Хасен «Таразға» жалға аттанды
17 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Хасен Артурұлы маусым соңына дейін “Тараз” сапында өнер көрсетеді.
Жас ойыншы бұған дейін QJ League жарысында «Ақтөбе» жасөспірімдер командасының намысын қорғап, 21 матчта алты гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. 2025 жылы Хасен QJL All Star үздіктер құрамасының мүшесі ретінде мадридтік “Атлетиконың” жасөспірімдеріне қарсы өнер көрсетті.
Былтыр Хас сондай-ақ “Ақтөбе” жастар командасымен бірге Бірінші лига аясында 21 матч өткізіп, екі гол соқты.
Биыл қорғаушы “Ақтөбе” негізгі құрамымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысты.

❤16👍4🍓1
Жиынның соңғы матчы ертең – #АқтөбеСочи 🔜
🇰🇿Ақтөбе – Сочи🇷🇺
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️21 ақпан
⏰14:00 (Ақт)
❗️Матч өзара мәміле аясында жабық түрде өтеді

👎46❤6🍓1
«Ақтөбе» маусым алдындағы соңғы жиынын тәмамдады
Түркияның Анталия қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиыны 3-23 ақпан аралығында өтті.
Николай Костов шәкірттері кезекті ОЖЖ аясында төрт бақылау матчын өткізіп, бір жеңіске жетті және үш мәрте жеңіліске ұшырады.
Сондай-ақ ақырғы жиын шеңберінде команда қатарына жаңа ойыншылар қосылды.
Сәлден соң “Ақтөбенің” алдағы жоспарлары жайлы бөліспекпіз.

❤14🔥3👎2🍓1
«Ақтөбе» жаттықтырушысы ұлттық құраманың дене даярлық бапкері болып тағайындалды 🇰🇿
«Ақтөбе» футбол клубының физикалық дайындық бапкері Мұхтар Ерімбетов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды.
Мұхтар Тәңірбергенұлы – «Ақтөбе» футбол клубының түлегі. Бапкер ретінде клубымызда 2018 жылы бас жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарса, кейіннен «Ақтөбе-Жасты» баптады.
Еліміздің «Атырау», «Тараз» сияқты клубтарында істеген маман 2021 жылдан бері біздің клубта қайта жұмыс істей бастады.

🤣27👍10❤5🤮2👎1👏1🍓1
«Ақтөбе» алғашқы матчтарын Түркістанда өткізеді
Біздің Орталық стадионда жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты «Ақтөбе» футбол клубы ресми ойындарын “Түркістан Аренада” өткізу туралы шешім қабылдады.
Чемпионаттың бірінші туры аясында 7 наурыз күні «Ақтөбе» киелі шаһарда қостанайлық “Тобылды” қабылдайды. Ойын сағ. 17:00-де басталады.
Оған дейін «Ақтөбе» елордада жиналып, жаттығуларын Астана Аренада жасайды деп жоспарланып отыр.

👍27👎11❤4🍓1
БАҚ Назарына! 🖊️ 📸 🗞️
«Ақтөбе» футбол клубы 2026 жыл бойына өтетін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының және Кубогінің өз алаңындағы матчтарында жұмыс істейтін спорт журналистеріне (1 басылымнан 1 фотограф + 1 тілші) арналған аккредитацияға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне:
— матч өтетін күні спорттық аренаға кіруге;
— баспасөзге арналған арнайы аймақтағы орынға;
— матчты бастау хаттамасын алуына рұқсат беріледі.
Бас редактордың/бас редактор орынбасарының қолымен БАҚ бланкісінде талап етілетін аккредитация түрін міндетті түрде көрсете отырып: (басылым/фото/радио) өтініш хатты merey.kupzhanov@gmail.com электронды мекенжайына жіберулеріңіз сұралады.
Өтінімдер 5 наурызға дейін қабылданады және аккредитация алғашқы ойын болатын күні беріледі.
Толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы алуға болады:
8-702-282-08-46 Әсет Жомарт

❤11🍓1
Кубоктің 1/16 финалында «Арыспен» ойнаймыз
Елордада Қазақстан Кубогінің жеребесі тартылды.
Жеребе қорытындысы бойынша «Ақтөбе» футбол клубы доданың 1/16 финалында сырт алаңда «Арыс» (Түркістан облысы) ұжымымен кездеседі.
1/8 финалға шығатын жалғыз команда тек бір матчтың нәтижесі бойынша анықталады. Ойын 8 немесе 9 сәуірде өтеді.

❤16👍2🍓1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✍️ 15 наурыз – Республикалық референдумға қатысып, өз даусыңды бер!
Жаңа Конституция таңдап, ел болашағын бірге анықтайық 🇰🇿
Азаматтық эстафетаны “Елімайдан” қабылдап, “Атырауға” жолдаймыз!

🔥24👎19🤡3❤2🤮1🍓1
Алғыс айту күнімен!
«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған – 1 наурыз Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтайды.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап тоқсаныншы жылдарға дейін әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты сан алуан ұлт өкілдері Қазақстан жеріне қоныс аударған болатын.
Осыдан тура 31 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Алғыс айту күні — тағдыр тәлкегімен кең байтақ жерімізге көшіп келген түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі.
Көктемнің алғашқы күніндегі рухани мереке еліміздің басты байлығы — халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етері анық. Осындай айтулы мейрамда елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілейміз.

❤16💯2🔥1🍓1
Чемпиондық үшін талас осы аптада басталады⚔️🛡️
⚽️ #АқтөбеТобыл
🏆 ҚПЛ
📆 7 наурыз
⏳ 17:00
🏟️ Түркістан Арена
🎟️ Ticketon
⚽️ #АқтөбеТобыл
🏆 ҚПЛ
📆 7 наурыз
⏳ 17:00
🏟️ Түркістан Арена
🎟️ Ticketon
❤38🍓1
Жанкүйерлерге құлаққағыс
7 наурыз күні Түркістан шаһарында өтетін “Ақтөбе” – “Тобыл” арасындағы маусымның тұсаукесер матчына біздің сектор билеттері сатылымға шықты. Сілтемесі төменде:
https://ticketon.kz/#!ticketon:openShow:6336344
Ақ-қызылдардың белсенді жанкүйерлеріне “Түркістан Арена” стадионының Е1 секторы (Шығыс трибуна) бөлінген.
Билеттер Ticketon сайтында сатылады. Құны – 500 тг, балаларға – 300 тг. Қалған сектор билеттері 5 наурыздан бастап сатылады.

❤22👏4🍓2
Маусымға дайынбыз 😤
Ақ-қызылдардың жаңа маусымға ұсынылған құрамы – назарларыңызда!

❤41👍10👏5🍓1