Первый канал Евразия
4.77K subscribers
10.4K photos
27.5K videos
6 files
12.5K links
Добро пожаловать на официальную страницу Первого канала Евразия в Telegram!

«Еуразия» Бірінші арнасының Telegram парақшасына қош келдіңіз!
Download Telegram
📢Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

19–22 қазан аралығында «Горельник» визит-орталығы маңында су өткізу құбырларын орнату жұмыстарына байланысты автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы толық тоқтатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруді сұрайды.

https://t.me/eurasia1tvkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай серпін бергеніне назар аударды.

Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды. Оның пікірінше, еліміздің көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады.

Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.
👍1
Президент Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Оқуға түсіп, жатақханадан орын таба алмай жүрген студенттер азайды

Соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш 82 мыңнан 5 мыңға дейін төмендеді. Осы уақыт ішінде шәкірттер үшін 267 жатақхана есігін айқара ашты. Нәтижесінде 66 мыңнан астам жаңа орын пайдалануға берілді. Дегенмен орын жетпей жатқан жастар әлі де бар. Ғылым және жоғары білім министрлігі өзге өңірден келгендерді жататын жермен қамтуды басты міндет санап отыр. Сондықтан алдағы уақытта да студенттер үйінің құрылысы тоқтамайды. Жауаптылар бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы задержали женщину с пистолетом и пятью патронами

Оружие у нее нашли сотрудники подразделения по противодействию наркопреступности в Жетысуском районе. Женщина заявила, что нашла пистолет за час-два до этого на бетонном ограждении спуска к реке Есентай. Оружие и боеприпасы изъяли. Теперь полицейским предстоит выяснить его настоящее происхождение.
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
 
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.

– Қазақстан үшін Кеңестің маңызы ерекше. Еліміз отыз жылдан аса уақыт бұрын кең байтақ өңірде өзара сенімді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізу мақсатында осы форумды құру жөнінде бастама көтерген болатын. Содан бері АӨСШК өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мүше мемлекеттерді ортақ іске жұмылдырып келеді. Бастапқыда Азиядағы қауіпсіздікті сақтап, сенімді нығайтуды көздейтін жалпыға ортақ тікелей диалог форматында құрылған бұл алаң бүгінде бірегей форумға айналды. Ұйымға мүше елдер Азия құрлығының шамамен 90 пайызын қамтиды. Мұнда Жер шары тұрғындарының жартысынан астамы өмір сүреді. Халықаралық институттардың көбінде мұндай әлеует жоқ, – деді Мемлекет басшысы.
🗣️ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК VII саммитінде сөйлеген сөзінен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Әзербайжан Кеңеске төрағалық еткен кезеңде нақты бастамаларды ілгерілетуге және Ұйымның халықаралық беделін күшейтуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды.

📌Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірдегі бірегей жоба – Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңызына тоқталды. Теңіз табанымен жүргізілген желі екі елдің цифрлық байланысын күшейтіп, Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліздің пайда болуына ықпал етеді. Осылайша, тұтас өңір тың мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда тапанша ұстап көше кезген әйел ұсталды

Кешқұрым Райымбек даңғылында ерсілі-қарсылы жүрген келіншек полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. Іс-қимылы күдік туғызған соң, тәртіп сақшылары оны тоқтатып, тінту жүргізген. Сөйтіп, одан тапанша мен бес оқ тәркілеген. Ал күдікті болса оларды Есентай өзеніне түсетін бетон қоршаудың үстінен тауып алғанын айтып ақталыпты. Тәртіп сақшылары қарудың шын мәнінде қайдан алынғанын анықтап жатыр.
🇰🇿🇶🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарда төрт оқушы белгісіз дәріден уланды

Балалардың айтуынша, олар үстел астынан өткір иісі бар екі капсула тапқан. Бірі езіліп жатыпты. Күмәнді заттың буын жұтқандардың бірден мазасы қашқан. Оқиғадан кейін үш оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оларды тексеріп, үйде емделуге жіберді. Ал мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізгенімен, хлорлы дезинфекциялау таблеткаларын білім ордасына кім әкелгені анықталған жоқ. Мектеп басшылығы бұл жағдайды бүге-шүгесіне дейін тексеріп, кінәлілерді жазалаймыз деп отыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақылды көмекші ақпарат тарату ісін жеңілдетті

Оның ішінде газет, баспа саласына да жасанды интеллектінің игілігі тиіп жатыр. Ол редакциялардың жұмысын жеделдетіп қана қоймай, шығындарды азайтуға және оқырмандарға оңтайлы контент ұсынуға септігін тигізуде. Astana Media Week апталығының екінші күнінде сарапшылар ақпараттық саясаттағы жаңа ережелерді талқылады. Дәлірек айтқанда, отандық контентті дамыту, креативті индустрияның болашағы мен медианарықтағы жарнаманың жаңа үлгілері қаузалды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В аэропортах Астаны и Алматы выявили 19 иностранцев с поддельными документами

Чужое имя и поддельная виза! 19 иностранцев с фальшивыми документами выявили пограничники в аэропортах Астаны и Алматы всего за полтора месяца осени. А с начала года пресекли уже более 350 подобных случаев, рассказали в Комитете национальной безопасности. По всем этим нарушениям сейчас ведутся расследования. В ведомстве напомнили, что за пересечение границы с поддельными или чужими документами грозит уголовная ответственность.
🇰🇿🇦🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды

Мемлекет басшысын әуежайдан Армения Республикасы Үкіметінің ресми тұлғалары күтіп алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM