FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Рақмет, Орик!

Оралхан Өміртаев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты команда сапынан кетті.

Шабуылшы осы жылдың басында ақ-қызылдар қатарын толықтырған еді. Ол барлық турнирлерде 23 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Оралханға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
👍22👎11😢8❤2😱1🤬1🍓1
🍼Бауы берік болсын!

Жаңа ғана «Ақтөбе» футбол клубының бейнеоператоры әрі аналитигі Анарбек Идрисов үшінші рет әке атанды.

Анарбекті қуанышымен құттықтай отырып, ханшайым мен анасына зор денсаулық, ал бүлдіршінге бақытты балалық шақ тілейміз.
❤21🍓1
Рақмет, Богдан!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Румыниялық қорғаушы Богдан Вэтэжелу команда сапынан кетті.

Қорғаушы команда сапына 2024 жылдың басында келіп қосылды. Ол барлық турнирлерде 56 матч өткізіп, 1 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан кубогін жеңіп алды.

«Ақтөбе» футбол клубы Богданға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейді.
💔39❤7😢5🤬4❤‍🔥1👎1🍓1
Богдан Вэтэжелу: Ақтөбе, осы екі жыл үшін көп рақмет! Осы уақыт ішінде біз тамаша мәдениетті танып-біліп, тағы бір кубокты жеңіп алып, клуб қоржынын толықтырдық. Бұл күндерден бізге жарқын естеліктер қалады, және жақын уақытта сіздермен қайта қауышамыз деп сенемін.
❤21👍5❤‍🔥1🍓1
Рақмет, Жайро!

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Жайро Жан «Ақтөбе» футбол клубынан кетті.

Клуб сапында өткізген екі маусымда Жайро 60 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды.

Жайроға команда үшін сіңірген еңбегіне алғыс білдіреміз. Алдағы мансабында толағай табыс пен биік белестер тілейміз!
😭47👍9❤7👎7💔3😱2⚡1🔥1🍓1
Иван Ордец – «Ақтөбе» ойыншысы! 🇰🇿🤝🇺🇦

✅«Ақтөбе» футбол клубы қорғаныс шебін тәжірибелі ойыншымен толықтырды. Украина құрамасының экс-қорғаушысы Иван Ордец келесі маусымнан бастап біздің команда сапында өнер көрсетпек.

🔝Иван – Еуропаның ірі чемпионаттарында, атап айтқанда Германия Бундеслигасында («Бохум») және Украинаның «Шахтер» (Донецк) клубында ойнап, үлкен мектептен өткен футболшы. Оның бойы (1,95 м) мен тәжірибесі қорғанысымызды бекемдей түсетініне сенімдіміз.

🏟️Ақтөбеге қош келдің, Иван! Биік белестерді бірге бағындырайық!
❤51🔥12👍2🍓1
— «Ақтөбеге» қош келдіңіз! Трансфер туралы әсеріңіз қандай?
— Көп рақмет! Осынау ұжымға қосылғаныма өте қуаныштымын. Алған әсерім керемет, бәрі де жоғары деңгейде.
— Жалпы Қазақстан туралы, соның ішінде «Ақтөбе» ФК туралы естідіңіз бе? «Ақ-қызылдар» сапына өту туралы шешімді қалай қабылдадыңыз? Кіммен ақылдастыңыз?
— Қазақстанда бұрын-соңды болмағанмын, бірақ бұл елдің табиғаты өте сұлу, ал мәдениеті өте бай екенін білемін. «Ақтөбе» туралы да бұрыннан хабардармын: бұл – амбициясы өте жоғары клуб. Сондай-ақ мұнда ең үздік әрі ең көп жанкүйерлер жиналатынын жақсы білемін. Бұл шешімді, әрине, отбасыммен және агентіммен ақылдаса отырып қабылдадым.
— «Ақтөбе» сапында алға қандай мақсаттар мен міндеттер қойып отырсыз?
— «Ақтөбемен» бірге ең биік белестерді бағындырғым келеді. Клубтың алдына қойылған барлық міндеттерді орындап, жанкүйерлерді қуанту үшін барымды саламын.
❤41👍4🍓2😍1
⚪️🔴Александр Заруцкий – «Ақтөбе» ойыншысы!

🧤«Ақтөбе» футбол клубы тәжірибелі қақпашы Александр Заруцкиймен келісімшартқа отырғанын ресми хабарлайды.

🧱Александр қазақстандық жанкүйерлерге өзінің сенімді ойынымен және асқан шеберлігімен жақсы таныс.

🏟️Өткен маусымда «Қайрат» сапында ойнап, команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына зор үлес қосқан еді. Енді ол «Қобыланды батыр» стадионында ақ-қызыл түстерді адал қорғайтын болады!

🔝Заруцкийге ақтөбелік ұжыммен бірге жаңа белестерді бағындырып, қақпасына доп өткізбесін деген тілек айтамыз.

🛡️Ақтөбеге қош келдің, Александр!
❤55🔥15👍5🤮1🍓1
Рақмет, Алиба!

«Ақтөбе» футбол клубы мен команда капитаны Әлібек Қасым екіжақты келісім негізінде еңбек шартын тоқтатты.

2022 жылдан бері «ақ-қызылдар» сапында өнер көрсеткен Әлібек команданың нағыз көшбасшысына және жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Ол тек қорғаныстағы сенімділігімен ғана емес, маңызды сәттерде гол соғатын сұрмергендік қасиетімен де ерекшеленді.

