FC Aktobe
3.42K subscribers
2.05K photos
306 videos
1 file
233 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Рақмет Кэп!

“Ақтөбе” ФК аргентиналық жартылай қорғаушы Лионель Струмиямен келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты, ойыншымен қош айтысты.

Леоға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, Лео Струмия 2024 жылы барлық турнирлерде “Ақтөбе” ФК үшін 29 матч өткізді.
😭67👍11❤6😢6💘5🔥1🍓1
Рақмет Матео!

Хорватиялық қорғаушы Матео Барач “Ақтөбе” ФК құрамында қалмайды. Матео мен клуб арасында келісімшарт мерзімі аяқталды.

Барачқа “ақ-қызылдар” сапында төккен тері үшін алғыс білдіре отырып, қоштасамыз!

Матео Барач “Ақтөбе” ФК құрамында 2024 жылы барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, 1 гол соқты.
👍29❤6👏4🍓1
🇹🇷«Ақтөбенің» алғашқы шетелдік жиыны 11 қаңтарда басталады

Ақ-қызылдар жаңа маусымға дайындық барысындағы оқу-жаттығу жиынын бастағалы отыр.

Игорь Леонов шәкірттері 11-30 қаңтар аралығында келер маусымға даярлығын Түркияда өткізбек.

Анталиядағы (Белек) ОЖЖ аясында ақтөбеліктер 4 бақылау матчын ойнайды:

19.01 | Локомотив София (Болгария)
22.01 | Вардар (Солтүстік Македония)
26.01 | Пахтакор (Өзбекстан)
29.01 | Дукаджини (Косово)
🔥16👍3❤2🍓1
Рақмет Хосе!

“Ақтөбе” сапында ойнаған Эквадорлық жартылай қорғаушы Хосе Севальостың келісімшарт мерзімі аяқталды. Клуб Хосенің команда нәтижесіне қосқан үлесі үшін зор алғыс білдіреді. Алдағы еңбек жолына сәттілік тілейді!

Естеріңізге салайық, Хосе 2024 жылы “Ақтөбе” ФК сапында барлық турнирлерде 26 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
🔥20❤4👏4😢3🍓1
“Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін “Ақтөбе” ФК директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуов
ұжымды жаңа төрағамен таныстырды. Төрағалық міндетті “Ақтөбе” ФК түлегі, экс-футболшы Нұрымұлы Санат Шалекенов атқаратын болды.

Айта кетейік, Санат Шалекенов 2007 жылдан бері “Ақтөбе-Жас” командасында ойнады. 2013-2014 жылдары негізгі құрамға шақырту алды. Сондай-ақ, мансабында “Ақжайық”, “Тобыл”, “Атырау”, “Каспий” командаларының құрамында доп тепкен. “Қазақстан U-21” жастар құрамасына шақырылды.

Қорғаушы позициясында ойнаған Санат Шалекенов 2010 жылы “Тобыл” ФК сапында, 2013 жылы “Ақтөбе” ФК сапында футболдан “Қазақстан Премьер-лигасының” чемпионы атанды.
👍13❤7🍓1
Санат Шалекенов: Мақсатымыз айқын – чемпиондық!

– Облыс басшылығына артылған сенім үшін алғыс білдіремін. “Ақтөбе” ФК менің бала кезден жаныма жақын, менің сүйікті командам болып қала бермек. Енді мақсатымыз айқын - мүмкін болған жүлденің бәрін жеңу. Алғашқысы әрине Суперкубок. Сондай-ақ Премьер лиганың чемпиондығы, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу. Бірінші кезекте жанкүйерлеріміздің көңілінен шығатын ойын үлгісін көрсетуді басты назарға аламыз.
❤20👏8👍1🍓1
Жанкүйерлерге мың алғыс!

“Ақтөбе” ФК жанкүйер жинау бойынша әлем рейтингінде 283 орынға жайғасты. Қобыланды батыр атындағы стадионның сыйымдылығы 12 669 адам. Аталған стадионда маусымды толыққанды өткізбейтінімізді ескерсек, бұл көрсеткішпен ақ-қызылдар мақтануға тұрарлық.
Биыл Қобыланды батыр стадионына 50 жыл толады. Аталған стадионда соңғы маусымдарымыздың бірін өткізіп жатуымыз әбден мүмкін. Себебі, облыс басшылығы биыл жаңа 35 000 адамдық стадион салынатынын айтқан. Жаңа стадион ашылған соң, бұл көрсеткішті әлдеқайда жақсарта аламыз деп ойлаймыз.

