FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
298 videos
1 file
232 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Бауы берік болсын!

Бүгін ғана “Ақтөбе” ФК жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет әке атанды. Сейдахметтер отбасында атқамінер ұл дүниеге келді. Біз Еркебұланды жаңа дәрежесімен құттықтаймыз, сәби мен анасына мықты денсаулық тілейміз!
👍35❤12👏4🍓1
“Ақ-қызыл” ақсақалымызға абонемент табысталды

Жуырда “Arena” спорт порталының негізін қалаушы, спорт-журналисті Айбек Намазбаевтың бастамасымен, жанкүйерлер талай шақырымды артқа тастап, “Ақтөбе” ФК ойындарына ауылдық жерден қатынайтын Бауыржан есімді жанкүйерге абонемент сыйлауды қолға алған болатын. 70-ке таяған азамат соңғы 5 жылда немерелерімен бірге өз алаңымыздағы бірде бір матчтан қалмаған. Жанкүйерлер бірігіп, Бауыржан ағамызға екі абонемент сыйлады.

Бұл жайтты естіген “Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы Санат Шалекенов ардагер жанкүйерді қабылдады. Команда капитаны Әлібек Қасым ойыншылардың қолтаңбасы қойылған ойын жейдесін табыстады.
-Жігіттерге мықты жігер, маусымда сәттілік тілеймін. Әлібек Қасымның ойынына өз басым ризамын. Бүгін дидарласып, қолтаңбасын алғаныма қуаныштымын, – деді Бауыржан мырза.

Енді ақсақал Қобыланды батырдағы ойындарды жібермей қарауға мүмкіндік алды.
👏27❤8👍3🍓1
Туған күніңізбен, Санат Нұрымұлы!

Бүгін “Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы Санат Шалекеновтың туған күні. Жаңа жаста жаңа белестерді бағындырып, жоспарлаған істер жүзеге асуын тілейміз. Бүлдіршіндеріңіз аман, отбасыңызда береке болсын! Командамызбен бірге Чемпион болуды жазсын!

Құттықтаймыз!
❤16🎉6👍1🍓1
🎟️Билеттер сатылымда

Өз алаңымызда өтетін “Ақтөбе” - “Қайсар” командалары арасындағы матчтың билеттері
Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты. Билеттерді келесі сілтеме арқылы ала аласыздар: https://ticketon.kz/aktobe/event/fk-aktobe-fk-kaysar

Айта кетейік, матч 6 сәуір күні ОСДЮШОР стадионында сағат 16:00-де өтеді.
👍10🔥3❤1🍓1
2 КҮННЕН СОҢ ҚАЙСАРДЫ ҚАБЫЛДАЙМЫЗ 🔜🐺

🆚 #АқтөбеҚайсар
🏆 Премьер-лига
📆 6 сәуір
⏳ 16:00
🏟️ ОСДЮСШОР

🛡️Алға Ақтөбе!
❤15👏4🥰1🍓1
Данияр Үсенов “Ақтөбе” ФК ойыншысы

Қазақстандық жартылай қорғаушы Данияр Үсенов жыл соңына дейін “Ақтөбе” сапында ойнайтын болды. Ойыншы өзіне 29 нөмірді таңдады.

Айта кетейік, ойыншы бұған дейін “Қайрат”, “Каспий”, “Жетісу” клубтарында ойнады. Биыл “Тобыл” құрамына ауысты. “Ақтөбе” ФК ұжымы қостанайлық клубпен келісім аясында ойыншыны жалға алынғанын хабарлаймыз.

“Ақ-қызылдар” отбасына қош келдің Данияр!
❤26👍7🤔4🍓1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

🆚 #АқтөбеҚайсар
🏆 Премьер-лига
📆 6 сәуір
⏳ 16:00
🏟️ ОСДЮСШОР
🏁 Саят Қарабаев

🛡️Алға Ақтөбе!
❤25🔥4👏1🍓1
🏁Саят Қарабаев — #АқтөбеҚайсар матчының бас төрешісі

Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)
Көмекшілері: Нұржан Жүнісов, Иван Навроцкий (екеуі де Астана)
VAR төрешісі: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
AVAR төрешісі: Сергей Гороховодацкий (Алматы)
Қосалқы төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)
Бақылаушы: Құрманбек Ордабаев (Шымкент)
👍4❤1🍓1
#АқтөбеҚайсар : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Sport + Qazaqstan
🔥23❤8🍓1
Осылай ұтсақ, сиқыр ма?🤭❤️🤍

Ақтөбе 4:1 Қайсар
⚽️ Қайыров 14’
⚽️ Бердібек 43’
⚽️ Умаев 55’
⚽️ Өміртаев 75’
❤84🔥26👍4👏1🍓1
🔝🇰🇿

Бағдат Қайыров –
#АқтөбеҚайсар матчының үздік ойыншысы💪🏻
❤51🔥7👍3⚡1🍓1
«Қайсармен» ойынды қорытындылап, кубоктегі жорығымызды бастаймыз 🔜🏆
❤27👏4🔥2👍1🍓1💋1