FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
#ҚайратАқтөбе: ақтөбеліктер өз секторларына билет қалдырмады 🎟️

Кеше ҚПЛ ІІ туры аясында өтетін “Қайрат” - “Ақтөбе” командалары арасындағы матчтың билеттері сатылымға шыққанын хабарлағанбыз.

“Ақ-қызылдарға” 24-28 аралығындағы секторлар бөлінген еді. Бір тәулікке жетпей солтүстік трибунаның барлық билеті сатылып кетті.

Орталық стадионда жүздескенше, ақтөбеліктер! 🔴⚪️
❤‍🔥31👍8❤7🔥2🍓1
Бір жасыңызбен! 🤝

Ұлыстың ұлы күні наурыз айында ұлттық жаңа жылымыздың бастауы болған Амал мерекесі құтты болсын!

Тек жақсылықта көрісіп, жеңісті күндерде жүздесейік.
❤49🍓3
𝐁𝐈𝐆 𝐆𝐀𝐌𝐄 𝐓𝐎𝐌𝐎𝐑𝐑𝐎𝐖 🟡⚔️🔴

⚽️
#ҚайратАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 16 наурыз
⏳ 19:00
🏟️ Орталық Стадион
📺 Qazsport

🤍❤️Алға, Ақтөбе!
❤66🔥8🍓2
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#ҚайратАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 16 наурыз
⏳ 19:00
🏟️ Орталық Стадион
📺 Qazsport

🤍❤️Алға, Ақтөбе!
❤50🔥7🍓1
🏁 Санжар Ысқақов – #ҚайратАқтөбе матчының бас төрешісі

Қостанайлық қазы бастаған төрешілер құрамы турдың басты матчына тағайындалды.

«Қайрат» – «Ақтөбе»

Бас төреші: Санжар Ысқақов (Қостанай)
Қапталдағы төрешілер: Алексей Долгих (Павлодар), Евгений Кольев (Павлодар)
Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)
VAR: Данил Горда (Көкшетау)
AVAR: Нұржан Жүнісов (Астана)
Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)
❤18🤡2🍓1
Бүгін «Ақтөбеге» қайдан жанкүйер боласыз? 😇

Қалаңызды, өлкеңізді, еліңізді, аулыңызды жаза кетіңіз 👇
❤19🍓3
#ҚайратАқтөбе : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 KFF League YouTube арнасы, QazSport
❤46👏5🍓1
Алматыдағы ойында жол бердік

Қайрат 1:0 Ақтөбе
🤬74🤡26👎15😭7❤5👍3🔥3🤣1🍓1
🎮 Айбек Айназаров киберфутболдан “Ақтөбе” ФК намысын қорғайды

Ертең Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған eKPL кибертурнирі басталады.

FC26 бойынша әр клубтың киберспортшылары турнирде кім мықтыны анықтамақ.

“Ақтөбенің” намысын жергілікті және республикалық деңгейдегі бірнеше жарыстың жеңімпазы мен жүлдегері атанып үлгерген Айбек Айназаров қорғайды.

Aiba04, сәттілік!
❤19❤‍🔥1🍓1
🇰🇿 Шушеначев – Қазақстан құрамасының қорытынды тізімінде

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов осы айда өтетін FIFA Series турниріне арналған нақты тізімді жариялады.

Қорытынды құрамға 26 ойыншы енді. Олардың қатарында шабуылшы Артур Шушеначев те бар.

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының ІІІ турынан кейін Астанада басталады.

Еске салайық, FIFA Series халықаралық жолдастық турнирі аясында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді.
❤23🍓1
Пибе ҚПЛ-дағы дебюттік ойнын өткізді

Кеше «Ақтөбе» футбол клубының жаңа жартылай қорғаушысы Агустин “Пибе” Пасторица Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Пибе жарақат алып, бір айға жуық алаңға шыға алмаған еді.

Кешегі ойынның соңында тыңнан қосылған Пибе әлі талай “Ақтөбеге” жәрдем береді деген үміттеміз.
❤29🔥5🍓1
🟡🔵 M A T C H D A Y 🔴⚪️

⚽️ #АстанаАқтөбе
🏆 еҚПЛ
🗓️ 18 наурыз
⏰ 18:15
📺 KFF
🍓17❤11👍1
#ҚайратАқтөбе матчы сандар жүзінде ☝️

Өткен ойынды қорытындылап, келесі кездесуге аяқ басамыз.
🍓9❤7👍1
Жанкүйерлердің назарына

21 наурыз күні Түркістан шаһарында өтетін “Ақтөбе” – “Елімай” арасындағы маусымның кезекті матчына біздің сектор билеттері сатылымға шықты. Сілтемесі: https://ticketon.kz/turkestan/event/fk-aktobe-fk-elimay-2026


Ақ-қызылдардың белсенді жанкүйерлеріне “Түркістан Арена” стадионының Е1 секторы (Шығыс трибуна) бөлінген.

Билеттер Ticketon сайтында сатылады. Құны – 500 тг, балаларға – 300 тг.
❤17👎1🔥1🍓1