Әлібек осы 4 жыл ішінде «Ақ-қызыл» жейдеде 100 ден аса матч өткізіп, 17 гол 2 нәтижелі бас берген еді. Ол осы уақыт аралығында клуб тарихындағы ең нәтижелі қорғаушылардың бірі ретінде қалды.

Әлібекке өткізген жарқын маусымдары, алаңдағы қайсарлығы және «Ақтөбе» намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс айтамыз. Оған алдағы мансабында үлкен табыстар тілейміз!

Айта кетейік, Әлібек Қасым командамен бірге Қазақстан кубогының жеңімпазы, ҚПЛ күміс және қола жүлделерін жеңіп алған еді.
😭39❤21🤡17👎2😱1🎉1🍓1
🎄Құрметті «Ақтөбе» ФК жанкүйерлері!
Сіздерді келіп жеткен Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл біз үшін қуанышты да, қайғылы сәттерге толы болды. Ақ-қызыл түсті жейдеге деген адалдықтарыңыз бен «Қобыланды батыр» стадионындағы ыстық ықыластарыңыз командаға әрқашан күш береді.
Жаңа жылда сүйікті клубымыз тек биік белестерден көрініп, чемпиондық тұғырға қайта оралсын! Шаңырақтарыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық тілейміз. Әр ойын жеңіспен аяқталып, чемпиондық тұғыр бұйырсын. Ақ-қызыл отбасы, Жаңа жыл берекелі болсын!
❤39🍾7👏1🍓1
Лев Скворцов: Ақтөбе, осы маусым үшін көп рақмет!
Керемет жанкүйерлер мен стадиондағы
оттай ыстық қолдау — мұның бәрі мәңгі
есімізде қалады. Алға қарай жылжимыз!
❤25👍4🍓1
Алғашқы жиын – Түркияда🇹🇷

«Ақтөбе» ФК жаңа маусымға дайындық барысында алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Түркияның Анталия қаласында өткізеді.

Бұл жиын 9-29 қаңтар аралығында өтеді. Жаңа келісімшартқа отырған ойыншылар осы жиынға командамен бірге аттанады. Сонымен қатар Николай Костов бастаған бапкерлік құрам бірнеше позицияға жаңа ойыншыларды бақылап, содан кейін шешім қабылдамақ. Командамен бірге өткен маусымда көзге түскен «Ақтөбе» футбол орталығының 5 ойыншысы ОЖЖ қатысады.

Бірінші жиында команда 3 бақылау матчын өткізеді. Бақылау матчтарын тікелей эфирде көрсету жоспарда бар. Толық ақпарат біртіндеп жарияланады.
❤20🍓1
Алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы бақылау матчтар кестесі⚽️
❤19🍓1
Айдын Желькович – «Ақтөбе» ойыншысы🇸🇪 🇧🇦

Швециялық және босниялық қос азаматтығы бар шабуылшы Айдын Желькович «ақ-қызылдар» сапын толықтырды. 28 жастағы ойыншы шабуыл аймағында бірнеше позицияларды жаба алады.

Өткен маусымда ойыншы Швеция чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын «Вернаму» ФК сапында 27 ойынға қатысып, 7 гол соққан және 2 нәтижелі пас берген.

Қош келдің, Айдын!
❤56👍7🔥5🍓1
🎂Туған күніңмен, Вячеслав!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Вячеслав
Швырёвтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤15🍓1
«Ақтөбе» футбол клубы жекеменшікке өтті

Бүгіннен бастап «Ақтөбе» ФК Qazaq Stroy Properties компаниясының жеке меншігіне өтті. Аталған компания «Ақтөбе» футбол клубын ұзақмерзімдік даму стратегиясы бар, жүйелі әрі тұрақты спорттық жоба ретінде қабылдайды. Жаңа басшылық өз алдына бірнеше нақты жоспар қойды:

- клубтың спорттық нәтижелерін тұрақты түрде жақсарту;
- ⁠балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту;
- ⁠академия мен инфрақұрылымды жаңғырту;
- ⁠басқару жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру;
- ⁠жанкүйерлермен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату және т.б.

Нағыз жанкүйерлер үшін бұл ақпарат қуанышты жаңалық ретінде қабылданды. Сол себепті барша жанкүйерлер клуб тарихындағы аса маңызды жаңа кезеңде, бұрынғыдан да жоғары деңгейде қолдау көрсетеді деген сенім мол екені айтылды.
❤39🔥8😍1🍓1
Рақмет, Санат Нұрымұлы!

Бүгін Санат Шалекенов «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы қызметін тоқтатты. Өткен маусымда команда құрылымындағы «Ақтөбе» ӘФК Қазақстан әйелдер лигасы тарихында алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізген еді. Сондай-ақ, Санат Нұрымұлы тұсында балалар футболын дамытуға баса назар аударылып, жергілікті жеке мектептер мен «Ақтөбе» ФК арасында бірнеше меморандумға қол қойылды.

Санат Нұрымұлына атқарған қызметі мен клубтың даму жолында төккен тері үшін алғыс білдіреміз!
❤17🤝2🍓1
«Ақтөбе» ФК жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Төрағалық қызметті енді Арман Әшімханұлы Оспанов атқарады. Ол FIFA Master (CIES, 2001) бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі. 2002 жылы халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер ретінде Қазақстан футбол федерациясының УЕФА ұйымына өту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысып, жұмысшы комиссия құрамында болған. Сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі компанияларда басқарма төрағасының орынбасары және директор қызметтерін атқарған тәжірибелі маман.

Арман Әшімханұлы бүгін ресми баспасөз мәслихаты барысында клуб қызметкерлерімен, БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
🤬46❤6🤡5💩3👏1🍓1