Esentai INFO
12K subscribers
222 photos
77 videos
285 links
Доступный формат актуальных новостей Казахстана.
Связь: @bot_admin_feedback
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.

▪️Бұдан бөлек, Заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді.

▪️Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды.

▪️Қазақстанда аумақтық қорғаныс күштері COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ 2020 жылы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарын жоюға, 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, 2024 жылы еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде болған су тасқынын еңсеруге жұмылдырылды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О территориальной обороне Республики Казахстан»

▪️Закон обеспечивает правовое регулирование общественных отношений и установление организационно-правовых основ государственной политики в сфере территориальной обороны Республики Казахстан.

▪️Наряду с этим, Закон регламентирует вопросы материального обеспечения территориальной обороны. Внедрен государственный контроль в данной сфере с наделением Министерства обороны соответствующими функциями.

▪️Документ направлен на формирование эффективной системы территориальной обороны и обеспечение безопасности населения в чрезвычайных ситуациях. Заложены принципы единства подходов к организации и достаточности финансирования соответствующих мероприятий.

▪️В Казахстане имеется практический опыт их применения в период пандемии COVID-19, в устранении последствий прорыва дамбы на Сардобинском водохранилище в 2020 году, тушении лесного пожара в Костанайской области в 2022 году, устранении последствий паводков на северо-западе Казахстана в 2024 году.

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам территориальной обороны»

Текст Закона публикуется в печати.


t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️Заң арқылы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және басқа да заңдарға түзетулер енгізілді.

▪️Түзетулердің бірінші блогы құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған.

▪️Түзетулердің екінші блогы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды көздейді.

▪️Түзетулердің үшінші блогы ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге қатысты.

▪️Мәселен, «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыру үшін ішкі істер органдарының қызметі саласындағы заңнаманың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланды.

▪️Полиция қызметін ұйымдастыру ісін жетілдіру мақсатында жергілікті полиция қызметі таратылды.

▪️Түзетулердің төртінші блогы сораны өнеркәсіпте пайдалану, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырады.

▪️Заңға сәйкес, Үкіметке есірткі өндіруге немесе дайындауға қатысы жоқ, өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат етілген сора сұрыптарын анықтау құзыреті берілді және сораны өнеркәсіптік өңдеу тәртібі айқындалды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования правоохранительной службы, жилищного обеспечения и социальной защиты сотрудников правоохранительных, специальных государственных органов, органов гражданской защиты и военнослужащих, а также исключения излишней законодательной регламентации в сфере деятельности органов внутренних дел»

▪️Законом внесены поправки в законы «Об органах внутренних дел Республики Казахстан», «О правоохранительной службе», «О жилищных отношениях», «О профилактике правонарушений», «О дактилоскопической и геномной регистрации» и другие.

▪️Первый блок поправок направлен на совершенствование вопросов прохождения правоохранительной службы.

▪️Второй блок поправок направлен на повышение социальной защищенности сотрудников правоохранительных, специальных госорганов, органов гражданской защиты и военнослужащих.

▪️Третий блок поправок направлен на совершенствование деятельности органов внутренних дел.

▪️Так, в целях реализации Указа «О мерах по дебюрократизации деятельности государственного аппарата» уточнены цели, задачи и принципы законодательства в сфере деятельности органов внутренних дел, а также компетенция уполномоченных государственных органов.

▪️В целях совершенствования организации деятельности полиции, упразднена местная полицейская служба.

▪️Четвертый блок поправок предусматривает меры по промышленному использованию конопли, а также обеспечению профилактики правонарушений.

▪️Так, Законом установлена компетенция Правительства по определению сортов конопли, разрешенных к культивированию в промышленных целях, не связанных с производством или изготовлением наркотиков, и определен порядок ее промышленной переработки.

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

▪️Заң Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік және Әлеуметтік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізді.

▪️Түзетулердің бірінші блогы үлестік құрылыс процестерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

▪️Түзетулердің екінші блогында инватакси пилоттық жобасын жаппай қолданысқа енгізу көзделген.
Әлеуметтік қызметтер порталында қолжетімді қызметтер санатына мүгедек жандарды инватаксимен тасымалдау қызметі енгізілді. Яғни мүгедектігі бар адамдар өздерінің ерекше қажеттілігіне байланысты көлік шақыруға мүмкіндік алды. Осылайша олардың еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі.

▪️Түзетулердің үшінші блогы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

▪️Жол саласын цифрландыру мақсатында «Автомобиль жолдары туралы» Заңда жол құрылысы материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын жасақтауға құқықтық негіз пайда болды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам долевого участия в жилищном строительстве, автомобильных дорог и оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью»

▪️Законом внесены поправки в Гражданский, Уголовный, Уголовно-процессуальный, Гражданский процессуальный и Социальный кодексы, а также 14 законов.

▪️Первый блок поправок направлен на обеспечение законности и прозрачности процессов долевого строительства, защиту прав и законных интересов дольщиков.

▪️Вторым блоком поправок предусмотрено масштабирование пилотного проекта по инватакси.

▪️В объем покрытия портала социальных услуг включена услуга по перевозке лиц с инвалидностью на инватакси, что позволит им вызывать транспорт с учетом своих специфических потребностей, обеспечивая таким образом свободу передвижения

▪️Третий блок поправок направлен на повышение качества автомобильных дорог общего пользования.

