Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
🎤Подкаст: КЛИЕНТПЕН ЖҰМЫСТА НЕГЕ МӘН БЕРУ КЕРЕК?
👏9❤3
🎁 “МАҚСАТ-2025” атты zoom-сессияны қазір аяқтадық.

3,5 сағат болды. Көөөп қабат сезім-эмоцияны аршып, көп жүкті тастадық.

Әрине! 2025-жылы мақсатымызға ләззат алу үшін барамыз😍

Әдемі, терең сессия болды. Қатысқандар, көп рақмет!❤️
❤28🕊3
🎄Құрметтім! 2025-жыл құт-береке, молшылыққа толы болсын!
❤27🕊3
Өміріміздің әр сәтін мерекеге айналдыратын шығармашыл қырымыз ашыла берсін! Сұлулық көп болсын!❤️
❤30👍2🎉2🥰1
Жаңажылдық демалыста бір құты мандаринді қасыма алып, түрлі фильм, шоу көріп жатырмын.

Бүгін “Энканто” мультфильмін қайта көрдім. Бұ жолы қазақша аудармасын.

2021-жылы шыққанда қарап, түйгенім көп еді. Бірнеше жылдан соң да қандай “әдемі туынды” деп отырмын.

• Адам бойындағы қабілеттер
• Ата-тектен қуылу (инключенный болу) зардабы
• Ата-тек ресурсы
• Ата-тектегі құпия салдары сияқты тақырыптар қызық болса, осы қырынан көруді ұсынамын. Әсіресе, студенттеріме қосымша материал болады.

Сілтемесі: https://m.vk.com/video-70095498_456240959

Көрген бе едіңіз бұл мультикті?
❤19👍1
“Миссия, қабілет” туралы…
… біз көбіне өте таныс, қарабайыр қабілеттерімізді мойындамаймыз. Эгоға салсақ, біз ерекше дарынға ие болу керек едік… Ерекше болғанда өте ерекше, ешкімде жоқ. Білген адам аузын ашып, таңданғаннан жағы түсіп қалатындай🥰

“Энканто” мультфильмінде
• өзгеге керек болмай қалудан қорқып, бүкіл ауылдың қара жұмысын атқаруды ерекше қабілет санайды.
• махаббатпен ас дайындап, адамға күш-қуат беруді де,
• ашуланғанда айналаңды найзағайдай қырып, борандай үйіруді де,
• мінсіз болып, айналаңды қуантып жүруді де,
• өзгенің жүріс-тұрысы, дауысын айнытпай сала алуды да ерекше қабілет санайды.

Расында, ерекше қабілет ғой. Оны үнемі жасап жүруге көп ресурс кетеді.

Бір-бірімізге ұқсамайтынымызбен ерекшеміз және түрлі ғажайыпты жасап жүрміз✨
❤28🔥9
Жаңажыл сияқты массалық мерекеден кейін адамда апатия болады. Неге, білесіз бе?

Себебі қанша күн бұрын мерекені жан-жақты, қызыл-жасыл жарнамалайды. “Міне-міне, ғажайып болады” деп уәде етеді.

Ондайда адамда шектен тыс дофамин бөлінеді. “Бірдеңе өзгереді, бәрі өзгереді, бірдеңе болады” деп күтеді.

Сағат 00:00-ді соғады. Календарь ауысады.

Бац!💥
Ғажайып та жоқ. Ештеңе өзгерген де жоқ. Сол баяғы бірсарынды күндер. Алданып қалғандай сезім.

Әрі толассыз тамақ, тәттілер, алкоголь, ары-бері шайқалған эмоция, ұйқы режимінің бұзылуы, бәрі-бәрі қосылып, бір шұңқырға оңбай түсіреді:
ДОФАМИН ШҰҢҚЫРЫ.

Сосын көңіл-күй жоқ, ештеңеге құлшыныс жоқ, көңілсіздік басып, сұп-сұр күн туады.

🎄Жарқ-жұрқ мерекелік тойлаудан кейін қандай күйдесіз?
❤26👍9💔8
Бүгін студенттеріме сабақ бердім және бір топқа терапия жүргіздім.

Апта ішінде белгілеген күнде, белгілеген уақытта кездесіп тұрамыз. Үйреніп алдық.

Әр жанның ішкі күйі жайлы әңгімесін естіген сайын елжіреймін.

