Esentai INFO
12K subscribers
222 photos
77 videos
285 links
Доступный формат актуальных новостей Казахстана.
Связь: @bot_admin_feedback
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысты

➤ Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді. Бүгінде үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін, қосымша қуаты сағатына 1100 Гкал болатын «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Биыл «Тұран» стансасының екінші кезегін толығымен аяқтау, сондай-ақ «Телман» стансасы мен екінші ЖЭО-ны кеңейту және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр. Бұл жобалардың барлығын жүзеге асыру 2035 жылға дейін жоспарланған қосымша жылу энергиясын алуға мүмкіндік береді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа үшінші ЖЭО-ның екінші кезегі аясында бу-газ қондырғысын орнату жоспары көрсетілді.

➤ Мемлекет басшысына үшінші ЖЭО-ның табиғи газбен жұмыс істеп, ең жоғары қуаты сағатына 440 Гкал өндіруге жететіні жөнінде баяндалды. Бұл жылу энергиясы шаһардың оңтүстік-батыс бөлігінің сұранысын өтейді. Қазіргі уақытта үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін қосымша отын қорымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

❗️Президент Астананың энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызына назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства ознакомился с деятельностью первой очереди ТЭЦ-3 Астаны

➤ Аким Астаны Женис Касымбек доложил Президенту о ходе развития энергетической инфраструктуры столицы. На сегодняшний день тепловые мощности города увеличены на 30% благодаря вводу первой очереди ТЭЦ-3, двух газовых тепловых станций «Туран» и «Юго-Восток» общей дополнительной производительностью 1100 Гкал в час. В текущем году планируется полностью завершить вторую очередь станции «Туран». Продолжится строительство станции «Тельмана» и будет начато расширение ТЭЦ-2, а также проектирование газовой тепловой станции «Юго-Запад». Реализация всех этих проектов позволит получить планируемый запас тепловой энергии до 2035 года.

➤ Касым-Жомарту Токаеву также был презентован план по строительству парогазовой установки в рамках второй очереди ТЭЦ-3.

➤ Глава государства был проинформирован, что ТЭЦ-3 работает на природном газе с выдачей максимальной мощности 440 Гкал в час. Выдаваемая тепловая энергия позволяет покрывать потребность юго-западной части столицы. В настоящее время ведутся работы по обеспечению первой очереди ТЭЦ-3 резервным источником топлива.

❗️Президент акцентировал внимание на важности дальнейшего развития энергетической инфраструктуры столицы.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

🟦Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.

🟦Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді.

🟦Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді.

🟦Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев принял участие в запуске суперкомпьютера

🟦Глава государства посетил Национальный суперкомпьютерный центр Аlemcloud, где принял участие в церемонии запуска суперкомпьютера на базе графических процессоров NVIDIA H200.

🟦Установка и запуск системы состоялись в новом дата-центре министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности совместно с международными партнерами.

🟦Новый суперкомпьютерный кластер способен обеспечить производительность до 2 экзафлопс по методике расчета в формате FP8, что делает его самым мощным вычислительным решением в Центральноазиатском регионе.

🟦Касым-Жомарт Токаев отметил, что запуск суперкомпьютера станет важным шагом в цифровизации ключевых отраслей.

🟦Суперкомпьютер позволит Казахстану добиться значительного прогресса в развитии цифровых технологий. Доступ к высокопроизводительным вычислениям получат стартапы, занимающиеся разработкой нейросетевых решений, университеты, научные центры, а также государственные и частные компании.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤔1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды.

Атап айтқанда:

✔️SmartCity Astana жобасы инновациялық технологияларды енгізу арқылы қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Жасанды интеллектіні қолданатын 100 мыңнан аса бейнебақылау камерасы іске қосылып, елорданың цифрлық сыңары жасалады. Бұл қоғамдық орындардағы ықтимал тәуекелдерді онлайн-режимде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жобаны жеке серіктес толығымен қаржыландырады.

✔️AlemLLM жобасы – дәлдігі жоғары қазақ тілінің үлкен тіл моделі. Жергілікті қолданысқа бейімделген. Модель балама шешімдердің арасында үздік көрсеткіштерге ие және түрлі салада кеңінен қолданысқа арналған.

✔️AI Kitap жобасы – цифрлық AI-оқулықтарға арналған платформа. Әр оқушының білім деңгейіне, сабақ үлгеріміне және жеке талғамына қарай оқыта алады.

✔️Baspana Hub – азаматтардың тұрғын үйге сұраныстарын онлайн түрде шешуге арналған цифрлық экожүйе. Жүйе арқылы маркетплейстен үй іздеп, сатып алуға, жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға, жөндеу жұмыстарының немесе құрылыс материалдарының онлайн-сметасына тапсырыс беруге болады. Жоба сырттан қаржы, инвестиция тартпай жүзеге асырылған.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства ознакомился с отечественными AI проектами

✔️В ходе посещения Национального суперкомпьютерного центра Президенту Касым-Жомарту Токаеву были представлены отечественные IT-решения в сферах MedTech, EdTech, GovTech и промышленности.

