«MOBIL 1» - ресми демеуші!
«Ақтөбе» футбол клубы мен «KULAN OIL» дистрибютерлік компаниясы демеушілік келісім жасасты.
«MOBIL 1» - бұл синтетикалық мотор майларының бренді. Сонымен қатар “MOBIL 1” әлемдік нарықта ең танымал және кең тараған мотор майларының бірі болып табылады. “MOBIL 1”автомобиль майын қолдана отырып, сіз қозғалтқыш бөлшектерінің қызмет ету мерзімін арттырасыз және бүкіл қуат блогының қауіпсіз және оңтайлы жұмысын қамтамасыз етесіз. Ал елімізге осы мотор майларын 1997 жылдан бері тасымалдайтын ресми дистрибютері “Kulan Oil” компаниясы.
«MOBIL 1» – әлемге танымал бренд. Мұндай ірі брендттердің қолдауы клубтың дамуына және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Бұл серіктестік екі тарапқа да пайдалы болады деп сенемін», - деп атап өтті басқарма төрағасы Санат Шалекенов.

🔥17👍5❤1👏1🍓1
Билеттер ертең сатылымға шығады
Өз алаңымызда өтетін “Ақтөбе” - “Қайсар” командалары арасындағы матчтың билеттері ертең 10:00 бастап сатылымға шығады. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан ала аласыздар.
Айта кетейік, матч ОСДЮШОР стадионында сағат 16:00 өтеді.

❤12👌3👏2🍓1
“Ақ-қызыл” ақсақалымызға абонемент табысталды
Жуырда “Arena” спорт порталының негізін қалаушы, спорт-журналисті Айбек Намазбаевтың бастамасымен, жанкүйерлер талай шақырымды артқа тастап, “Ақтөбе” ФК ойындарына ауылдық жерден қатынайтын Бауыржан есімді жанкүйерге абонемент сыйлауды қолға алған болатын. 70-ке таяған азамат соңғы 5 жылда немерелерімен бірге өз алаңымыздағы бірде бір матчтан қалмаған. Жанкүйерлер бірігіп, Бауыржан ағамызға екі абонемент сыйлады.
Бұл жайтты естіген “Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы Санат Шалекенов ардагер жанкүйерді қабылдады. Команда капитаны Әлібек Қасым ойыншылардың қолтаңбасы қойылған ойын жейдесін табыстады.
-Жігіттерге мықты жігер, маусымда сәттілік тілеймін. Әлібек Қасымның ойынына өз басым ризамын. Бүгін дидарласып, қолтаңбасын алғаныма қуаныштымын, – деді Бауыржан мырза.
Енді ақсақал Қобыланды батырдағы ойындарды жібермей қарауға мүмкіндік алды.

👏27❤8👍3🍓1
🎟️Билеттер сатылымда
Өз алаңымызда өтетін “Ақтөбе” - “Қайсар” командалары арасындағы матчтың билеттері Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты. Билеттерді келесі сілтеме арқылы ала аласыздар: https://ticketon.kz/aktobe/event/fk-aktobe-fk-kaysar
Айта кетейік, матч 6 сәуір күні ОСДЮШОР стадионында сағат 16:00-де өтеді.

👍10🔥3❤1🍓1
2 КҮННЕН СОҢ ҚАЙСАРДЫ ҚАБЫЛДАЙМЫЗ 🔜🐺
🆚 #АқтөбеҚайсар
🏆 Премьер-лига
📆 6 сәуір
⏳ 16:00
🏟️ ОСДЮСШОР
🛡️Алға Ақтөбе!
🆚 #АқтөбеҚайсар
🏆 Премьер-лига
📆 6 сәуір
⏳ 16:00
🏟️ ОСДЮСШОР
🛡️Алға Ақтөбе!
❤15👏4🥰1🍓1
Данияр Үсенов “Ақтөбе” ФК ойыншысы
Қазақстандық жартылай қорғаушы Данияр Үсенов жыл соңына дейін “Ақтөбе” сапында ойнайтын болды. Ойыншы өзіне 29 нөмірді таңдады.
Айта кетейік, ойыншы бұған дейін “Қайрат”, “Каспий”, “Жетісу” клубтарында ойнады. Биыл “Тобыл” құрамына ауысты. “Ақтөбе” ФК ұжымы қостанайлық клубпен келісім аясында ойыншыны жалға алынғанын хабарлаймыз.
“Ақ-қызылдар” отбасына қош келдің Данияр!

❤26👍7🤔4🍓1
🏁Саят Қарабаев — #АқтөбеҚайсар матчының бас төрешісі
Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Көмекшілері: Нұржан Жүнісов, Иван Навроцкий (екеуі де Астана)
VAR төрешісі: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
AVAR төрешісі: Сергей Гороховодацкий (Алматы)
Қосалқы төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)
Бақылаушы: Құрманбек Ордабаев (Шымкент)

👍4❤1🍓1
«Қайсармен» ойынды қорытындылап, кубоктегі жорығымызды бастаймыз 🔜🏆
❤27👏4🔥2👍1🍓1💋1