Esentai INFO
12K subscribers
222 photos
77 videos
285 links
Доступный формат актуальных новостей Казахстана.
Связь: @bot_admin_feedback
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы елімізде энергетика, көлік және цифрландыру салаларындағы инфрақұрылымды жаппай дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды

– Қазақстан халықаралық серіктестермен бірге теміржол және автокөлік дәліздерін, теңіз порттарын, жалпы транзит және логистика саласын жаңғыртуды белсенді түрде қолға алды. Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырғымыз келеді. Өйткені жасанды интеллект өсімі инновация мен цифрлық дербестіктің негізгі қозғаушы күші болады. Осы стратегиялық маңызы зор салаға күш-жігерімізді жұмылдыру үшін Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрдық. Көп ұзамай қуатты суперкомпьютерді іске қосамыз, – деді Президент.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын жаңғыртуды тағы бір стратегиялық бағыт ретінде атады. Ел экономикасын әртараптандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аталған саланың ықпалы зор.

– Біз жаһандық қосылған құн тізбегімен толық интеграцияланған, сондай-ақ климат пен орнықты даму саласындағы мақсаттарға сай келетін тұрақты экономиканың негізін қалап жатырмыз. Бұл ұзақмерзімді мақсатқа жету үшін халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық құруға мүдделіміз. Орайлы сәтті пайдаланып, осы маңызды бастаманы жүзеге асыруға үлес қосқан дипломаттар қауымының айрықша рөлін атап өткім келеді, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барша АӨСШК қатысушыларына табыс тілеп, Ұйымға жоғары деңгейде төрағалық жасағаны, диалогты нығайтудағы өлшеусіз күш-жігері, АӨСШК-нің институттық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстанның сенімді досы – Әзербайжан еліне алғыс айтты.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Отдельно Глава государства остановился на усилиях страны по масштабному развитию инфраструктуры в сферах энергетики, транспорта и цифровизации

– В Казахстане совместно с международными партнерами активно модернизируются железнодорожные и автомобильные дороги, морские порты, транзитная и логистическая отрасли. Цифровая трансформация и искусственный интеллект являются залогом конкурентоспособности страны. Мы стремимся превратить Казахстан в цифровое государство, в котором искусственный интеллект становится ключевым двигателем роста, инноваций и цифрового суверенитета. В целях консолидации усилий в этой стратегически важной сфере мы создали Совет по развитию искусственного интеллекта и запускаем мощный суперкомпьютер, – заявил Касым-Жомарт Токаев.


🟦Еще одним стратегическим направлением Президент назвал модернизацию сельского хозяйства, которая продолжает способствовать экономической диверсификации и продовольственной безопасности.

– Мы строим устойчивую экономику, которая полностью интегрирована в глобальные цепочки добавленной стоимости и соответствует целям в области климата и устойчивого развития. Для достижения этих долгосрочных целей мы привержены тесному сотрудничеству с нашими международными партнерами. Пользуясь случаем, хотел бы подчеркнуть особую роль дипломатического сообщества в содействии реализации этой важной стратегии, – подытожил Глава государства.


✔️В завершение Касым-Жомарт Токаев пожелал успехов всем участникам СВМДА и выразил искреннюю признательность Азербайджану, надежному другу Казахстана, за высокий уровень председательства в Организации и неустанные усилия по укреплению диалога, доверия и партнерства, а также вклад в институциональное развитие СВМДА.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

➤ Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.

➤ Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады.

➤ Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.

➤ Мемлекет басшысына егіс науқанының аяқталуы және жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы жөнінде айтылды. Еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 миллион гектарды құрады. Шаруаларға толық көлемде қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4 пайызға өсті. Барлық өңірде оң динамика тіркелді.

➤ Сонымен қатар энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат берілді.

❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады ➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп…
Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова

➤ Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет о принимаемых мерах по диверсификации и структурной модернизации экономики для обеспечения устойчивого социально-экономического развития страны.

➤ В рамках исполнения поручений Главы государства реализуются 45 крупных промышленных проектов на общую сумму инвестиций свыше 2,3 трлн тенге с созданием порядка 20 тыс. рабочих мест.

➤ Премьер-министр доложил о принимаемых мерах по исполнению задач, поставленных Президентом в ходе заседания Совета безопасности в транспортной отрасли.

➤ Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о прохождении вегетационного периода. Обеспечение потребностей аграриев водными ресурсами и удовлетворение нужд сельского хозяйства находятся на постоянном контроле, внедряются водосберегающие технологии, а также работают региональные штабы.

➤ Главе государстве сообщили о завершении посевной кампании и подготовке к уборке урожая. Общая посевная площадь по стране составила 23,7 млн га, меры поддержки аграриев оказываются в полном объеме. С начала года валовый выпуск продукции и услуг в сельском, лесном и рыбном хозяйствах вырос на 4%, положительная динамика зафиксирована во всех регионах.

➤ Кроме того, была представлена информация о ходе модернизации энергетической, коммунальной инфраструктуры и цифровой трансформации.

