Первый канал Евразия
4.77K subscribers
10.5K photos
27.5K videos
6 files
12.5K links
Добро пожаловать на официальную страницу Первого канала Евразия в Telegram!

«Еуразия» Бірінші арнасының Telegram парақшасына қош келдіңіз!
Download Telegram
🇰🇿🇴🇲Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды
 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарға орталық жұмысының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды.

АХҚО ашылғаннан бері Қазақстанға 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталықта 90 елден 6600-ден астам компания тіркелген.
🇰🇿🇴🇲Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі
 
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде өзара сенім мен түсіністік сипатында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздердің ашық, объективті әрі шын мәнінде мазмұнды болғанын айтты.
🇰🇿🇴🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты елорда әуежайынан шығарып салды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көкшетауда жүріп бара жатқан көліктен бала құлап кетті

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші мектептің тұрағына жақындаған сәтте сыртқа асыққан оқушы есікті ашып, жолдың жиегіне домалап түскен. Тексеру кезінде баланың жасына сай арнайы қауіпсіздік құралының болмағаны анықталды. Көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қатаң ескерту алды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл тұрғындары клубқа баруға қорқады

Бұл қаладағы көңіл көтеретін клуб емес, шалғайдағы елді мекендердің рухани ордасына айналған мәдениет үйі. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарасты Жабасақ ауылының халқы мәдени нысанға кіруге жүрексінеді екен. Өйткені үш жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен ғимараттың қабырғасына түскен сызат ұлғайып барады. Төбесі де қорқынышты. Аса бір көне нысан емес, 1990 жылы салынған. Концерт көріп отырғанда үстімізге құлап қала ма деп алаңдап отыр. Тезірек бұл олқылықтарды жоймаса, мердігер компания кепілдік мерзімі бітті деп ұстатпай кете ме деген ойларын да жасырмады. Дегенмен аудандық мәдениет үйіндегілер алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Осы әріп танып, жазу білетіннің бәрі сауатын Ыбықтысайда сынап көргісі келетіндей болып көрінеді кейде

Әйтпесе табиғаттың әсем туындысына айналған шатқалды бүлдіруге адамның дәті қалай барады? Әлеуметтік желіде тағы бір видео тарады. Онда жартасты қашап тұрған ер адамды көруге болады. Не деп жазғысы келгені бізге беймәлім. Бірақ бұл әрекеті дүйім жұрттың шамына тиді. Көп ұзамай тәртіпсіздік жасаған вандалды полицейлер іздеп тауыпты. 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области школьник погиб после избиения

В Жамбылской области 15-летний подросток пошёл играть в футбол и не вернулся. Его убили. Подозреваемый - старшеклассник. Что стало причиной трагедии? Почему родители погибшего хотят простить обвиняемого школьника? 
🤔1🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
I am Jane Doe: казахстанцы рассказывают о пережитом насилии

Без лица, фамилии и даже собственной истории. Есть только имя — Jane Doe. Сегодня оно стало символом для тех, кто решился заговорить о пережитом насилии. Флешмоб «I am Jane Doe» начался в США, а затем добрался и до Казахстана. В соцсетях люди стали публиковать истории, о которых годами боялись говорить вслух. Что заставило их нарушить молчание? И почему история, случившаяся далеко за океаном, отозвалась в казахстанском интернете? 
😢1😭1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Наводнения и оползни обрушились на несколько стран

Проливные дожди и наводнения охватили сразу несколько стран. Вода затапливает дома, дороги и целые районы, оставляя людей без возможности спастись. В Дакаре и Испании стихия привела к гибели людей, а в Непале и Индии население страдает от оползней.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🐐Аргентина футбол аңызын шығарып салды

Мыңдаған жанкүйер Аргентина құрамасындағы соңғы ойынында Лионель Мессиді көру үшін жиналды.

💋Олар капитанға аргентиналық футболға сыйлаған жылдары мен естен кетпес сәттері үшін алғыс білдіріп, сүйікті ойыншысымен қоштасты.

⚽️Бенинге қарсы өткен бұл кездесу Лионель Мессидің Аргентина ұлттық құрамасы сапындағы соңғы ойыны болды. Матч барысында жанкүйерлер 10-нөмірлі футболшыға ерекше құрмет көрсетіп, оны ұзақ уақыт бойы қошеметпен шығарып салды.

