Esentai INFO
12K subscribers
222 photos
77 videos
285 links
Доступный формат актуальных новостей Казахстана.
Связь: @bot_admin_feedback
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев поздравил Нурсултана Назарбаева с юбилеем

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил Первого Президента Нурсултана Назарбаева с 85-летием.

В поздравительном письме Главы государства отмечаются исторические заслуги юбиляра, стоявшего у истоков современной казахской государственности и внесшего огромный вклад в становление и развитие Республики Казахстан.

Президент также подчеркнул важное значение решения Первого Президента о переносе столицы Казахстана для развития экономики и укрепления международного авторитета нашего государства.

Касым-Жомарт Токаев пожелал Первому Президенту здоровья.

t.me/aqorda_resmi
❤5🤬3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Астана күні құтты болсын!

Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.

Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді.

Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі.

Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін.

Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Днем столицы

Дорогие соотечественники!


Поздравляю вас с Днем столицы!

Глубоко символично, что в текущем году праздник совпал с Днем домбры. Этот древний музыкальный инструмент является ярким олицетворением уникального тысячелетнего культурного наследия Великой степи. В то время как Астана стала зримым воплощением динамичного, поступательного прогресса Казахстана и созидательных устремлений нашей нации в будущее.

Сегодня столица – это центр общественной, политической и деловой жизни нашего государства, в котором принимаются судьбоносные решения и обретают реальность невероятные идеи и смелые мечты. Здесь утверждается культ знаний и труда, укрепляется общенациональное единство и согласие.

Жемчужина Центральной Евразии, Астана превратилась в бренд современного Казахстана и получила международное признание в качестве востребованной площадки глобального диалога и миротворческих инициатив.

Столица всегда была в эпицентре кардинальных изменений и масштабных реформ. Уверен, на пути построения Справедливого, Чистого и Сильного Казахстана она сохранит свои флагманские позиции, неизменно выступая в авангарде всеобъемлющих преобразований.

Пусть наш любимый город процветает и становится еще краше! Желаю всем согражданам здоровья, счастья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Астана күні құтты болсын!

С днем столицы!


t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

С Национальным днем домбры!


t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет…
✉️Глава государства направил телеграмму соболезнования Президенту США Дональду Трампу

🇰🇿🇺🇸Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования в связи с разрушительными наводнениями в штате Техас, повлекшими многочисленные человеческие жертвы, в том числе среди детей.

Глава государства передал искренние соболезнования семьям погибших, а также пожелал скорейшего выздоровления всем пострадавшим.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр

Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев вместе с болельщиками наблюдает финальные бои Кубка мира по боксу, которые проходят во Дворце единоборств имени Жаксылыка Ушкемпирова

Кубок мира World Boxing в Казахстане собрал 250 боксеров из 29 стран. Это рейтинговое соревнование, в котором начисление очков влияет на олимпийскую квалификацию.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан және Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды

Бүгінге дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

t.me/aqorda_resmi