▪️В целях цифровизации дорожной отрасли в Законе «Об автомобильных дорогах» внедрена правовая основа для функционирования единой базы дорожно-строительных материалов и новых технологий.


Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.



✍️ «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития финансового рынка, защиты прав потребителей финансовых услуг, связи и исключения излишней законодательной регламентации»


Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
2025 жылғы 23 маусымдағы Кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырма бойынша Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді.

Жекелеген күштік органдарға ғана тән кемшіліктермен қатар, жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер ететін жалпы проблемалық бағыттар анықталды.
Талдау нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді, олардың пысықталуын жауапты мемлекеттік органдар қысқа мерзімде қамтамасыз етуге тиіс.

Қабылданып жатқан шаралар, қол жеткізген нәтижелер мен тиісті қорытындылар Мемлекет басшысына баяндалатын болады.
Тапсырманың тиісті орындалуын бақылау Президент Әкімшілігімен қамтамасыз етілетін болады.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
По поручению Главы государства, данного на заседании расширенной коллегии от 23 июня 2025 года, Администрацией Президента проанализирована деятельность правоохранительных органов.

Наряду с недостатками, характерными только для определенных силовых органов, также определены общие проблемные направления, которые напрямую влияют на эффективность работы.

По результатам анализа выработаны конкретные предложения по устранению недостатков, отработку которых ответственные государственные органы должны будут обеспечить в кратчайший срок.

О принимаемых мерах, имеющихся результатах и соответствующих выводах будет доложено Главе государства.
Контроль за надлежащим исполнением поручения и в дальнейшем будет обеспечиваться Администрацией Президента.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️




Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы


Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 5) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жаңғырту және арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын.
3. Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
11 наурыздағы № 552 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)» деген жол алып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Қызмет туралы ереженің жобасын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Агенттік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлық жобасын енгізсін.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екі ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы Жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.
10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

№927

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ О мерах по совершенствованию системы государственного управления


В соответствии с подпунктом 5) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях модернизации и повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:
1. Реорганизовать Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) путем присоединения к Комитету национальной безопасности Республики Казахстан.
2. Образовать ведомство Комитета национальной безопасности Республики Казахстан – Службу по противодействию коррупции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Служба).
3. Передать Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы функции и полномочия реорганизованного Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) по формированию и реализации антикоррупционной политики, координации в сфере противодействия коррупции, минимизации причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, а также формированию антикоррупционной культуры.
4. Определить Комитет национальной безопасности Республики Казахстан и Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы правопреемниками прав и обязательств Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы)
в соответствии с передаваемыми функциями и полномочиями.
5. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 552 «Об утверждении Положения об Администрации Президента Республики Казахстан» следующее изменение:
в Перечне государственных органов, непосредственно подчиненных
и подотчетных Президенту Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
строку «Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба)» исключить.
6. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан
в месячный срок внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан:
1) проект Положения о Службе;
2) совместно с Правительством Республики Казахстан и Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы предложения по перераспределению штатной численности реорганизованного Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) в соответствии с передаваемыми функциями и полномочиями.
7. Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы в месячный срок внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа о внесении изменений и дополнений в Положение об Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы.
8. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан и Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы в двухмесячный срок принять иные меры по реализации настоящего Указа.
9. Правительству Республики Казахстан в срок до 1 сентября 2025 года разработать и внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект закона, вытекающий из настоящего Указа.
10. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
11. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.


Президент Республики Казахстан К.Токаев

№
927

t.me/aqorda_resmi
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇩Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Демократической Республики Конго

🇰🇿🇨🇩Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил Феликса-Антуана Чисекеди Чиломбо с Днем независимости.

– Сегодня Демократическая Республика Конго добивается значительного прогресса в укреплении государственности, повышении благосостояния граждан и авторитета на международной арене. Уверен, что благодаря Вашей дальновидной политике и конструктивным инициативам страна достигнет новых высот, – говорится в телеграмме.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.
❤1
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Глава государства выразил благодарность бывшему председателю Агентства по противодействию коррупции Асхату Жумагали за активную и продуктивную работу.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

✔️Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

✔️Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.

✔️Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял генерального секретаря Шанхайской организации сотрудничества Нурлана Ермекбаева

✔️На встрече были обсуждены перспективы дальнейшего развития взаимодействия в рамках ШОС.

✔️По словам Касым-Жомарта Токаева, Казахстан придает особое значение укреплению роли ШОС как эффективной и сбалансированной международной организации, способной оперативно реагировать на современные вызовы мировой политики.

✔️Президент высоко оценил текущее председательство Китая в ШОС и выразил поддержку дальнейшему совершенствованию механизмов Организации.

✔️Кроме того, была рассмотрена реализация ключевых приоритетов, выдвинутых Казахстаном в рамках ШОС.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

🇰🇿🇨🇦Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Глава государства поздравил Генерал-губернатора Канады

🇰🇿🇨🇦Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму поздравления Генерал-губернатору Мэри Саймон по случаю национального праздника – Дня Канады.

Президент Казахстана отметил, что этот знаменательный день свидетельствует об единстве и сплоченности канадского народа, а также служит основой для устойчивого развития страны и обеспечения высокого уровня жизни граждан.

Глава государства пожелал Генерал-губернатору успехов в ее ответственной деятельности, а народу Канады – благополучия и процветания.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🤯1