүйейтін, ішкі больдан әупірімдеп өзін сүйрейтін бір тірек. Басқа жолын білмейді. Тек соны ғана таниды.

Бұл өмірде таңдауымыз, жасайтын әрекетіміз (зиян болса да, пайдалы болса да) бізге керек болғаннан жібермей жүрміз. Әйтеуір бір қызмет атқарып тұр.
❤21👍7
⁉️ Қалайсыз?
Мұнда сіздерге айтатыным өте көп те, дәл солай айтатыным мүлде жоқ. Екіұдай сезім).

Өзіңізде не жаңалық? Қандай күйдесіз?
❤21
Менен психологиялық білім алып, шәкіртім болғысы кеп жүрген жандар!

Бұл кезеңнің де уақыты келген сияқты. Шәкірт оқытуға енді пістім. Оқудың жүйесі, программасы, құжаттары, бәрін-бәрін бүге-шігесіне дейін дайындап жатырмын.

Қызыққа толы деңгей басталды. Процестің өзі қызық боп жатыр.

Менен білім алып + практикадан өтем деген жандар, дайын жүресіздер ғой. Хабарын беремін😊
👍34❤10🤩1
Масштаб, табысты көбейту, даму, өсу деп ұмтыламыз ғой. Үнемі.

“Өсіп жайқалмас” бұрын жасау керек қадамды әбден нақтылап алғам өзіме. Ол - фундаментті нықтау, тамырды тереңге жайып алу. Өмірде де, кәсіпте де.

Сонда ғана кеңейгенде дисбаланс болмайды, сынып кетпейміз, діңгегіміз нық болады.

Жетістік, табыс, атақ, назар қатты өсіп кеткенде де психиканың морт сынбауы маңызды. Қыбыр етпестен ары қарай жайқала береміз.

Сіздің фундаменттің хәлі қалай, білесіз бе, сезесіз бе?
❤24👍1
Forwarded from Сабина
Сіздің кітабыңызды (2 бөлім, Сезімді) оқып жатырмын 😊 ішкі тірек қалыптасып жатқан сияқты.. кішкене батылдау болып жатқандаймын баа.. вопщем қызыық.. бір өзгерістер болып жатыр, бірақ әлі нақты былай еді, былай өзгерді дей алмаймын.. жаңашылыққа үйренуге уақыт керек сияқты ☺️
❤12
Иә, кітаптың да мақсаты сол еді: әр оқырманның ішкі тірегінің нығаюына үлес қосу.

Өзім шашылып қалған ішкі тірегімді жылдар бойы қалыптастырдым. Өзгеге емес, өзіме сүйенуді, аяққа нық тұруды үйрендім.
Өмір үйретті, ұстаздарым, мен жолыққан әр маман, тәжірибем үйретті. Бәріне басымды иіп алғыс айтамын.

Енді сол білімнің бәрін жиып, басқаларға жалғамақпын. Шәкірт оқытып, ішкі тірегін нығайтып алғанша арқа сүйейтін кеңістік ашпақпын. Қауіпсіз орта болады.

Бұл - өмірге қызмет. Өмірдің ары қарай жалғасуына қызмет🌱
❤31
“ЖҰРТ МЕН ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?”

Кітабым шыққалы мына сұрақпен жиі кездесіп жүрмін:
- Эльвира, кітабыңда бүкіл оқиғаңды ашық жазыпсың. Оқыған жұрт мен туралы не ойлайды демедің бе? Әлсіз тұсыңды қалай аша салдың?

Жұрттың ойына, сын-пікіріне тәуелділік, “жақсы қыз”, “үздік оқушы” синдромы о-го-го көп болған менде. Симптомдарын; қай жерде басталып, қай жерде аяқталатын шекарасын; себебі мен салдарын біраз білемін. Шығу жолын да.

Жақында осы сұраққа жауап бергем. Мына сілтемеден оқи аласыз:

https://alqamedia.kz/?p=639&amp=1
❤12🔥2🥰1
Қазақ аудиториясы бір серпіліп, инфобизнес нарығы сұраптаудан өтіп жатыр. Жан-жақтан жарылған мина сияқты шудан хабарыңыз бар ма?

“Тұтынушы оянып жатыр, қызмет көрсетуші, сен де оян” болуда. Енді “твердый” білім, “твердый” тәжірибе, сапалы қызметке сұраныс артады.

Потенциалды клиенттердің “самооценкасы” (өз сөзді ұнатпасам да, жаздым, осылай түсінікті), өзіне құрметі артуда. Оны қызмет көрсетушіден де талап ете бастайды.
❤26👍4
Өткенде стористе табыс түрлері туралы айтпақ болғам. Біз психологиялық күйімізге қарай табамыз қаржыны, әрекетті де соның ықпалымен жасаймыз.

