Первый канал Евразия
4.77K subscribers
10.4K photos
27.5K videos
6 files
12.5K links
Добро пожаловать на официальную страницу Первого канала Евразия в Telegram!

«Еуразия» Бірінші арнасының Telegram парақшасына қош келдіңіз!
Download Telegram
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды

Корольдік отбасының мемлекеттік сапары бүгін Алматыда жалғасады.
❤2👍1👏1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
«Еуразия» бірінші арнасы биыл алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өтетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының 3 номинациясы бойынша үміткер атанды

📺Үздік тележүргізуші – Вероника Вишневская
📺Үздік деректі жоба – Арал: қайта оралған үміт
📺Үздік телевизиялық материал – Автомектеп: қауіпсіз жолға бастар алғашқы қадам.

🏆Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
❤4🔥2⚡1👍1🥰1👏1🎉1
Первый канал Евразия
❗️ Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті 12–13 қазанда Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір олардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр. Бұдан бөлек, интернатта тағы 8 оқушы оқшауланып…
Алматыда 48 оқушы ішек инфекциясын жұқтырды - министрлік

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде ішек инфекциясын жұқтырудың 48 жағдайы тіркелді. Барлық науқас ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты.

🗣️Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мектеп асханасын тексеру кезінде азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғаны анықталды.

Осыған байланысты бес қаулы шығарылып, шектеу шаралары енгізілді. Интернат ғимаратында дезинфекция жүргізіліп, науқастармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды.

📌Инфекцияның нақты себебін анықтау үшін су мен азық-түлік өнімдерінен сынамалар алынып, зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы World Aquatics президентін «Достық» орденімен марапаттады

📌 Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, отандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде, соның ішінде Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында лайықты қорғап жүргеніне тоқталды.

Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде соңғы жеті жылда 36 мың шақырымнан астам автожол салынып, қалпына келтіріліпті

Көлік министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде республикалық маңызы бар трассалар жаңартылып, өңірлер арасындағы қатынас едәуір жақсарды. Сондай-ақ бірнеше ірі магистраль жаңғыртудан өтті. Биылдың өзінде 11 мың шақырымнан астам аумақта құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұған қоса, жол бойындағы сервистік нысандарды жақсарту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, ақылы бағыттар желісін кеңейту бағытындағы жобалар да жалғасып жатыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бектенов поручил рассмотреть снижение первоначального взноса по ипотеке

Сделать покупку квартир доступнее для населения. Премьер-министр Олжас Бектенов поручил профильным ведомствам подготовить предложения по снижению первоначального взноса по ипотеке в рамках жилищных программ. При этом новые дома должны сдаваться с подключёнными инженерными коммуникациями и благоустроенной территорией, отметили в правительстве. Акиматам поручено заранее готовить участки под строительство и ускорять подведение необходимых сетей. До конца года в Казахстане планируют ввести в эксплуатацию двадцать целых четыре десятых миллиона квадратных метров жилья. Ещё одна задача — газификация. До конца 2026-го её уровень в стране должен достичь шестидесяти четырёх целых пяти десятых процента. А к две тысячи тридцать пятому году — вырасти до восьмидесяти процентов.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.

Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақпарат үшін арпалыс, эксклюзив пен сенсация қуған медианың бәсекесі бұрынғыдан бетер қыза түсті

Дәстүрлі БАҚ пен онлайн порталдар жаңалық таратуда алдына жан салмайды қазір. Отандық контенттің қарыштағаны жақсы ғой. Бірақ ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығы мен жауапкершілігін таразылау маңыздырақ. Бұл әсіресе цифрлық дәуірде өте өзекті. Astana Media Week апталығында отандық және шетелдік сарапшылар журналистика мәселесі мен болашағы, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану тетіктерін талқылап жатыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандықтар еліміздің көрнекті, әсем жерлерінде жиі саяхаттай бастаған

Оған дәлел соңғы 7 жылда ел ішінде демалушылардың саны 84 пайыз өсіпті. Мәселен, өткен жылы қонақүйлер мен демалыс орындарында 8 миллионнан аса отандасымыз аялдаған. Туризм саласына салынған инвестиция көлемі де артып келеді. Жауапты ведомство осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамытуға басымдық беріп отыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Саудовская Аравия и хуситы обмениваются ударами: растут риски для мировой экономики

Свыше 100 авиаударов за сутки нанесла коалиция во главе с Саудовской Аравией по районам, которые контролируют хуситы. Сообщается, что под удар попали гражданские объекты в восьми регионах. Хуситы сразу же ответили ракетными ударами. Есть ли пострадавшие? Как этот конфликт отразился на мировой экономике? 
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Работника пункта выдачи заказов осудили за кражу товаров почти на 15 миллионов тенге

195 товаров украл работник пункта выдачи заказов в Астане! По данным прокуратуры, молодой человек оформлял заказы через приложение маркетплейса, но при получении подменял их или возвращал на склад другие предметы. К примеру, он заказал золотые серьги за 182 тысячи тенге, но вместо них вернул продавцу бижутерию. Всего таким образом он похитил товаров почти на 15 миллионов тенге. За изобретательность воришке придётся серьёзно поплатиться, суд назначил ему 5 лет лишения свободы.
😐3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Контроль средней скорости вводят ещё на четырёх трассах Казахстана

Сеть контроля средней скорости на платных трассах расширили в Казахстане. Камеры начнут фиксировать нарушения ещё на четырёх участках республиканских дорог. Там уже измерили расстояния между контрольными арками и проверили оборудование.
❗️Рэпер NAVAI Қордайда есірткімен ұсталды

13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға кірмек болған рэпер NAVAI ұсталды. Тексеру кезінде күдіктінің көлігінен есірткі заты табылған.

Аталған факті бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1😱1🥴1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😍 Король Филипп пен патшайым Матильданың кортежін Tesla Cybertruck бастап жүрді

Алматы көшелерінде Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданың кортежі көзге түсті. Колоннаның алдында ерекше дизайнымен танымал Tesla Cybertruck электропикапы жүрді.

Кортеж құрамында полиция көліктері, Mercedes-Benz G-Class жол талғамайтын көліктері мен Sprinter шағын автобустары да болды.

Видео: sayazhan.realtor