FC Aktobe
3.46K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
#АқтөбеЕлімай : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

Қосалқы құрам: Трофимец, Құсайынов, Пасторица, Байдәулетов, Сейдахмет, Кеңесов, Кикбаев, Латурнус

📺 QazSport
❤33🍓1
😣
🤡79💩27👎18😭8❤4👏3🤨3🔥1🍓1
Ұлыс оң болсын!🌷

«Ақтөбе» футбол клубы баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Клуб ұжымы дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбастарыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейді!
❤18👎7🍓1
Рақмет, бапкер!

Екі жақтың келісімі бойынша Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен ресми кетті.

62 жастағы болгариялық маман былтырғы маусымның ортасында команданы қиын-қыстау кезеңде тізгіндеп, ақ-қызылдармен бірге чемпионатта бесінші орынға табан тіреді.

2025 жылдың тамызынан бері Костовтың басшылығымен “Ақтөбе” ҚПЛ аясында он ойын өткізіп, оның төртеуін жеңсе, біреуінде тең ойнады және қалған бесеуінде жеңіліске ұшырады.

Костовпен бірге оның екі көмекшісі Йоан Даниелов-Атанасчев пен Михаил Цоков та ақ-қызылдармен қош айтысты.

«Ақтөбе» футбол клубы жаттықтырушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына сәттілік тілейді.
❤34🔥9😢6🍓1
☺️ Сәуір болмай, тәуір болмайды

Көкек айының күнтізбесі – сіздің назарда 🗓️
❤31🍓1
Штефан Таркович – «Ақтөбе» ФК жаңа бас бапкері

53 жастағы словак маманы Штефан Таркович «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері лауазымына тағайындалды.

Ойыншы ретінде Таркович өз отанындағы “Татран”, “Рапид” сияқты бірқатар ұжымдарда өнер көрсеткен. Бапкерлік мансабын Братиславаның “Спойе” клубында бастап, кейіннен Словакияның U17, U18, U19 (оның ішінде қыздар) құрамаларында бас бапкер көмекшісі қызметін атқарған. Одан бөлек, “Кошице” және “Жилина” сынды белді клубтарда әртүрлі міндетті абыроймен алып жүрген.

Ұлттық құрама деңгейінде Словакияны 2020 жылғы Еуропа чемпионатына шығарса, Қырғызстанды 2026 жылғы Әлем чемпионатының үшінші іріктеу кезеңіне дейін тарихта алғаш рет жетеледі.

Тәжірибесі мол жаттықтырушыны ақ-қызылдар құрамында жылы қарсы ала отырып, оған және оның бапкерлік штабына “Ақтөбені” жарқын жеңістерге жеткізу бағы бұйырсын деген тілек айтамыз.
❤37👍18🔥3👎2🤣2😁1💩1🥴1🍓1
Карол Праженица – «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі 🇸🇰

55 жастағы словак маманы Карол Праженица бас жаттықтырушы Штефан Таркович бастаған “Ақтөбе” футбол клубының бапкерлік штабына енді.

Праженица – PRO лицензиясы бар білікті бапкер. Ойыншы ретінде Словакияның “Дукла”, “Банска” және “Кошице” клубтарында, Чехияның “Славия” (Прага), “Дукла” мен “Ческе Будейовице”, сондай-ақ Хорватияның “Хайдук”, Грекияның “ОФИ” (Крит), Германияның “Вильхельмсхавен” және Венгрияның “Матяж” сынды клубтарында өнер көрсеткен.

Бапкердің көмекшісі ретінде “Дунайска Стреда” ұжымында, бас бапкер болып “Римавска”, “Липтовски”, “Подбрезова”, “ВиОн” және “Сеница” клубтарында қызмет атқарған. Тарковичпен бірге Қырғызстан ұлттық құрамасында жұмыс істеген.
❤21👏13😁2💩1🥴1🍓1
🇵🇹 Португалдық бапкерлер «Ақтөбеге» екі апта бойы көмектеседі

«Ақтөбе» футбол клубының португалиялық “Бенфика” сынды клубтармен ынтымақтастығы өз жемісін бере бастады.

Ойыншыларымыздың қалыпқа келуі мен физикалық күш-қуатын арттыру мақсатында командаға Жоао Соттомайор Фернандеш Рикардо мен Томаш Жозе Рего Мота атты аса тәжірибелі мамандар келіп қосылды.