В частности:

✔️Проект SmartCity Astana, направленный на повышение качества жизни в городе путем внедрения инновационных технологий. Предусмотрено создание цифрового двойника столицы с подключением более 100 тысяч камер общего видеонаблюдения с применением ИИ. Это позволит в онлайн-режиме выявлять потенциальные риски в общественных местах и повышать оперативность реагирования. Проект полностью финансируется за счет средств частного партнера.

✔️AlemLLM – казахоязычная большая языковая модель с высокой точностью, адаптированная для локального развертывания. Модель демонстрирует лучшие показатели среди аналогичных решений и предназначена для широкого применения в различных сферах.

✔️AI Kitap – платформа для цифровых AI-учебников, обеспечивающая персонализированное обучение с учетом уровня знаний, успеваемости и индивидуальных предпочтений каждого учащегося.

✔️Baspana Hub – цифровая экосистема для комплексного решения жилищных и иных сопутствующих запросов граждан в онлайн-формате. Благодаря системе можно найти и приобрести недвижимость через маркетплейс, получить госуслуги, связанные с недвижимостью, заказать ремонт или строительные материалы посредством онлайн-сметы и другие услуги. Проект реализован без привлечения внешнего финансирования и инвестиций.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✔️Biny.co – жүк тасымалы саласындағы отандық стартап. Команда Google for Startups – Silkway Accelerator бағдарламасына қатысып, үздік үштікке енген. Өнімді тұтынушылар қатарында QazPost, Coca-Cola, Gorilla Asia және Zeta Trade компаниялары бар.

✔️Surfaice.pro – Кремний алқабындағы қазақстандықтар негізін қалаған технологиялық компания. Стартап құрылыс саласына арналған инновациялық шешімдер әзірлеумен айналысады. АҚШ-тың бес штатында жұмыс істейді. Компания Big Sky Capital және Shadow Ventures қорларынан 1,5 миллион доллар инвестиция тартқан.

✔️OlympIQ – спорт саласын дамытуға арналған технологиялық платформа. Жүйе ЖИ көмегімен талдамалық, операциялық, медициналық және ұйымдық деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

✔️Орман өртін алдын ала анықтау жүйесі өртке қарсы әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, апаттың ауқымы мен шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Жоба бейнемониторинг, бейнеталдау және жасанды интеллект технологиялары негізінде жұмыс істейді. Аталған жүйе «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ертіс орманы» резерватына енгізілген.

✔️AI-хаттама агенті – мемлекеттік органдардағы жиналыстың аудиожазбалары негізінде транскрипция жасап, хаттама дайындайтын жасанды интеллект қызметі. Жоба құжат айналымын жеделдетуге, қол еңбегін азайтып, ақпараттың нақтылығы мен сақталуын жақсартуға бағытталған.

✔️AI-Терапевт – дауыс арқылы енгізілген ақпарат негізінде медициналық құжаттаманы автоматты түрде әзірлейтін ЖИ жүйесі. Аталған жоба сырқаттың анамнезін қалыптастырып, ықтимал диагнозды алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ тиісті клиникалық ұсынымдары бар медициналық есепті автоматты түрде құрастырады.

✔️ЖИ қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру (PACS жүйесі) жобасы онкологиялық ауруларды ерте кезеңінде анықтауға арналған. Бұл жүйе медициналық кескіндерді сақтап, өңдеуге мүмкіндік береді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✔️Biny.co – отечественный стартап в сфере грузоперевозок. Команда участвует в акселерации Google for Startups – Silkway Accelerator и входит в топ-3 стартапов программы. Среди клиентов такие компании, как QazPost, Coca-Cola, Gorilla Asia, Zeta Trade.

✔️Surfaice.pro – технологическая компания, основанная фаундерами из Казахстана в Кремниевой долине. Стартап разрабатывает инновационное решение для строительной отрасли и уже работает в 5 штатах США. Стартап привлек $1,5 млн от Big Sky Capital и Shadow Ventures.

✔️OlympIQ – технологическая платформа для развития спорта, которая позволяет обрабатывать аналитические, операционные, медицинские и организационные данные с помощью ИИ.

✔️Система раннего обнаружения лесных пожаров позволяет значительно сократить время реагирования на очаги возгорания и соответственно уменьшить масштаб и ущерб от пожаров. Она основана на видеомониторинге, видеоаналитике и технологиях искусственного интеллекта. Проект внедрен в Государственном национальном природном парке «Бурабай» и лесном резервате «Ертіс орманы».

✔️AI-агент по протоколированию – ИИ-сервис для транскрибации и подготовки протоколов по аудиозаписям совещаний в государственных органах. Проект направлен на ускорение документооборота, снижение ручного труда, повышение точности и сохранности информации.

✔️AI-Терапевт – ИИ-система для автоматического формирования медицинской документации по голосовому вводу. Система способна формировать анамнез заболевания, определять вероятные предварительные диагнозы, а также автоматически генерировать медицинский отчет с соответствующими клиническими рекомендациями.

✔️Проекты по централизации радиологических исследований (PACS) с применением ИИ по раннему выявлению онкологических заболеваний. Данная система позволяет хранить и обрабатывать медицинские изображения.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1