Осы тақырыпта подкаст жазсам ба деген ой бар. Қажет пе екен өзі?
❤46🔥3
🎤Подкаст: ТАБЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ және ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫҢ МАҢЫЗЫ
❤23👍1
А иә, ұмытыппын. Соңғы жылдары маманның, эксперттің кәсібилігін табысымен өлшеп кеттік, иә?
“Көп табысы болса = кәсіби, мықты, білікті маман” деп сене бастадық.

Енді табысты бір бөлек, кәсіби білікті бір бөлек қылып, бір-бірінен ажыратамыз-ау.
Кәсіби сауатты болсаң, табысты болатыныңды білдірмейді. Табысты екенің сауатыңның/біліктілігіңнің мықтылығын білдірмейді. Екеуін ұштастыра алсаң, ұзаққа шабасың, қаражат бонус боп жүреді.

Табыс ішкі импульс, ішкі шешім, энергия, ресурс, себеп-салдарға байланысты.
👏23❤10👍6
Forwarded from Zhansaya B
Менде үрей себебінен көөп курстар оқып тастаппын, бірақ біреуіменде табыс таппадым, тек өз маманыдығыма қатысты курс болмаса оның өзінде тірек команда болды, әлі де сол қалыпта жүрген сиақтымын квантвой скачок жасауға шақ қалып, өзімнің әлімді білмей, өзім жайлы искажонный көзқараста екенімді аңғарып жүрмін сіздің осындай посттарыңыз, біраз көзімді ашты, енді осы жағдайдан қалай шықсақ екен, я как белка в колесе осы сөздің парқын енді түсініп, өз басымда өтіп жатқанын аңғарудамын. Истаграмға кірмесем тынышталып қалам, кірсем как будто только я отсатала от жизни. Ішіне кірсең жанталас әйтеуір, сатып ал, алып қал. Осы теманы қозғайтын психологтар көп емес сиақты, бір сізді көріп тұрмын, жалпы керек кезде керек темаларды қозғайсыз
👍1
Телеграмдағы подкаст, мәтін, ойымды көңілім ауғанда бөлісіп қоям. Ұнайтын процесс болғандықтан.

Былай арнайы контент-план, стратегия құрып, тақадай етіп контент жасамағалы біраз болыпты. Маркетингтің м деген әрібі де қалмады-ау, статистика, просмотрды да түгелдемеппін. Тым еркін жібере салдым ба екен?

Соның өзінен керегіңізді алып, игілігіңізге жараса, қуаныштымын🫶🏻
❤39
“Аудитория қандай контент тұтынып жүр, ел назары қайда, кім қандай контент/жоба өндіруде” деген сұрақпен әлеуметтік желілерді ақтарып ем… миым шатасып кетті))

Түсінгенім: біреудің кемшілігін көрсету, біреудің контентін сырттан жамандау не қатесін көрсету арқылы “өзінікін сату” трендте сияқты, иә?

Яғни “біз - бір жақпыз, ана тарап - жауымыз”. Дұрыс түсіндім бе? Қазіргі продажа жақ-жақ боп соғысу арқылы боп жатыр ма?

Сонда аудитория, клиент, тұтынушы “үшбұрышты қатынастың” ішінде жүр ме? Ұрысып қалған әке-шешенің дауында: “мама жақта болсам ба, папа жақта болсам ба” деген сияқты?

Түсінбей отырмын-ау. Сырттан бақылағаныңыз болса, бөлісіңізші. Қалай боп жатыр өзі?) Не боп жатыр?)
❤16👍8
📲 Интернет, әлеуметтік желіге блогер боп келдім ғой алғаш.

Сол “блогер бөлшегім” әстін-әстін нарыққа қарап: “кім не істеп жатыр, не болып жатыр”, деп анализге кірісіп тұрады.

Әйтпесе, біраз болды, блогерден бұрын маманмын. Ішкен-жеген, жүрген-тұрғанымды контент етпей, өз саламда, клиентке керек ақпар беріп жүргеніме біраз болды. Бұрынғыдай қайда бардым, не істедім, кіммен не сөйлестім, тізіп шығу жоқ.

Бүкіл тіршілігімді, әр қадамымды жалтылдата берсем, клиенттің өз күйіне саралау жасайтын фокусы ыдырап, өзін менімен біріктіріп тастайды. “Слияние” болады, шекарасын таппай қалады. Сондықтан жеке өмірім/тіршілігім туралы инфоның бәрін қымтап тастадым.

Сонда да нарыққа назар бұрып тұрамын. Халықтың сұранысын түсінгім келгені шығар.

Қазір ұғып отырмын… Инфобизнестің ауаны басқа, тактикасы басқа. Маған өзімдікін жасау керек-ау. Өз жүйемді құру. Өз адамдарымды жиып, бір бағытқа жүру.

“Өз адамдарымды жиюдың” алғашқы қадамы сол: психолог мамандарға арналған курсымды аштым. Аяқталған соң клуб, қауымдастыққа ұласады. Жабық кеңістікте талдаудың да, талқылаудың да түбін түсіреміз, бұйырса. Қауіпсіздігімізді жасап алып))

Сіздерге де мызғымайтын бір жүйелі контентті жасап алу керегін ұқтым бүгін.
❤23👍7
✅ Орыстар “святое место пусто не бывает” демекші...