Остеопатия, фитнес, физиотерапия салаларының үздіктері атанған Соттомайор мен Томаш Мота әлемдік футбол жұлдыздарының көпшілігімен жұмыс істеп, жөнге салған. Олардың қатарында – Луиш Нани, Рикардо Куарежма, Себастьян Джовинко, Серхио Агуэро, футзалшы Рикардиньо, Бруну Алвеш және басқалары.

Аталмыш бапкерлер біздің жаттықтырушылармен тәжірибе алмасып, команданың физикалық хал-ахуалын біршама деңгейге шығарады деп жоспарланған.
🔥32❤11👏8🤣2🍓1
Карлос Чаиньо «Ақтөбе» футбол клубының скаутинг саласын дамытады 🇵🇹

Анголада туған португалиялық маман Карлос Нарсисо Чаиньо «Ақтөбе» футбол клубының спорт бөлімін толықтырды.

51 жастағы экс-жартылай қорғаушы ойыншы ретінде Португалияның «Каса Пиа», «Эштрела», «Порту», «Маритиму» және «Насьонал», Испанияның «Сарагоса», Грекияның «Панатинаикос», Кипрдың «Алки» (Ларнака) және Иранның «Шахин Бушер» клубтарында ойнаған.

Бапкер ретінде португалиялық «Навал», «Тондела», «Виториа Сетубал» және «Каса Пиа» ұжымдарында қызмет атқарған.

Чаиньо – қазіргі таңда Португалия чемпионатының амбассадоры. Біздің клубта маман спорт директоры Марат Хайруллинге трансфер және селекция (іріктеу) жағынан жәрдемдеседі.
❤33👍3🔥3👎2🍓1
🔜🏟️Келесі матч – #ҰлытауАқтөбе

⚽️ #ҰлытауАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 5 сәуір
⏳ 15:00
🏟️ Металлург
📺 KFF League YouTube арнасы
❤14🤬4🍓1💊1
Мартин Руснак – «Ақтөбе» бас бапкерінің көмекшісі 🇸🇰

49 жастағы словак маманы Мартин Руснак «Ақтөбе» футбол клубының бапкерлік штабына енді.

PRO лицензиясы бар жаттықтырушы Словакия және Қырғызстан ұлттық құрамаларында физикалық даярлық бапкері болып қызмет атқарған. Братиславалық “Слован” клубының бапкерлік құрамында жұмыс істеген.

«Ақтөбеде» Руснак бас бапкер Тарковичке физдайындық тұрғысынан көмек бермек.
❤31👏10🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#ҰлытауАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 5 сәуір
⏳ 15:00
🏟️ Металлург
📺 KFF League YouTube арнасы
❤17🍓1
Ұлытау – Ақтөбе матчына баратын жанкүйерлер назарына!

Ақтөбелік жанкүйерлер үшін «Металлург» стадионының А секторы (Оңтүстік трибуна) бөлінген. Матчқа кіру тегін.

Ұлытау – Ақтөбе матчы бүгін сағат 15:00-де басталады.
❤9👌1🍓1
🏁 Марат Ысқақов – #ҰлытауАқтөбе матчының бас төрешісі

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Премьер-лиганың ойындарының 4-турында қызмет ететін төрешілерді тағайындады.

5 сәуір
«Ұлытау» – «Ақтөбе»

Бас төреші: Марат Ысқақов (Астана)
Қосалқы төрешілер: Евгений Карлов (Павлодар), Антон Сысоев (Көкшетау)
Төртінші төреші: Станислав Шелег (Қостанай)
VAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
AVAR: Нариман Талапкеров (Орал)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)
👍9❤5🍓1
#ҰлытауАқтөбе: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈 📝

📺 KFF LEAGUE YouTube-арнасы
❤17👍10🔥2👎1🤮1🍓1
Жезқазғанда ұпай бөлістік 🤝

Ұлытау 1:1 Ақтөбе

⚽️ 81’ Соса
👎63❤13🤮6💩3🖕2🍓1🎃1
Кубоктегі жорығымызды бастаймыз 🏆

⚽️ #АрысАқтөбе
🏆 Қазақстан Кубогі
📆 9 сәуір
📍 Арыс қаласы
⏳ 15:00
🏟️ Орталық стадион
📺 KFF League YouTube арнасы
👍25❤3🍓1
🎉 Туған күніңмен, Артур!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Артур Шушеначевтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤27🎉13👎11💩4👍1🤣1🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#АрысАқтөбе
🏆 Қазақстан Кубогі
📆 9 сәуір
📍 Арыс қаласы
⏳ 15:00
🏟️ Орталық стадион
📺 KFF League YouTube арнасы
❤21👎3🍓1