Қаншама жылдар бойы командаға қолдау білдіріп келе жатқан “ақ-қызыл” жанкүйерлердің бәріне алғыс білдіреміз!
❤55👏6💘5🔥3👍1🍓1
Forwarded from Freedom QJ League
🔴 Аманбек Нияров – левый вингер альтернативной сборной QJ League

Аманбек – яркий и креативный левый вингер, который стал одним из самых опасных игроков своей команды в атаке. В сезоне он провел 17 матчей, в которых показал свои лучшие качества – скорость, технику и способность решать эпизоды на поле. На его счету 2 забитых гола и 4 голевые передачи, что подчеркивает его важность в создании и завершении атак.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👍5🍓1
Команданың оқу-жаттығу жиынына келген құрамы

Бүгін Леонов шәкірттері маусымалды жиынын бастайды. Түркияға команда 18 ойыншымен келді. Өзге де ойыншылар қаралымға келеді деп күтілуде. Қаралымға келетін ойыншыларды біздің парақшамызда хабарлайтын боламыз.

Бүгін команда жаттығуын бастайды.
🔥25❤5👎2🍓1
Ақтөбенің түлегі Саят Жұмағали команда қосынында

Орталық қорғаушы Саят Жұмағали “Ақтөбе” ФК қаралымнан өтеді. Леонов бапкердің көңілінен шықса, Саят командаға қайта оралуы мүмкін. Айта кетейік, команда алғашқы жиында 4 жолдастық кездесу өткізеді. Осы ойындарда Саяттың ойынына баға береміз.

Саят мансабын “Ақтөбе” ФК құрамында бастады. 2014-2019 жылдары негізгі құрамда ойнап, кәсіпқой мансабындағы алғашқы голын “Астана” ФК қақпасына соқты.
❤21👍8👎1🍓1
Ақтөбе ФК бапкерлік құрамындағы өзгерістер

Жаңа маусымнан бастап қақпашылар бапкері болып Олег Шевченко тағайындалды. Украиналық 50 жастағы маман 2003 жылдан бастап бапкерлік мансабын бастаған. Оған дейін украиналық командалар сапында ойнап, КСРО U-16 құрамасының қақпашысы болды. Бапкерлік мансабының көпшілік бөлігінде Донецк қаласының “Шахтер” және “Металлург” командаларының жастар құрамасы қақпашыларын жаттықтырған. Енді Ақтөбе қосынындағы қақпа күзетшілерінің біліктілігін арттырады.

Іске сәт Олег Валентинович!
👌20❤3👍3🍓2
“Ақтөбе” ФК 2025 жыл бапкерлік құрамындағы өзгерістер

Бас бапкердің көмекшісі қызметіне Жасур Нарзикулов тағайындалды. Айта кетейік, Жасур Ақтөбе сапында 2006-2008, 2012-2014 және 2020-2021 жылдары ойнап, Премьер лиганың екі дүркін, суперкубоктың екі мәрте жеңімпазы және бірінші лиганың чемпионы атанды. Соңғы жылдары Жасур Ақтөбе футбол орталығының жастарын баптаған еді. Ендігі маусымда Игорь Леонов бапкермен бірге негізгі құрамның жетістіктеріне үлес қосатын болады.

Жасурға сәттілік тілейміз
👏23👍5🙊2❤1🍓1
Оралхан Өміртаев Ақтөбе қосынына келді

Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Ақтөбенің Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды. 26 жастағы шабуылшы өткен жылы Беларусь чемпионатында ойнаған еді. “Слуцк” және “БАТЭ” командаларының сапында барлығы 27 ойын өткізіп, 10 рет гол соққан.
🔥60👍5❤2👎2🍓1
𝐒𝐔𝐏𝐄𝐑𝐂𝐎𝐏𝐀 🏆

🟡⚫️⚔️🔴⚪️ | 22 АҚПАН

🏟️Астана Арена
❤48🔥12👍1👏1🍓1
Рақмет Жайро!

“Ақтөбе” ФК экс-ойыншысы Жайро Жан әрі қарайғы мансабын Кувейт чемпионатында жалғастырады.
Жайроға атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
👎55🫡13😭8❤2😁2🍓2👍1👏1🤮1