Первый канал Евразия
4.77K subscribers
10.4K photos
27.5K videos
6 files
12.5K links
Добро пожаловать на официальную страницу Первого канала Евразия в Telegram!

«Еуразия» Бірінші арнасының Telegram парақшасына қош келдіңіз!
Download Telegram
🤖 Қазақстан робототехникадан әлемнің үздік төрттігіне енді

🇰🇿 Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында 185 елдің арасынан 4-орын алды.

Отандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-оффқа шықты.

🏆 Құрама сапында Алматының №92 мектеп-лицейі мен №159 гимназиясының оқушылары өнер көрсетті. Бұған дейін Қазақстан командасы чемпионатта төрт жыл қатарынан жеңімпаз атанған еді.
Мемлекет басшысы Премьер-министрмен  және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді
 

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті.

🗣️Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялар барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

📌Кездесу қорытындысы бойынша Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.
 
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Ұшақ бортында пауэрбанк өртенді

11 қазан күні Делиден Ченнайға бағыт алған IndiGo әуе компаниясының ұшағында пауэрбанк өртенді. Оқиға салдарынан жолаушылар арасында дүрбелең туып, ұшақ Хайдарабад қаласына бағытынан бұрылуға мәжбүр болды.

Желіде тараған видеодан жолаушылардың багаж сөресінде тұтанған өртті сөндіруге тырысқанын көруге болады.

Үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, 6E 6115 рейсінің бортсеріктері өртті өрт сөндіргіштің көмегімен сөндірген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😱Басына пакет кигізген: Адам өлтірді деген күдікпен 4 адам ұсталды

📌Әлеуметтік желіде Алматыда басына пакет кигізілген ер адамның үйден шығарылып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Алматының 61 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша төрт адам ұсталды», – делінген полиция хабарламасында.


🗣️Құқық қорғау органдары күдіктілердің марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар-жоғын да анықтап жатыр.

https://t.me/eurasia1tvkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті
 
Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1😢1🌚1
✈️ Алматыдан Ханой мен Прагаға жаңа рейстер ашылды

10 қазанда Vietjet әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша рейстерді іске қосты. Ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.

Алматыдан Ханойға ұшу уақыты шамамен 6 сағат 10 минут, ал Прагаға 7 сағат 35 минутты құрайды. Рейстер 377 жолаушыға арналған Airbus A330-300 ұшақтарымен орындалады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😱 Жолбарыспен суретке түспек болған жігіт қаза тапты

Ұлыбританияның Йоркшир аймағындағы хайуанаттар бағында ер адам жолбарыстың қоршауына кіріп кеткен. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар желіде тарады.

Ер адам алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

📌Қайғылы жағдайдан кейін хайуанаттар бағы келушілер үшін уақытша жабылды.

https://t.me/eurasia1tvkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Көпшілік жиі қолданатын «Яндекс» сервистері тұралап қалып, өткен демалыста таксистер мен курьерлер тапсырыстан қағылды

Ақаулар Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан мен Өзбекстанда, Беларусь пен Арменияда байқалған. Сөйтсек, компанияның Ресейдегі деректер орталығына украиналық дрондар шабуыл жасапты. Ұшқышсыз құрылғылар Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі ғимараттарды атқылаған. Ал халықтың жаппай шағымынан соң Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жағдайға түсінік берді.

Ведомствоның дерегінше, серверлердің Қазақстанда орналасуы бүкіл платформаның ел ішінде толық автономды жұмыс істейтінін білдірмейді. Қазір «Яндекс» сервистердің жұмысын қалпына келтіріп жатыр екен. Бұдан бөлек, ведомство қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректеріне ешқандай қауіп жоқтығын хабарлады. Өйткені ондай мәліметтерді сақтауға арналған серверлер ел аумағында орналасқан екен әрі штаттық режимде жұмыс істеп тұрған көрінеді.
🇰🇿🇧🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
 
🔹Ақордада өткен келіссөз барысында Президент Қазақстан мен Орталық Азияға тарихта тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Короліне және Патшайымына ілтипат білдірді.
🇰🇿🇧🇪Король Филипп пен Патшайым Матильда Астананың ажарын Ақордадан тамашалады
✍️ Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
 
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
 
🔹Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

🔹Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎉 Маңғыстауда ерекше той өтті

Маңғыстау облысында өткен тойдың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Кадрлар желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Астане во время пожара в жилом комплексе спасли троих человек

В Астане пожарные спасли троих человек, в том числе ребёнка. Возгорание произошло в жилом комплексе в районе Сарайшык. Прибывшие на место спасатели установили, что в кабельной шахте с первого по девятый этажи горит электрокабель. Специалисты оперативно потушили огонь и помогли жильцам эвакуироваться по лестнице. Пожар уже ликвидировали. К счастью, никто не пострадал. После происшествия жильцы выразили обеспокоенность состоянием электросетей. Как они рассказали, в доме, который сдали всего около года назад, перебои с электричеством происходят постоянно.
❤1
✍️ Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды