FC Aktobe
3.46K subscribers
2.02K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Чемпионатты ежелгі эль-класикомен бастаймыз 🔜

Екінші турда Алматыға қонаққа барсақ, содан соң “Елімайды” қабылдаймыз!
🔥44❤11🤯8😭2🍓1
Келесі матч – #АқтөбеНавбахор🔜

🇰🇿Ақтөбе – Навбахор🇺🇿
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️12 ақпан
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤18🔥2🍓2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚪️🔴

🇰🇿Ақтөбе – Навбахор🇺🇿
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️12 ақпан
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤16🔥3🍓1
#АқтөбеНавбахор : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤17👍4🍓1
Соңғы минутта жеңісті жұлып алдық! 🔥

#АқтөбеНавбахор – 1:0

⚽️ Байдәулетов
👏36👎9❤6🤷‍♂2🍓1
Лондондық “Арсенал” бапкері Грённемарк «Ақтөбе» футбол клубымен тәжірибе бөлісуге келді 🇩🇰

50 жастағы даниялық бапкер Томас Грённемарк «Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды.

Негізі бобслей спортының шебері болса да, футболда бағы жанған дат маманы ағылшындық “Ливерпуль” мен “Арсенал” клубтарына аут лақтырудан жәрдемдескен. Одан бөлек, өз отанындағы “Хорсенс”, “Виборг”, “Мидтьюлланн” және “Силькеборг” ұжымдарына еңбегі сіңген.

Жаттықтырушы “Ақтөбенің” бапкерлік штабына бір аптадай уақыт көмек береді. Грённемарк – допты алысқа лақтырудан Гиннесс кітабы рекордының иегері.
🔥44❤6🍓2
Қуан, Қазақ елі 🇰🇿

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров араға 32 жыл салып қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынына алғашқы “алтын” медальды салды.

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан Олимпиада-2026 бәсекесінде отандасымыз тарихи жетістікке қол жеткізді.

«Ақтөбе» футбол клубы Мишаны және бүкіл қазақстандықтарды аталмыш даңқты жеңіспен шын жүректен құттықтайды.
👏44❤6🤩3🍓1
🎂Туған күніңмен, Талғат!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Талғат Кусяповтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤12🍓1
Көңіл айтамыз

Еркебұлан Сейдахметтің ағасы дүниеден озды.

«Ақтөбе» футбол клубы Еркошқа және оның жақын-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.
❤48😢30🍓1
Ақтөбе – Уфа матчы жабық түрде өтеді

Қос клубтың келісімі бойынша Түркияда ертең өтетін бақылау матчы тікелей эфирде көрсетілмейді.

Кездесу Ақтөбе уақытымен кешкі сағ. 19:00-ге жоспарланған.
👎52👏4🍓1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚪️🔴

🇰🇿Ақтөбе – Уфа🇷🇺
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️16 ақпан
⏰19:00 (Ақт)

❗️Матч жабық түрде өтеді
👎12❤10🍓1
Бағдат пен Пибе бүгінгі ойынға қатыса алмайды

Өткен ойындарда сан жарақатын алған капитанымыз Бағдат Қайыров пен жартылай қорғаушымыз Агустин Пасторица “Уфаға” қарсы алаңға шықпайды.

Екі ойыншы да қазіргі таңда жарақаттан емделіп, қалыпқа келу үстінде.

Есесіне Түркістанда “Ақтөбе” жастар командасымен жиында жүрген Виталий Латурнус, Нұрдәулет Төреғали мен Кәрім Елеуов Түркиядағы ОЖЖ-ға келіп қосылды.
❤26🍓1
Кезекті бақылау матчы өз мәресіне жетті

Ақтөбе 1:4 Уфа

⚽️ Шушеначев
👎84👏3💔3❤2🍓1
Рақмет, Айбар!

Жартылай қорғаушы Айбар Абдулла өзара мәміле аясында «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шарт үзісті.

24 жастағы ойыншы былтырғы маусым алдында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында сегіз матчқа қатысты.

Сондай-ақ маусым барысында түркістандық «Тұранға» жалға берілді.

Айбарға алғыс айта отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейміз.
👍26❤6🍓1
Марк қарағандылық «Шахтер» клубына жалға берілді

18 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Марк Богачев маусым соңына дейін “Шахтер” сапында ойнайды.

Жас ойыншы бұған дейін QJ League жарысында «Ақтөбе» жасөспірімдер командасының намысын қорғап, 35 матчта үш гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. 2025 жылы Марк QJL All Star үздіктер құрамасының капитаны ретінде мадридтік “Атлетиконың” жасөспірімдеріне қарсы өнер көрсетті.

Былтыр Богачев сондай-ақ “Ақтөбе” жастар командасымен бірге Бірінші лига аясында алты матч өткізді.

Биыл қорғаушы “Ақтөбе” негізгі құрамымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысты.
❤20👍2🍓1
Рамазан мүбәрак болсын 🤲

«Ақтөбе» футбол клубы құрметті мұсылман қауымын көптен асыға күткен қастерлі де қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтайды.

Ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңізді, берген пітір-садақаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!
❤40🙏9🍓1
Хасен «Таразға» жалға аттанды

17 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Хасен Артурұлы маусым соңына дейін “Тараз” сапында өнер көрсетеді.

Жас ойыншы бұған дейін QJ League жарысында «Ақтөбе» жасөспірімдер командасының намысын қорғап, 21 матчта алты гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. 2025 жылы Хасен QJL All Star үздіктер құрамасының мүшесі ретінде мадридтік “Атлетиконың” жасөспірімдеріне қарсы өнер көрсетті.

Былтыр Хас сондай-ақ “Ақтөбе” жастар командасымен бірге Бірінші лига аясында 21 матч өткізіп, екі гол соқты.

Биыл қорғаушы “Ақтөбе” негізгі құрамымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысты.
❤16👍4🍓1
Жиынның соңғы матчы ертең – #АқтөбеСочи 🔜

🇰🇿Ақтөбе – Сочи🇷🇺
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️21 ақпан
⏰14:00 (Ақт)

❗️Матч өзара мәміле аясында жабық түрде өтеді
👎46❤6🍓1
Жиынымыздың соңғы бақылау матчы аяқталды
👎68🤡22❤6🤮5🤬4🏆2🍓1