FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Туған күніңмен, Гоша! 🎂🥳

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
🎉35❤11🍓1
Туған күніңмен, Әділхан! 🎂🥳

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Әділхан Таңжарықовтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤29✍2🍓2
Көңіл айтамыз…

«Қайрат» ФК академиясының жетекшісі, «Қазақстан U-19» командасының бас бапкері Кирилл Кекердің дүниеден озғаны туралы ақпарат қазақ футболынан хабардар әр жанның қабырғасын қайыстырғаны мәлім. Жастардың жетілуіне, дамуына бапкердің қосқан үлесі зор еді.

Марқұмның туған туыстарына, жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.

«Ақтөбе» ФК
🕊57❤10😱6🍓1
Туған күніңмен, Уче! 🎂🤟🏽

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Уче Агбоның туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤30👏4👍3🍓2
🔝Бағдат Қайыров – Үздік қорғаушы!

Бүгін елімізде KFF league Awards жобасы өтіп жатыр. Аталған жоба барысында, биылғы жылдың үздік футболшылары марапатталуда. «Ақтөбе» ФК ойыншысы, жергілікті футбол орталығының түлегі Бағдат Қайыров биылғы жылдың «Үздік қорғаушы» номинациясының иегері атанды.

Жарайсың, Бага!
❤31🔥11👍2😁1🍓1
🛡️Александр Семенов – Үздік бапкер!

Бүгінгі өтіп жатқан KFF league Awards жобасында Әйелдер лигасының 2025 жылғы «Үздік бапкер» номинациясы «Ақтөбе» ӘФК бас бапкері Александр Семеновқа бұйырды. Айта кетейік, Семенов бапкердің шәкірттері биыл сенсация жасап, Қазақстан Әйелдер лигасын жеңіп алған еді.

Құттықтаймыз, Александр Львович!
👏19🍓3
🎯Үздік Сұрмерген – Алина Литвиненко!

KFF league Awards жобасында жыл үздіктерін марапаттау жүріп жатыр. Қазақстан Әйелдер лигасының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» ӘФК шабуылшысы Алина Литвиненко «Үздік сұрмерген» және «Үздік ойыншы» атанды. Биылғы маусымда Алина 72 голмен көзге түскен болатын.

Жарайсың, Алина!
❤25👍6🍓1
Рақмет, Уче!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, 30 жастағы Нигериялық ойыншы, жартылай қорғаушы команда сапынан кетті. Уче биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында 17 матчқа қатысып, 2 мәрте гол соққан еді.

2024 жылдан бері «ақ-қызылдар» сапында доп тепкен ойыншыға клуб үшін атқарған орасан зор еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
😱23❤13👍3🍓1
Рақмет, Лев!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылы «ақ-қызылдар» сапында ойнаған қорғаушы Лев Скворцовқа алғыс білдіріп, қоштасамыз.

Лев биылғы маусымда барлық турнирлерде 22 рет алаңға шықты. Қазақстан Премьер лигасы турнирінде өзінің дебютті голын соқты.

Левке клуб үшін төккен тері, еткен еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!
❤25😭9👍5🍓1
Ресми мәлімдеме

Әлеуметтік желілерде «Ата-аналардан ақша жинаудан шаршады» деген атаумен шыққан жариялымда «Ақтөбенің» футбол орталығында балаларды жаттықтыру үшін ата-аналардан қаржы талап етеді деген сыңайда домалақ арыз тарады.

«Ақтөбе» футбол клубы бұл хабарды ала сала ішкі тергеу жүргізіп, аталмыш ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын анықтады. «Ақтөбенің» футбол орталығында айналысатын балалар кестеге сай ҚФФ өткізетін барлық республикалық жарыстарға тегін қатысады. Өзге өңірлерде өтетін кестеден тыс басқа жеке жарыстарға балалар тек ата-аналарының мақұлдауымен (оның ішінде қаржылай да) ғана бара алады. Сондай-ақ орталықта қажетті керек-жабдықтың барлығы бар.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі
❤9🍓1
Рақмет, Ума!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты 26 жастағы шабуылшы Идрис Умаев командадан кетті.

Идрис 2023 жылғы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлерде 65 ойынға қатысып, 11 гол соқты және 12 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол «Ақтөбемен» бірге 2 рет қола медаль мен Қазақстан кубогін иеленді.

«Ақтөбе» футбол клубы Идриске өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.
😭45👍10❤8👎7💔2👏1😱1😢1🍓1
Рақмет, Орик!

Оралхан Өміртаев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты команда сапынан кетті.

Шабуылшы осы жылдың басында ақ-қызылдар қатарын толықтырған еді. Ол барлық турнирлерде 23 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Оралханға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
👍22👎11😢8❤2😱1🤬1🍓1
🍼Бауы берік болсын!