❗️По итогам встречи Президент дал ряд поручений по дальнейшим институциональным преобразованиям в экономике, развитию регионов и привлечению инвестиций.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

✔️Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

✔️Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

❗️Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады ✔️Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар…
Глава государства принял министра транспорта Нурлана Сауранбаева

✔️В ходе встречи обсуждены меры по дальнейшему укреплению транзитно-транспортного потенциала страны.

✔️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность активного развития сетей автомобильных дорог и авиахабов для наращивания объемов грузовых перевозок через Казахстан. Отдельное внимание уделено своевременной реализации масштабных инфраструктурных проектов в железнодорожной сфере.

✔️В целях увеличения доли транспортно-логистического сектора в ВВП перед министром обозначена задача по анализу сдерживающих факторов и пересмотру подходов в отрасли.

❗️Президент поручил принять комплекс эффективных мер для расширения пропускной способности транзитных коридоров и укрепления позиций Казахстана в качестве ключевого торгово-логистического узла Евразии.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
 
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.
 
Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
 
– Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады   🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.   Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының…
✉️Глава государства поздравил Президента США
 
🇰🇿🇺🇸Президент Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму Президенту Дональду Трампу по случаю Дня независимости Соединенных Штатов Америки.
 
В своем послании Глава государства подчеркнул, что этот знаменательный день символизирует стойкость и силу духа американского народа, его неизменную приверженность принципам свободы и демократическим ценностям.
 
– Я вновь подтверждаю свое стремление к дальнейшему развитию двустороннего расширенного стратегического партнерства, а также выражаю готовность к углублению многостороннего взаимодействия на благо наших народов, – говорится в телеграмме.

 
Касым-Жомарт Токаев пожелал Дональду Трампу успехов в его государственной деятельности.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇩🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇩🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент Алжир…
✉️Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Алжира Абдельмаджиду Теббуну

🇰🇿🇩🇿 Касым-Жомарт Токаев поздравил Абдельмаджида Теббуна и его соотечественников с национальным праздником Алжирской Народной Демократической Республики – Днем независимости.

Президент Казахстана пожелал дальнейшего процветания Алжиру, а также выразил уверенность в том, что казахско-алжирское партнерство, основанное на узах традиционной дружбы и взаимопонимания, будет и впредь укрепляться на благо двух народов.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Роман Юрьевич Василенко
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ержан Иракұлы Елекеев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.


✍️ Указами Главы государства
:

Василенко Роман Юрьевич
назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Королевстве Бельгия, Главой Представительства Республики Казахстан при Европейском Союзе и в Организации Североатлантического договора (НАТО), он освобожден от ранее занимаемой должности;

Елекеев Ержан Иракович
назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Государстве Кувейт.

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Исетов Арман Аскарович назначен заместителем Министра иностранных дел Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.


✍️ Указами Главы государства:

Баймухан Маргулан Бакытулы освобожден от должностей Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Королевстве Бельгия, Главы Представительства Республики Казахстан при Европейском Союзе и в Организации Североатлантического договора (НАТО), Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Великом Герцогстве Люксембург по совместительству;

Бердыбай Азамат Рахманкулулы освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Государстве Кувейт;

Исетов Арман Аскарович освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Королевстве Таиланд.

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев поздравил Нурсултана Назарбаева с юбилеем

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил Первого Президента Нурсултана Назарбаева с 85-летием.

В поздравительном письме Главы государства отмечаются исторические заслуги юбиляра, стоявшего у истоков современной казахской государственности и внесшего огромный вклад в становление и развитие Республики Казахстан.

Президент также подчеркнул важное значение решения Первого Президента о переносе столицы Казахстана для развития экономики и укрепления международного авторитета нашего государства.

Касым-Жомарт Токаев пожелал Первому Президенту здоровья.

t.me/aqorda_resmi
❤5🤬3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Астана күні құтты болсын!

Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.

Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.

Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі.

Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.

Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Днем столицы

Дорогие соотечественники!


Поздравляю вас с Днем столицы!

Глубоко символично, что в текущем году праздник совпал с Днем домбры. Этот древний музыкальный инструмент является ярким олицетворением уникального тысячелетнего культурного наследия Великой степи. В то время как Астана стала зримым воплощением динамичного, поступательного прогресса Казахстана и созидательных устремлений нашей нации в будущее.

Сегодня столица – это центр общественной, политической и деловой жизни нашего государства, в котором принимаются судьбоносные решения и обретают реальность невероятные идеи и смелые мечты. Здесь утверждается культ знаний и труда, укрепляется общенациональное единство и согласие.

Жемчужина Центральной Евразии, Астана превратилась в бренд современного Казахстана и получила международное признание в качестве востребованной площадки глобального диалога и миротворческих инициатив.

Столица всегда была в эпицентре кардинальных изменений и масштабных реформ. Уверен, на пути построения Справедливого, Чистого и Сильного Казахстана она сохранит свои флагманские позиции, неизменно выступая в авангарде всеобъемлющих преобразований.

Пусть наш любимый город процветает и становится еще краше! Желаю всем согражданам здоровья, счастья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Астана күні құтты болсын!

С днем столицы!


t.me/aqorda_resmi