Аудитория инфоөнім, қызмет тұтынғысы келеді. Керек. Қажет. Маманға, экспертке, білімге сұраныс бар. А сол “маман/эксперт” деген “святое место”-да кім отыр?

Кәсібиі, сапалысы, біліктісі келмесе, басқасы келе салады. Бастысы, святое место пусто не бывает…

“Инфосығандар қаптады, алаяқ/сапасыз/білімсіздер көбейді” деген шағымның көбеюіне нағыз біліктілердің “өз орнына ие болмауы”, қызметте болмауы да ықпал етеді. Білімділердің үнсіз не әрекетсіз қалуы да, заман көшіне ілеспеуі де бір себеп.

Тағы қайталайыншы: святое место пусто не бывает…
🔥20❤4
🌓 Бүгін. 22-қыркүйек - күн мен түн теңелетін күн.

Көлеңке мен жарық бірдей болады, ары қарай күн қысқарып, түн ұзара түседі.

Бүгіннен күз басталады. Жалпы осы алтын мезгіл - молшылықтың уақыты. Табиғатта жыл бойы өсіп-піскен астықтың, жеміс-көкөністің пісіп, жинақталатын уақыты. ТМД елдері ауыл-аймақта сабантой жасап жатады.

Табиғаттың цикліне ілессек, біз үшін де жыл бойы еткен еңбектің нанын жинап, қысқа дайындық процесі жүріп жатуы қажет. Жоқ дегенде, жылы киім алып, әзірленеміз.

Осы жыл мезгілі, мезгіл циклдеріне ілесу дегенге мән бермеуші ем бұрын. Соңғы кездері назар аударып жүрмін.

Сізде қалай? Мұндай кездері арнайы жасайтын әрекет, “ритуалдарыңыз” бар ма?
❤33🔥3
Туған күніме жасаған ерекше сыйлығым!✨

Ертең психологиядан әлемдік деңгейде мықты ұстаз келе жатыр Алматыға. 3 күн семинар өтеді. Нидерландыға арнайы іздеп барсаң, ұстай алмайтын мастер.

Сол семинарға бара жатырмын. Туған күніме сәйкес келгенін айтсаңызшы.

Ал несімен ерекше? Өзім психологиядан білім алған, супервизиясын өткен бірнеше ұстазым сол семинарға қатысушы боп келуде. Әлемнің түкпір-түкпірінен. АААА!🤩

Ойлаңызшы, ұстаздарыммен бір топта, қасында тұрып практика өтемін. Бір кеңістікте, бір толқында боламыз. Әрине сөйлесеміз, алғысымды көзбе-көз айтам✨

Ізденісімді, білім алуымды, дамуымды тоқтатпастан ұстаздарымның артынан еріп келем. Солар салған жолмен жүріп, өсіп жатырмын. Міне, жан-жақтан жиналған “алыптардың” ортасына ілесе бастаппын.

Қуандым. Ұстаздарымның білімін құмарлана сіміріп, сана деңгейім өсіп, соларға ілесе алғаныма қуандым🙏🏻

Бұйырса, бұл толыққан біліктілігімді “Психолог-практик” курсында міндетті түрде қолданам. Жиған-тергенімді ары қарай жалғаймын. Сіздерге де жеткіземін❤️
❤50🤩6👍2
Қайырлы кеш!
3 күндік семинарды аяқтадық кеше кешке. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын терең процесті өттік үш күнде. Әлемнің жан-жағынан келген мықты мамандардың топ болып жиналған энергиясының өзі ұшырып әкетті.

Бүгін тынышпын. Үнсізбін. Ішкі настройкамда біраз нәрсе ауысып жатқандай. Тәнім ілесе алмай кетті: ауырлап, ісініп, біресе жіберіп, біресе шойындай жерге тартып.

“Тым жоғары вибрация, тым жоғары энергияға тән дайын болмаса, көтере алмай қалады” дегенді жиі естігем. Соны сезіндім де. Бойдағы потенциалды ашумен қатар тәннің дайындығын да қамтамасыз ету керек екен.

Бұл үш күн ұзаааақ әрі лезде өтті. Алғаным, сезінгенім тым көп. Алда біраз ауыс-түйіс күтіп тұрғанын да білем. Бәрімен келісемін.

Енді маған қызмет ету керек. Сіздерге. Адамдарға.

Осы жолы көзіме анық көрсеткені - мендегі метаболизмнің ақсайтыны. Тәндегі емес, энергиядағы. Білімді (білім де - энергия, ақпарат та - энергия), түрлі инструментті жан-жақтан әбден жиып алыппын да, оны ары қарай халыққа таратпайды екем. Алғанымды жеткілікті шығармаймын. Проводник (өткізуші) болмаппын. Соны қолға алу қажет.
❤33🥰3