FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
297 videos
1 file
232 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Идрис Умаев Тұранға қарсы ойнай алады

ҚФФ Аппелляциялық комитеті “Ақтөбе” ФК шағымы аясында команда шабуылшысы Идрис Умаевтың шеттету мерзімін қайта қарады. Нәтижесінде ойыннан шеттету саны 4 ойынға қысқарды. Бірақ, екі матч ойыннан шеттетілсе, тағы екі ойын шартты түрде есептеледі. Сонымен қатар айыппұл төлеп, үш ай бойы бақылауда болады.

Яғни, Идрис Умаев “Тұран” және “Атырауға” қарсы ойындарда алаңға шыға алады.
❤37👏6🔥3💩1🍓1
🎙️Мейрам құтты болсын, журналист-әріптестер!

“Ақтөбе” футбол клубы барлық БАҚ өкілдерін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтайды.

Баршаңызға шығармашылық табыс, талмас шабыт, толассыз даму және әрқашан тек жағымды жаңалықтар жазуды тілейміз.
❤14🍓2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
𝗡𝗜𝗞𝗜𝗧𝗔 𝗞𝗢𝗥𝗭𝗨𝗡 ❤️🤍🇧🇾
😍51👍9🔥6❤4🍓1
Никита Корзун – “Ақтөбе” ФК ойыншысы!

“Ақтөбе” футбол клубы жаңа ойыншымен толықты. Беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Корзун “ақ-қызылдар” сапына келіп қосылды.

30 жастағы футболшы мансабын Беларусьтің “Динамо Минск” клубында бастап, кейін Украинаның “Динамо Киев” командасына ауысып, УЕФА жарыстарына қатысып, тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, Никита Сауд Арабиясы, Литва және Молдова чемпионаттарында да өнер көрсеткен, түрлі деңгейдегі ойындарда тәжірибесі бар.

Орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын Корзун – допты иелік ету мен ойынды бақылауда ұстауда тәжірибелі маман. Ол Беларусь Ұлттық құрамасының да бірнеше ойындарына қатысып үлгерген.

“Ақтөбе” ФК Никита команда құрамында сәтті ойын көрсететініне сенім білдіреді!

Қош келдің, Никита! 🔴⚪
❤41🔥8👍5🍓1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

🆚 #ТұранАқтөбе
🏆 Премьер-лига
📆 29 маусым
⏳ 18:00
🏟️ Түркістан арена
📺 Sport+

🛡️Алға Ақтөбе!
💘24❤11💩1🍓1
БІЗДІҢ СЕКТОР – Е1, Е2

❗Бүгін #ТұранАқтөбе матчына барғалы жатқан ақтөбелік жанкүйерлердің назарына

Ақ-қызылдарды сіздер “Түркістан арена” стадионындағы Е1, Е2 секторларында отырып қолдай аласыздар.

https://ticketon.kz/event/fk-turan-fk-aktobe?item_list_name=%D0%A1%D0%BE%D0%B1%D1%8B%D1%82%D0%B8%D1%8F&item_list_id=allEvents&index=4

Матч бүгін 18:00-де басталады.
❤7🍓2💩1
#ТұранАқтөбе : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Sport+
❤23💩1🍓1
+3✅

#ТұранАқтөбе 0:3
⚽️Думбия 8’
⚽️Үсенов 14’
⚽️Умаев (пен) 90+1’
❤52❤‍🔥3🥰3👏3💩1🤨1🍓1
#ТұранАқтөбе — 𝗠𝗔𝗧𝗖𝗛 𝗥𝗘𝗖𝗔𝗣

Ойынды қорытындылап, “Атырауды” қабылдауға дайындаламыз
❤13👏2💩1🍓1😴1
«Атырау» мен «Тобылды» үйде қабылдап, еурокубоктік жорығымызды бастаймыз🇪🇺🏆

«Ақтөбенің» шілде айындағы күнтізбесі 📆
👍36🍓3💩1
Көңіл айтамыз

“Ақтөбе” ӘФК ойыншысы Алина Литвиненконың анасы дүниеден өтуіне орай, футболшының отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!
🕊68❤18🙏4👍1💩1🍓1
Рақмет Айбар!

“Ақтөбе” ФК ойыншысы Айбар Абдулла маусым соңына дейін түркістандық “Тұран” ФК сапына жалға берілді. 23 жастағы шабуылшы түркістандық команданың маусымдағы тапсырмаларын шешуге көмектеспек.

Айбарға жаңа командасы сапында сәтті өнер көрсетуін тілейміз!

Қайта қауышқанша!
❤42👏7💩1🍓1
Вячеслав Швырёв - “Ақтөбе” ФК ойыншысы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Вячеслав Швырёв “ақ-қызылдар” сапын толықтырды. Ойыншы өз мансабында “Қайрат”, “Ақжайық”, “Ордабасы” клубтарының сапында ойнаған. Сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасында да доп теуіп үлгерді.

Клуб ұжымы Вячеславқа зор сенім білдіріп, команда сапында сәтті ойын тілейді.
❤34👎19💩1🍓1
Қош келдің Талғат!

Қазақстандық қорғаушы Талғат Кусяпов - “Ақтөбе” ФК қатарын толықтырды. “Каспий” футбол мектебінің түлегі, өз мансабында “Қайрат”, “Каспий”, “Астана”, “Оқжетпес” командаларының сапында доп тепкен. Соңғы бір жарым жылда ресейлік “Камаз” ФК сапында ойнап, 8 ойынға қатысқан. Сондай-ақ, ол Қазақстан жастар құрамасының сапында барлығы 26 ойынға қатысты.

Сәттілік Талғат Рашитович!
❤33👎1💩1🍓1