FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
🇵🇹 Португалдық бапкерлер «Ақтөбеге» екі апта бойы көмектеседі

«Ақтөбе» футбол клубының португалиялық “Бенфика” сынды клубтармен ынтымақтастығы өз жемісін бере бастады.

Ойыншыларымыздың қалыпқа келуі мен физикалық күш-қуатын арттыру мақсатында командаға Жоао Соттомайор Фернандеш Рикардо мен Томаш Жозе Рего Мота атты аса тәжірибелі мамандар келіп қосылды.

Остеопатия, фитнес, физиотерапия салаларының үздіктері атанған Соттомайор мен Томаш Мота әлемдік футбол жұлдыздарының көпшілігімен жұмыс істеп, жөнге салған. Олардың қатарында – Луиш Нани, Рикардо Куарежма, Себастьян Джовинко, Серхио Агуэро, футзалшы Рикардиньо, Бруну Алвеш және басқалары.

Аталмыш бапкерлер біздің жаттықтырушылармен тәжірибе алмасып, команданың физикалық хал-ахуалын біршама деңгейге шығарады деп жоспарланған.
🔥32❤11👏8🤣2🍓1
Карлос Чаиньо «Ақтөбе» футбол клубының скаутинг саласын дамытады 🇵🇹

Анголада туған португалиялық маман Карлос Нарсисо Чаиньо «Ақтөбе» футбол клубының спорт бөлімін толықтырды.

51 жастағы экс-жартылай қорғаушы ойыншы ретінде Португалияның «Каса Пиа», «Эштрела», «Порту», «Маритиму» және «Насьонал», Испанияның «Сарагоса», Грекияның «Панатинаикос», Кипрдың «Алки» (Ларнака) және Иранның «Шахин Бушер» клубтарында ойнаған.

Бапкер ретінде португалиялық «Навал», «Тондела», «Виториа Сетубал» және «Каса Пиа» ұжымдарында қызмет атқарған.

Чаиньо – қазіргі таңда Португалия чемпионатының амбассадоры. Біздің клубта маман спорт директоры Марат Хайруллинге трансфер және селекция (іріктеу) жағынан жәрдемдеседі.
❤33👍3🔥3👎2🍓1
🔜🏟️Келесі матч – #ҰлытауАқтөбе

⚽️ #ҰлытауАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 5 сәуір
⏳ 15:00
🏟️ Металлург
📺 KFF League YouTube арнасы
❤14🤬4🍓1💊1
Мартин Руснак – «Ақтөбе» бас бапкерінің көмекшісі 🇸🇰

49 жастағы словак маманы Мартин Руснак «Ақтөбе» футбол клубының бапкерлік штабына енді.

PRO лицензиясы бар жаттықтырушы Словакия және Қырғызстан ұлттық құрамаларында физикалық даярлық бапкері болып қызмет атқарған. Братиславалық “Слован” клубының бапкерлік құрамында жұмыс істеген.

«Ақтөбеде» Руснак бас бапкер Тарковичке физдайындық тұрғысынан көмек бермек.
❤31👏10🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#ҰлытауАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 5 сәуір
⏳ 15:00
🏟️ Металлург
📺 KFF League YouTube арнасы
❤17🍓1
Ұлытау – Ақтөбе матчына баратын жанкүйерлер назарына!

Ақтөбелік жанкүйерлер үшін «Металлург» стадионының А секторы (Оңтүстік трибуна) бөлінген. Матчқа кіру тегін.

Ұлытау – Ақтөбе матчы бүгін сағат 15:00-де басталады.
❤9👌1🍓1
🏁 Марат Ысқақов – #ҰлытауАқтөбе матчының бас төрешісі

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Премьер-лиганың ойындарының 4-турында қызмет ететін төрешілерді тағайындады.

5 сәуір
«Ұлытау» – «Ақтөбе»

Бас төреші: Марат Ысқақов (Астана)
Қосалқы төрешілер: Евгений Карлов (Павлодар), Антон Сысоев (Көкшетау)
Төртінші төреші: Станислав Шелег (Қостанай)
VAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
AVAR: Нариман Талапкеров (Орал)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)
👍9❤5🍓1
#ҰлытауАқтөбе: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈 📝

📺 KFF LEAGUE YouTube-арнасы
❤17👍10🔥2👎1🤮1🍓1
Жезқазғанда ұпай бөлістік 🤝

Ұлытау 1:1 Ақтөбе

⚽️ 81’ Соса
👎63❤13🤮6💩3🖕2🍓1🎃1
Кубоктегі жорығымызды бастаймыз 🏆

⚽️ #АрысАқтөбе
🏆 Қазақстан Кубогі
📆 9 сәуір
📍 Арыс қаласы
⏳ 15:00
🏟️ Орталық стадион
📺 KFF League YouTube арнасы
👍25❤3🍓1
🎉 Туған күніңмен, Артур!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Артур Шушеначевтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤27🎉13👎11💩4👍1🤣1🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#АрысАқтөбе
🏆 Қазақстан Кубогі
📆 9 сәуір
📍 Арыс қаласы
⏳ 15:00
🏟️ Орталық стадион
📺 KFF League YouTube арнасы
❤21👎3🍓1
«Арыс» – «Ақтөбе» матчына барғалы отырған жанкүйерлер назарына!

Ақтөбелік жанкүйерлер үшін Орталық стадионның «1» секторы бөлінген.

Арыс – Ақтөбе кубоктік матчы бүгін сағат 15:00-де басталады.
❤15🍓1
Қазбеков – #АрысАқтөбе матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ Төрешілік және инспекция департаменті 2026 жылғы Olimpbet Қазақстан Кубогінің 1/16 финал матчтарында қызмет көрсететін төрешілер құрамын бекітті.

9 сәуір

«Арыс» – «Ақтөбе»

Бас төреші: Әнуар Қазбеков (Қостанай)

Қапталдағы төрешілер: Максим Панин, Ернар Вахитов (Қостанай)
Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда)
Инспектор: Мирамбек Мұрзабеков (Қызылорда)
❤8🍓1
#АрысАқтөбе: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈 📝

📺 KFFLEAGUE-2026 YouTube арнасы
👍12❤3🍓1
Кубоктің келесі кезеңіне шықтық ⚡️

Арыс 0:4 Ақтөбе

⚽️ Шушеначев
⚽️ Ерланов
⚽️ Соса
⚽️ Желькович
❤39👍12🔥4🤡4👎3🍓2👏1
Дарын «Ақтөбенің» негізгі құрамында дебют жасады

«Ақтөбенің» 18 жастағы түлегі Дарын Оспан кеше өткен #АрысАқтөбе кубоктік матчында алаңға тыңнан қосылды.

Осылайша, жас қорғаушы бірінші команда сапындағы дебюттік матчын өткізді.

Бұған дейін Дарын жасөспірімдер деңгейінде QJ League жарысында және «Ақтөбе» жастар командасы құрамында Бірінші лигада өнер көрсеткен.

Ұзағынан болсын!
👍28❤6🍓1
Ертең «Каспиймен» ойнаймыз⚓️🌊

⚽️ #АқтөбеКаспий
🏆 ҚПЛ
📆 12 сәуір
⏳ 19:00
🏟️ Түркістан Арена
📺 KFF League YouTube арнасы
❤29🍓1