Аргентина футболының дәуіріне айналған Месси ұлттық құрамадағы мансабын жанкүйерлерінің ыстық ықыласымен аяқтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СІМ қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында жүрген азаматтарды елге қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Министрліктің жедел желісіне түсіп жатқан өтініштер тексеріліп, содан кейін қазақстандықтардың тізімі Ресей тарапына жолданады.

Әлеуметтік желілерде елге оралғысы келетінін айтып, бейнеүндеу жариялаған азаматтарды қайтару бойынша да Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

ҚР СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапымен түрлі деңгейде тұрақты байланыс орнатқанын хабарлады.
Құрылтай мемлекеттік наградалар туралы заң жобасын мақұлдады

Құрылтай депутаттары мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградаларды толықтыруды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, отандық музыка мен ән өнерін дамытуға үлес қосқан азаматтарға берілетін «Шәмші Қалдаяқов» медалін енгізу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ бейнелеу өнерін дамытуға еңбек сіңірген қайраткерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын беру ұсынылды.

https://t.me/eurasia1tvkz
🇰🇿V Азия Пара ойындарына Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 12 түрінен 150 спортшымен сынға түседі. Биыл ел спортшылары арбадағы теннистен алғаш рет бақ сынайды. Сондай-ақ пара жеңіл атлетика мен пара үстел теннисінен зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар да алғаш рет жарысқа қатысады.

📌Айта кетейік, V Азия Пара ойындарына 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында мешіт имамы балаларды аяусыз ұрып, қамшылаған

Діни сауатын ашпақ болған жасөспірімдер байқаусызда кітап сөресінің әйнегін сындырып алыпты. Ашуғa булыққан ұстаз қамшыны бүктеп, ұлдарды біртіндеп тұрып сабаған. Кейбірін қуып жүріп төмпештегені бейнебақылауға түскен. Қатал мұғалімнен қорыққандар «енді қайталамаймын» деп жанұшыра жалынған. Оқиға Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде болған. Ата-аналар жазғы демалыста балалары бос жүрмесін деп «Имани жаз» тегін курсына береді. Дін өкілінің бала сабағанын мешіттің наиб имамы да көріпті, бірақ басшылыққа жеткізбеген.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Халық кеңесінде маңызды шешім қабылданды

Төрт бірдей салалық комиссияның жаңа жетекшілері бекітілді. Елдің мәдениеті мен азаматтық бірегейлігін дамыту бағытын енді Рауан Кенжеханұлы қолға алса, жалпыұлттық бірлік мәселесіне Наринэ Микаелян жауап береді. Спорт пен әскери-патриоттық тәрбие комиссиясының тізгіні Ислам Байрамұқовқа тапсырылса, құқықтық мәдениет пен медиация бағытын Мәди Мырзағараев үйлестіреді. Сондай-ақ басқосуда комитеттің 2026-2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, сараптамалық кездесулер мен қоғамдық талқылаулар өткізу мәселесі пысықталды.
Мемлекет басшысы FIDE президенті Тимур Турловты қабылдады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
 
Мемлекет басшысы еліміз үшін шахматтың орны ерекше екеніне тоқталды. Шахмат спорттың бір түрі болуымен қатар өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытудың маңызды тетігі саналады.
 
Соңғы жылдары қазақстандық шахмат мектебі қарқынды дамып келе жатыр. Елімізде спорттың осы түрімен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.

 Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловтың жауапты қызметіне табыс тіледі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Водителей предупредили об ухудшении погоды 7 октября

КазАвтоЖол предупреждает водителей об ухудшении погоды 7 октября. Дождь со снегом ожидается в Алматинской и Восточно-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетісу. Возможны осложнения на дорогах и снижение видимости. Водителей призывают соблюдать скоростной режим и учитывать погодные условия при поездках. Напомню, информацию о ситуации на трассах можно получить по номеру 1403.
🇰🇿🇬🇧Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарварды қабылдады
 
📌 Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.
 
Мемлекет басшысы еліміз Біріккен Корольдікпен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті.
 
Президенттің айтуынша, Біріккен Корольдік Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады.

Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 83 пайызға артып, 1,6 миллиард доллардан асты. Елімізде 500-ден астам британиялық компания қызмет етеді.