FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
🇰🇿 Шушеначев – Қазақстан құрамасының қорытынды тізімінде

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов осы айда өтетін FIFA Series турниріне арналған нақты тізімді жариялады.

Қорытынды құрамға 26 ойыншы енді. Олардың қатарында шабуылшы Артур Шушеначев те бар.

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының ІІІ турынан кейін Астанада басталады.

Еске салайық, FIFA Series халықаралық жолдастық турнирі аясында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді.
❤23🍓1
Пибе ҚПЛ-дағы дебюттік ойнын өткізді

Кеше «Ақтөбе» футбол клубының жаңа жартылай қорғаушысы Агустин “Пибе” Пасторица Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Пибе жарақат алып, бір айға жуық алаңға шыға алмаған еді.

Кешегі ойынның соңында тыңнан қосылған Пибе әлі талай “Ақтөбеге” жәрдем береді деген үміттеміз.
❤29🔥5🍓1
🟡🔵 M A T C H D A Y 🔴⚪️

⚽️ #АстанаАқтөбе
🏆 еҚПЛ
🗓️ 18 наурыз
⏰ 18:15
📺 KFF
🍓17❤11👍1
#ҚайратАқтөбе матчы сандар жүзінде ☝️

Өткен ойынды қорытындылап, келесі кездесуге аяқ басамыз.
🍓9❤7👍1
Жанкүйерлердің назарына

21 наурыз күні Түркістан шаһарында өтетін “Ақтөбе” – “Елімай” арасындағы маусымның кезекті матчына біздің сектор билеттері сатылымға шықты. Сілтемесі: https://ticketon.kz/turkestan/event/fk-aktobe-fk-elimay-2026


Ақ-қызылдардың белсенді жанкүйерлеріне “Түркістан Арена” стадионының Е1 секторы (Шығыс трибуна) бөлінген.

Билеттер Ticketon сайтында сатылады. Құны – 500 тг, балаларға – 300 тг.
❤17👎1🔥1🍓1
Мейрам құтты болсын 🕌

«Ақтөбе» футбол клубы бүкіл мұсылман қауымын келіп жеткен осынау қасиетті де асыл мереке күнімен құттықтай отырып, Айт намазында тілеген дұғаларыңыз бен Рамазандағы тұтқан оразаларыңыздың қабыл етуін тілейді.

Жанұяларыңызды Алла Тағала құт-берекелі етіп, ал дастархандарыңызды несібе мен ырыздыққа толтырсын!

Ораза Айт мүбәрак болсын!

🔴⚪️🤲
❤30🍓2
𝐍𝐄𝐗𝐓 🔜 🔴⚪️ AKTOBE⚔️ ELIMAI 🟢

🏟️ Түркістан Арена
📆 21 наурыз
⏳ 17:00
❤17🔥9❤‍🔥2🍓1
𝗕𝘆 𝗼𝗿𝗱𝗲𝗿 𝗼𝗳 𝘁𝗵𝗲 𝗣𝗲𝗮𝗸𝘆 𝗕𝗹𝗶𝗻𝗱𝗲𝗿𝘀🛡️

⚽️ #АқтөбеЕлімай
🏆 ҚПЛ
📆 21 наурыз
⏳ 17:00
🏟️ Түркістан Арена
📺 Qazsport
❤27🍓3😁2
🏁Есмұратов – #АқтөбеЕлімай матчының бас төрешісі

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы маусымның Премьер-лигасының 3-туры матчтарына қызмет көрсететін төрешілерді анықтады.

21 наурыз
Ақтөбе – Елімай

Бас төреші: Арман Есмұратов (Астана)

Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай), Евгений Филипчук (Шымкент)
Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)

VAR: Татьяна Сорокопудова (Қарағанды)
AVAR: Самат Тергеусізов (Алматы)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)
❤5🍓1
Бүгін «Ақтөбеге» қай шаһардан жанкүйер боласыз? 👀

Қалаңызды, өлкеңізді, еліңізді, аулыңызды астына жаза кетіңіз 👇
❤13👏1🍓1
#АқтөбеЕлімай : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

Қосалқы құрам: Трофимец, Құсайынов, Пасторица, Байдәулетов, Сейдахмет, Кеңесов, Кикбаев, Латурнус

📺 QazSport
❤33🍓1
😣
🤡79💩27👎18😭8❤4👏3🤨3🔥1🍓1
Ұлыс оң болсын!🌷

«Ақтөбе» футбол клубы баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Клуб ұжымы дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбастарыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейді!
❤18👎7🍓1
Рақмет, бапкер!

Екі жақтың келісімі бойынша Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен ресми кетті.

62 жастағы болгариялық маман былтырғы маусымның ортасында команданы қиын-қыстау кезеңде тізгіндеп, ақ-қызылдармен бірге чемпионатта бесінші орынға табан тіреді.

2025 жылдың тамызынан бері Костовтың басшылығымен “Ақтөбе” ҚПЛ аясында он ойын өткізіп, оның төртеуін жеңсе, біреуінде тең ойнады және қалған бесеуінде жеңіліске ұшырады.

Костовпен бірге оның екі көмекшісі Йоан Даниелов-Атанасчев пен Михаил Цоков та ақ-қызылдармен қош айтысты.

«Ақтөбе» футбол клубы жаттықтырушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына сәттілік тілейді.
❤34🔥9😢6🍓1