Esentai INFO
12K subscribers
222 photos
77 videos
285 links
Доступный формат актуальных новостей Казахстана.
Связь: @bot_admin_feedback
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды

🟦Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

🟦Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства посетил штаб-квартиру СВМДА в Астане

🟦Президент Казахстана принял участие в торжественной церемонии открытия штаб-квартиры Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии, которая состоялась в Астане.

🟦Касым-Жомарт Токаев и Генеральный секретарь СВМДА Кайрат Сарыбай торжественно открыли памятную табличку головного офиса Организации. Затем рота почетного караула подняла флаг СВМДА.

🟦Глава государства ознакомился с новой штаб-квартирой, в том числе с рабочими кабинетами, зоной open space, офисом переводчиков, залом председательства и музейно-библиотечным пространством.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент іс-шараға жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, еліміздегі дипломатия саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

– Бабаларымыз ғасырлар бойы «дала дипломатиясымен» өмір сүрген. Халқымыздың мәмілегерлік дәстүрінің арқасында Ұлы далада бейбіт өмірдің ерекше үлгісі қалыптасқан. Құрмет пен сыйластық қашанда қастерлі құндылық ретінде бағаланған. Ертеден келе жатқан осы қағида – сыртқы саясатымыздың мызғымас тірегі әрі айнымас темірқазығы, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Президент Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес штаб-пәтерінің ашылуын шын мәнінде елеулі тарихи уақиға ретінде атап өтті.

– Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құру бастамасын көтерді. Бұл халықаралық қоғамдастық тарапынан тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолында өңір елдерінің күш-жігерін біріктіру үшін дер кезінде жасалған қадам ретінде кең қолдауға ие болды. Біз әуел баста тек ынтымақтастық, өзара түсіністік пен диалог арқылы ғана бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, өсіп-өркендей алатынымызға сендік. Ұйымның сенім шараларын нығайту қағидаты қазіргі заманда аса өзекті. Азияның 90 пайызын қамтитын және әлем халқының жартысынан астамын біріктіретін АӨСШК халықаралық қатынастардың дамып келе жатқан архитектурасындағы маңызды элементке айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🟦Президент геосаяси шиеленістің өршуі мен көпжақтылық қағидаттарының әлсіреуі өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа едәуір қауіп төндіретініне назар аударды.

– Әлем бұрын-соңды болмаған күрделі үдерістермен бетпе-бет келіп отыр. Оны байыппен зерделеп, терең түсіну қажет. Шын мәнінде, халықаралық құқықтың негіздері біртіндеп күйреп, өздерін заң талаптарынан жоғары қоятын күштер пайда бола бастады. Мұндай жағдайда барлық елдің халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы қағидаттарын қатаң сақтап, ортақ нормаларды біржақты тәпсірлемеуі маңызды, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға ниетті.

– Менің Президент ретіндегі ұстанымым – елімізде заң мен тәртіп мызғымас қағидатқа айналуға тиіс. Жүргізілген реформалар нәтижесінде бейбіт жиналыстар туралы заң жетілдіріліп, саяси партияларды тіркеу шегі төмендетілді. Жала жабуды қылмыс санатынан шығарып, өлім жазасын алып тастадық. Аталған шаралар еліміздің демократия құндылықтарына, заң үстемдігіне әрдайым бейіл екенін көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Приветствуя участников мероприятия, Президент поздравил работников и ветеранов дипломатической отрасли страны с профессиональным праздником

– Наши предки издавна руководствовались принципами «степной дипломатии». Благодаря умению казахского народа вести открытый и дружеский диалог в Великой степи сформировалась уникальная модель мирного сосуществования. Уважение и взаимопонимание всегда были главными ценностными ориентирами. Эти принципы испокон веков остаются прочной опорой и неизменным вектором внешней политики Казахстана, – сказал он.


🟦Глава государства отметил, что открытие в столице Казахстана головного офиса СВМДА является поистине знаковым и историческим событием.

– Более трех десятилетий назад Казахстан инициировал создание Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии. Это благородное начинание получило широкую поддержку международного сообщества как своевременный шаг вперед для консолидации усилий по укреплению стабильности и безопасности в нашем регионе. Мы всегда были убеждены, что только развитие сотрудничества, взаимопонимания и диалога позволит достичь прочного мира, стабильности и процветания. В современных условиях как никогда актуален принцип СВМДА по укреплению доверия. Охватывая почти 90% Азии и представляя более половины населения мира, СВМДА является важным элементом развивающейся архитектуры международных отношений, – напомнил Президент.


🟦Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что нарастание геополитической напряженности и ослабление принципов многосторонности представляют собой вызовы как для региональной, так и для глобальной стабильности.

– Мир сталкивается с чрезвычайно сложными и беспрецедентными процессами, которые требуют серьезного осмысления и глубокого понимания. По сути, происходит постепенная эрозия самих основ международного права – сила ставится выше принципов закона. В таких реалиях крайне важно, чтобы все страны неукоснительно придерживались принципов международного права и Устава ООН, не прибегая к предвзятой интерпретации его норм, – заявил он.


🟦По словам Касым-Жомарта Токаева, Казахстан привержен последовательной реализации масштабных политических и экономических реформ.

– Как Президент я убежден, что в нашей стране должен быть незыблем принцип «Закон и Порядок». Благодаря предпринятым преобразованиям усовершенствован закон о мирных собраниях, снижен порог регистрации политических партий, декриминализована клевета и отменена смертная казнь. Эти меры наглядно демонстрируют нашу твердую приверженность ценностям демократии и верховенству закона, – добавил он.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1