“Ғажайып басқа жақта, басқа әлемде, оған жету үшін қалтқысыз үздік, мінсіз болуың керек” деген қатқан нанымнан арылып… “ғажайыпты өзім жасаймын, мақсаттарыма өзім барамын, ішкі күшімді танимын, қолданамын” деген нық сенімге келе жатқаны қуантады. Әрқайсының.

“Өмірімде жамандықты жасайтын өзгелер, жақсылықты да жасайтын өзгелер. Қолымнан көп нәрсе келмейді. Бар жақсыны өзгелер әкеп беру керек. А мен жақсы адам боп, жағынып жүрейін” деген сайын инфантилизм шырмауынан шықпаймыз.

Ал… “Мен таңдаймын. Рұқсат етуді не рұқсат етпеуді өзім шешемін. Өз шекарамның қожайынымын” деген ұстанымның адуыны да мықты.

Расында, ғылыми, діни кітаптарда аса құрметтелетін, заң баса қорғайтын ең қадірлі құралымыз бар. Ол - сіз бен біздің таңдау еркіміз. Қай ілімді ашсаңыз да, таңдау еркіміз бары, таңдай алатынымыз және оған ешкім қол сұға алмайтыны қайталанады.

“Сиқырлы күшіміз - таңдай алатынымыз және қайта таңдай алатынымыз (таңдауды өзгерте алатынымыз).

Қандай жағдай болса да, өзіңізді таңдаңыз❤️
❤32👍9
Келесі кітабым қай тақырыпта болғанын қалар едіңіз? Сізге маңызды сала делік, өміріңіздің саласы.
Қай тақырыпта жан-жақты біліп, ізденуді көздейсіз?
👍10❤1
Офисімнің ремонты міне-міне бітіп қалды. Енді декор заттарын, жиһаздарын түгендесек, әп-әдемі кеңістік болады.

Бұйырса, жеке және топтық терапиялар болады, оффлайн шаралар ұйымдастырамын деп отырмын. Әрине контент көбірек болады.

Кеңседе өзім де көп уақыт өткіземін, клиенттерім де демалып кетсін деп, ерінбестен эстетика ремонт жасалды.
Әдемі, иә?😍
❤37🥰8🤩5
Forwarded from Жанар
Телеграмға өте аз аудиолар салатын болдыңыз😥
Бағыттан тайдырма,
Мені сен тайдырма.
Мен
Қалайша сенбегем?!
Сонау
Сонау кездерде

Сол кезде сен мені оятпасаң,
Болар едім басқа:
Жолсыз жолаушы адасқан,
Шегінен асқан.
Өтірікті теңеп расқа,
Сенгіш сенің ақының.
Көзім жеткелі
Сенен басқа жоқ жақыным.
Ақырын-ақырын
Жүріп келдік, шабытым, қанша шақырым.

Сезінгендеймін,
Байқасаң, мен де кейде өзіңдеймін.
Жылдар өтті талай есте бәрі,
Өмір дегенің жаным солай.

Мен мақтаншақ емеспін, бірақ сенімен мақтанамын.
Менің көңілім ашық, бірақ саған деген сезімді өзімде сақтағанмын.
Еске сақтау қабілетім нашар, бірақ сенің мінезіңді жаттағанмын.
Сағыну, уайымдау осының бәрін сен үшін атқарамын.

Сенің тамырыңнан жақын боламын жаныңда, жаныңда,
Қанша сүрінсек те, жаным, мүлдем бағынба, бағынба.

Сезінгендеймін,
Байқасаң мен де кейде өзіңдеймін…

https://youtu.be/aIrzPvQw_44?si=W7Sbr5oAQ5rcgGlF
❤8👍1
🎤Подкаст: ӨМІР ЖОЛЫҢЫЗДА БАҒЫТ БЕРГЕН ЖАН БАР МА?
❤16🔥2
🎤Подкаст: ПСИХО-ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙ ТӘНГЕ, ДЕНСАУЛЫҚҚА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
❤12🏆3👍1
🎤Подкаст: МАМАНҒА БАРУДЫ, ТЕРАПИЯДЫ АЛУДЫ БАСТАҒАНДА НЕГЕ БӘРІ ,КЕРІСІНШЕ, “ЖАМАН” БОЛАДЫ?

Терапияға алғаш келген келиенттің үміті, сенімі болады: “терапия алсам, өмірімдегі проблемалар бірден жоғалып, өзім бірден керемет күйге түсем” деген.
Бірақ! Ол иллюзиясы қирап, күйі нашарлай бастайды. Неге? Подкастта айттым.
👍12❤2