Жаңа ғана «Ақтөбе» футбол клубының бейнеоператоры әрі аналитигі Анарбек Идрисов үшінші рет әке атанды.

Анарбекті қуанышымен құттықтай отырып, ханшайым мен анасына зор денсаулық, ал бүлдіршінге бақытты балалық шақ тілейміз.
❤21🍓1
Рақмет, Богдан!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Румыниялық қорғаушы Богдан Вэтэжелу команда сапынан кетті.

Қорғаушы команда сапына 2024 жылдың басында келіп қосылды. Ол барлық турнирлерде 56 матч өткізіп, 1 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан кубогін жеңіп алды.

«Ақтөбе» футбол клубы Богданға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейді.
💔39❤7😢5🤬4❤‍🔥1👎1🍓1
Богдан Вэтэжелу: Ақтөбе, осы екі жыл үшін көп рақмет! Осы уақыт ішінде біз тамаша мәдениетті танып-біліп, тағы бір кубокты жеңіп алып, клуб қоржынын толықтырдық. Бұл күндерден бізге жарқын естеліктер қалады, және жақын уақытта сіздермен қайта қауышамыз деп сенемін.
❤21👍5❤‍🔥1🍓1
Рақмет, Жайро!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Жайро Жан «Ақтөбе» футбол клубынан кетті.

Клуб сапында өткізген екі маусымда Жайро 60 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды.

Жайроға команда үшін сіңірген еңбегіне алғыс білдіреміз. Алдағы мансабында толағай табыс пен биік белестер тілейміз!
😭47👍9❤7👎7💔3😱2⚡1🔥1🍓1
Иван Ордец – «Ақтөбе» ойыншысы! 🇰🇿🤝🇺🇦

✅«Ақтөбе» футбол клубы қорғаныс шебін тәжірибелі ойыншымен толықтырды. Украина құрамасының экс-қорғаушысы Иван Ордец келесі маусымнан бастап біздің команда сапында өнер көрсетпек.

🔝Иван – Еуропаның ірі чемпионаттарында, атап айтқанда Германия Бундеслигасында («Бохум») және Украинаның «Шахтер» (Донецк) клубында ойнап, үлкен мектептен өткен футболшы. Оның бойы (1,95 м) мен тәжірибесі қорғанысымызды бекемдей түсетініне сенімдіміз.

🏟️Ақтөбеге қош келдің, Иван! Биік белестерді бірге бағындырайық!
❤51🔥12👍2🍓1
— «Ақтөбеге» қош келдіңіз! Трансфер туралы әсеріңіз қандай?
— Көп рақмет! Осынау ұжымға қосылғаныма өте қуаныштымын. Алған әсерім керемет, бәрі де жоғары деңгейде.
— Жалпы Қазақстан туралы, соның ішінде «Ақтөбе» ФК туралы естідіңіз бе? «Ақ-қызылдар» сапына өту туралы шешімді қалай қабылдадыңыз? Кіммен ақылдастыңыз?
— Қазақстанда бұрын-соңды болмағанмын, бірақ бұл елдің табиғаты өте сұлу, ал мәдениеті өте бай екенін білемін. «Ақтөбе» туралы да бұрыннан хабардармын: бұл – амбициясы өте жоғары клуб. Сондай-ақ мұнда ең үздік әрі ең көп жанкүйерлер жиналатынын жақсы білемін. Бұл шешімді, әрине, отбасыммен және агентіммен ақылдаса отырып қабылдадым.
— «Ақтөбе» сапында алға қандай мақсаттар мен міндеттер қойып отырсыз?
— «Ақтөбемен» бірге ең биік белестерді бағындырғым келеді. Клубтың алдына қойылған барлық міндеттерді орындап, жанкүйерлерді қуанту үшін барымды саламын.
❤41👍4🍓2😍1
⚪️🔴Александр Заруцкий – «Ақтөбе» ойыншысы!

🧤«Ақтөбе» футбол клубы тәжірибелі қақпашы Александр Заруцкиймен келісімшартқа отырғанын ресми хабарлайды.

🧱Александр қазақстандық жанкүйерлерге өзінің сенімді ойынымен және асқан шеберлігімен жақсы таныс.

🏟️Өткен маусымда «Қайрат» сапында ойнап, команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына зор үлес қосқан еді. Енді ол «Қобыланды батыр» стадионында ақ-қызыл түстерді адал қорғайтын болады!

🔝Заруцкийге ақтөбелік ұжыммен бірге жаңа белестерді бағындырып, қақпасына доп өткізбесін деген тілек айтамыз.

🛡️Ақтөбеге қош келдің, Александр!
❤55🔥15👍5🤮1🍓1