FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
296 videos
1 file
232 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Матчта жарақат алған жанкүйермен мәмілеге келдік 🤝

#АқтөбеАлтай кубоктік матчы барысында Аянай Елтоқова есімді жанкүйер ару қонақ команда ойыншысынан серпілген доптан жарақат алған еді.

Орталық стадионда Аянайға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, артынша жедел жәрдем көлігімен ол жақын ауруханаға жеткізілді. Ем-дом шаралары жасалды.

Оқиғадан соң «Ақтөбе» футбол клубы зардап шеккен жанкүйермен бірден хабар алысып, мәмілеге келу қадамын жасады. Бүгін болса Аянай Дулатқызы жұбайымен бірге біздің кеңсемізге келіп, Луиш Нанимен кездесті.

Командамыздың жұлдызы меймандарға қол қойылған естелік жейдесін сыйға тартып, қауіпсіз сектордан маусымдық екі абонемент ұсынды. Осылайша, қос тарап жылы лебіз танытып, өзара ымыраға келді. «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңындағы матчтарды ұйымдастырушы ретінде стадиондағы жанкүйерлер қауіпсіздігін сақтап келеді және алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра бермек.
👍22❤4🥰1🍓1
#АқтөбеҚызылжар матчының билеттері ертең (22 мамыр) таңғы сағат 10:00-де сатылымға шығады 🎟️

Сенбі күні Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбе» өз стадионында «Қызылжарды» қабылдайды.

Ойын Орталық стадионда өтеді. Билеттерді ертең таңғы 10:00-ден бастап тек «Яндекс Афиша» сайтынан ғана сатып ала аласыздар.

«Ақтөбе» — «Қызылжар» матчы 23 мамыр күні сағат 19:00-де басталады.
❤22🍓2
Латурнус Қазақстан U19 құрамасына шақырту алды 🇰🇿

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының 6-тобында жарыс жолын бастайды.

Топтық кезең матчтары Грекияның Салоники қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 3 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Екінші турда 6 маусымда Сербиямен кездессе, соңғы ойында 9 маусымда алаң иелері Грекия құрамасымен ойнайды.

Құрамаға “Ақтөбе” жас шабуылшысы Виталий Латурнус шақыртылды. Сондай-ақ “Тараз” сапына жалға берілген түлегіміз – қорғаушы Хасен Артурұлы жасөспірімдер құрамасына шақырту алған.

Сәттілік!
❤27❤‍🔥2👏2🍓1
🎟️«Қызылжар» өз алаңымыздағы матчқа билеттер – «Яндекс Афиша» сайтында сатылымда

Билеттерді мына сілтеме бойынша сатып ала аласыздар:
https://widget.afisha.yandex.ru/w/events/833670?clientKey=6030cb26-6585-43c3-ae7e-97e58f0a307e&regionId=20273

#АқтөбеҚызылжар матчы 23 мамыр (сенбі) сағат 19:00-де басталады. Ойын Орталық стадионда өтеді.
❤11🍓1
ЕРТЕҢ – #АқтөбеҚызылжар 🛡️

⚽️ #АқтөбеҚызылжар
🏆 ҚПЛ
📅 23 мамыр
🕰️ 19:00
🏟️ «Қобыланды батыр»
📺 KFF League YouTube арнасы
❤25🍓3
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#АқтөбеҚызылжар
🏆 ҚПЛ
📅 23 мамыр
🕰️ 19:00
🏟️ «Қобыланды батыр»
📺 KFF League YouTube арнасы
❤22🍓1
Денис Тевяшов – #АқтөбеҚызылжар матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 11-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

23 мамыр
Ақтөбе – Қызылжар

Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал)

Қапталдағы төрешілер: Вячеслав Равдель (Орал), Тимур Тұрсымбаев (Астана)

Қосалқы төреші: Елдос Қанаев (Шымкент)

VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Станислав Лесив (Семей)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)
❤10👏1🍓1
#АқтөбеҚызылжар: 𝑺𝑻𝑨𝑹𝑻𝑰𝑵𝑮 𝑿𝑰 🛡️

📺 KFF League YouTube-арнасы
❤14🍓1
Бүгінгі кеште есеп ашылмады 👀

Ақтөбе 0:0 Қызылжар
👎81🤬7❤2🍓1😭1🗿1😡1
Жоао Гауденсио «Ақтөбе» сапынан кетті

Бразилиялық орталық жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсио Нуньес өзара келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубымен қош айтысты.

23 жастағы хавбек сәуір айының басында ақ-қызылдар құрамын толықтырған еді.

Ойыншыға ынтымақтастық үшін алғыс және ілгергі мансабына тілектестік білдіреміз.
🤣58😁6❤5🤡5🤨2🕊1🍌1🍓1🗿1
Заруцкий мен Ерімбетов ұлттық құрамаға шақырту алды 🇰🇿

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Маусым айында Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді. 6 маусымда Армениямен кездессе, 9 маусым күні Мажарстанмен ойнайды.

Қорытынды тізімге 25 футболшы енді. Тізімде “Ақтөбе” қақпашысы Александр Заруцкий де бар. Сондай-ақ ұлттық құраманың дене даярлығы бапкері ретінде біздің жаттықтырушы Мұхтар Ерімбетов шақырылды.

Сәттілік!
👍24❤5💯2🍓1
🕌Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

«Ақтөбе» футбол клубы баршаңызды мұсылмандардың Ұлық мейрамдарының бірі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтайды.

Отбастарыңызға амандық, шаттық, мол бақыт тілейміз! Шалған құрбандықтарыңызды Алла Тағала қабыл етіп, айттан-айтқа аман-есен жетуді жазсын!
❤41🍓1
Ертең Көкшетауда ойнаймыз⚔️🛡️

⚽️
#ОқжетпесАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 28 мамыр
🕰️ 15:00
🏟️ «Оқжетпес»
📺 KFF League YouTube арнасы
❤21💯4👎3🔥2🍓1
🤍❤️Туған күніңмен, сүйікті қалам!
❤44👏1🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#ОқжетпесАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 28 мамыр
🕰️ 15:00
🏟️ «Оқжетпес»
📺 KFF League YouTube арнасы
❤16🍓1
Александр Затула – #ОқжетпесАқтөбе матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

28 мамыр
«Оқжетпес» – «Ақтөбе»

Бас төреші: Александр Затула (Өскемен)

Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Артем Волков (Атырау)

Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Нариман Талапкеров (Орал)
AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды)
Инспектор: Елеш Құсайынов (Астана)
❤9🍓1
БІЗДІҢ СЕКТОР – З

❗Бүгін #ОқжетпесАқтөбе матчына барғалы жатқан ақтөбелік жанкүйерлердің назарына

Ақ-қызылдарды сіздер “Оқжетпес” стадионындағы З секторында отырып қолдай аласыздар.

Матч бүгін 15:00-де басталады.
❤16🍓1
#ОқжетпесАқтөбе: 𝑺𝑻𝑨𝑹𝑻𝑰𝑵𝑮 𝑿𝑰 🛡️

📺 KFF League YouTube-арнасы
❤13👎8🍓1
𝑮𝑶𝑨𝑳! @laturnus.v19 🔥😍

#ОқжетпесАқтөбе – 1:1
❤52🔥4🍓2