13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға кірмек болған рэпер NAVAI ұсталды. Тексеру кезінде күдіктінің көлігінен есірткі заты табылған.
Аталған факті бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1😱1🥴1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😍 Король Филипп пен патшайым Матильданың кортежін Tesla Cybertruck бастап жүрді
Алматы көшелерінде Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданың кортежі көзге түсті. Колоннаның алдында ерекше дизайнымен танымал Tesla Cybertruck электропикапы жүрді.
Кортеж құрамында полиция көліктері, Mercedes-Benz G-Class жол талғамайтын көліктері мен Sprinter шағын автобустары да болды.
Видео: sayazhan.realtor

Ұшақта астаналық тұрғынның 1,6 млн теңгесін ұрлап кеткен
Астана әуежайына «Чунцин – Бейжің – Астана» бағыты бойынша ұшып келген 41 жастағы қала тұрғыны 3 600 АҚШ долларының жоғалғаны туралы полицияға арызданған.
Көлік полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушімен бір рейспен ұшып келген және оның артында отырған шетел азаматы болып шықты.
📌Күдікті елордадағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Тінту кезінде одан ұрланған 3 600 доллар толық көлемде тәркіленді. Ол кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Атырау қаласындағы Ұлытау көшесінде жылқы ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен.
Құтқарушылар арнайы техника мен құралдардың көмегімен жануарды аман алып шықты.
Жылқы зардап шеккен жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👏 Теміржол ардагерін әріптестері ерекше құрметпен зейнетке шығарып салды
Теміржол саласында 20 жыл еңбек еткен ардагерді әріптестері құрметпен зейнетке шығарып салды.
Ерекше сәт желіде таралып, қолданушылар ардагерге ақ тілегін арнап, зейнет жасына сәттілік тіледі.
https://t.me/eurasia1tvkz

👍3❤1🔥1👏1
19–22 қазан аралығында «Горельник» визит-орталығы маңында су өткізу құбырларын орнату жұмыстарына байланысты автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы толық тоқтатылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруді сұрайды.
https://t.me/eurasia1tvkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді
Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергеніне назар аударды.
Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды. Оның пікірінше, еліміздің көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады.
Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.
Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.

👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Оқуға түсіп, жатақханадан орын таба алмай жүрген студенттер азайды
Соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш 82 мыңнан 5 мыңға дейін төмендеді. Осы уақыт ішінде шәкірттер үшін 267 жатақхана есігін айқара ашты. Нәтижесінде 66 мыңнан астам жаңа орын пайдалануға берілді. Дегенмен орын жетпей жатқан жастар әлі де бар. Ғылым және жоғары білім министрлігі өзге өңірден келгендерді жататын жермен қамтуды басты міндет санап отыр. Сондықтан алдағы уақытта да студенттер үйінің құрылысы тоқтамайды. Жауаптылар бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек.

В Алматы задержали женщину с пистолетом и пятью патронами
Оружие у нее нашли сотрудники подразделения по противодействию наркопреступности в Жетысуском районе. Женщина заявила, что нашла пистолет за час-два до этого на бетонном ограждении спуска к реке Есентай. Оружие и боеприпасы изъяли. Теперь полицейским предстоит выяснить его настоящее происхождение.

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.

– Қазақстан үшін Кеңестің маңызы ерекше. Еліміз отыз жылдан аса уақыт бұрын кең байтақ өңірде өзара сенімді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізу мақсатында осы форумды құру жөнінде бастама көтерген болатын. Содан бері АӨСШК өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мүше мемлекеттерді ортақ іске жұмылдырып келеді. Бастапқыда Азиядағы қауіпсіздікті сақтап, сенімді нығайтуды көздейтін жалпыға ортақ тікелей диалог форматында құрылған бұл алаң бүгінде бірегей форумға айналды. Ұйымға мүше елдер Азия құрлығының шамамен 90 пайызын қамтиды. Мұнда Жер шары тұрғындарының жартысынан астамы өмір сүреді. Халықаралық институттардың көбінде мұндай әлеует жоқ, – деді Мемлекет басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Әзербайжан Кеңеске төрағалық еткен кезеңде нақты бастамаларды ілгерілетуге және Ұйымның халықаралық беделін күшейтуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.
🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда тапанша ұстап көше кезген әйел ұсталды
Кешқұрым Райымбек даңғылында ерсілі-қарсылы жүрген келіншек полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. Іс-қимылы күдік туғызған соң, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тінту жүргізген. Сөйтіп, одан тапанша мен бес оқ тәркілеген. Ал күдікті болса оларды Есентай өзеніне түсетін бетон қоршаудың үстінен тауып алғанын айтып ақталыпты. Тәртіп сақшылары қарудың шын мәнінде қайдан алынғанын анықтап жатыр.