FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
298 videos
1 file
232 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
#АқтөбеҰлытау : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Sport+
❤29👍6🔥3🍓1
Орталық стадионды жеңіспен аштық❤️🤍

Ақтөбе 1:0 Ұлытау
⚽️ Жайро 76’
❤72👎7🥴3🍓2👏1
Forwarded from Freedom QJ League
🛻 Changan MVP of the Season – Matchweek II

Номинанты на звание MVP II-тура Freedom QJ League:

🟠 Ахметали Нурланулы («Жас Кыран»)
🔴 Азамат Мусаев («Актобе»)
🌷 Кудирет Ботабек («Ордабасы»)
🟦 Иса Искаков («Иртыш»)
🔵 Максат Абраев («Астана»)

Напоминаем, что именно ваш голос может стать решающим: игрок, набравший больше всего голосов в нашем Telegram-канале, получит дополнительный балл в общий зачёт.

Твой голос имеет значение! Голосуй сейчас, итоги завтра в 15:00!

Подробнее о Changan MVP of the season можете прочитать в этом посте.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9🍓1
Арғы күні «Жеңіске» қонаққа барамыз ✈️

⚽ «Жеңіс» – «Ақтөбе»
🏆 Премьер-лига
🏟 Астана Арена
🕟 15:00
📺 KFF League

Біздің сектор – S4

https://m.ticketon.kz/show/5714615
❤18🍓1
Мамыр айында бізді 5️⃣ матч күтіп тұр 🔜
❤14🔥8👏2🍓2
Лучший гол апреля 😍

Мы продолжаем рубрику «Гол месяца», в которой определяем самый зрелищный мяч прошедшего месяца среди всех голов, забитых в чемпионате Казахстана по футзалу! 🇰🇿

Редакция @futsalkazakhstan отобрала 5 ярких номинантов, а победителя выберет экспертное жюри, в составе которого — 16 специалистов, а также один голос будет принадлежать подписчикам 📨
🍓4
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

🆚 #ЖеңісАқтөбе
🏆 Премьер-лига
📆 3 мамыр
⏳ 15:00
🏟️ Астана Арена

🎟️ Біздің сектор – S4

https://m.ticketon.kz/show/5714615
❤13💘3🍓1
🏁Эльвира Нұрмұстафина — #ЖеңісАқтөбе матчының бас төрешісі

Бас төреші: Эльвира Нұрмұстафина (Алматы)

Көмекшілері: Самат
Тергеусізов (Алматы), Евгений Карлов (Павлодар)

VAR төрешісі: Сергей Гороховодацкий (Алматы)

AVAR төрешісі: Сергей Васютин (Алматы)

Қосалқы төреші: Тимур Тұрсымбаев (Астана)

Бақылаушы: Анатолий Вишниченко (Қостанай)
🤣7🍓3👍2❤1
Астана Аренада жеңіске жеттік

⚽️9’ Өміртаев
❤36👍8🥴5🍓2
Оралхан Өміртаев – #ЖеңісАқтөбе матчының Үздік ойыншысы 🦾
👍29❤14🔥3👏1🍓1
♻️“Қайсар” - “Ақтөбе” арасындағы матчтың уақыты өзгерді

Футболдан Қазақстан премьер лигасы 16 туры аясында өтетін қызылордалық “Қайсар” және біздің “Ақтөбе” командалары арасындағы матчтың уақыты өзгерді. Бұл матч 14 мамыр күні өтеді. Басталу уақыты 20:30.

🏟️ Ойын Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтеді.
👍20❤5🍓1
ОРАЛХАН ӨМІРТАЕВ: ҚАЗІР ЧЕМПИОНДЫҚҚА ТАЛАС ЖҮРІП ЖАТЫР, ҰПАЙ ЖОҒАЛТУҒА БОЛМАЙДЫ

– Оралхан, алдымен жеңіс құтты болсын. Ойын туралы не айтасың?

– Көп рақмет. Матч өте ауыр өтті. Соңғы минуттарға дейін жасыл алаңда жан берісіп ойнадық. Ең бастысы, команда үш ұпайға қол жеткізді. Қарсыласымыз қорғаныста мығым ойнайды. Бірақ біз бұл жеңіске лайықты болдық.

– Гол соққан соң, сені алмастырып тастады. Мұның себебі неде?

– Гол салғаннан кейін тіземнің үстіңгі жағын ауыртып алдым. Басында бұлшық еттерім жай ауырсынып тұрған болар деп ойлағанмын. Ойынды әрі қарай жалғастыра аламын деген үміт болды. Алайда бұл маған қалыпты жүгіруге және бар күшімді салуға кедергі келтірді. Сондықтан бас бапкерден ауыстыруды сұрадым.
❤13🔥4👍2🍓1
– Осының алдында кубокте «Жеңіске» есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалдыңдар. Бұл жолы есе қайтару деген мақсат болды ма?

– Ондай бір принципке барғанымыз жоқ. Біз әрбір ойында алаңға тек жеңіс үшін шығамыз. Қазір чемпиондыққа талас жүріп жатыр, ұпай жоғалтуға болмайды. Сол себепті барлық кездесуде соңғы деміміз қалғанша алаңда күш саламыз.

– Бас бапкер Игорь Леонов кеткен соң, оның орнына Левчук міндетін атқарушы болып жұмыс істеп жүр. Қазір Левчук саған көбірек сенім артатын секілді...

– Бұл сенімге байланысты емес деп ойлаймын. Екі маман осыған дейін бірге жұмыс істеді. Мен жаттығуда әрдайым бар күшімді саламын. Ал құрамды таңдау бас бапкердің міндеті. Маған жүктелгені – қолымнан келетінін алаңда көрсету.

– Былтырғы маусымда Беларусь чемпионатында 10 гол салдың. Ал биыл қарсылас қақпасынан саңылау табу қиынға соғып жатқан сияқты...

– Мен бар-жоғы жеті матч өткіздім. Осы аралықта екі гол соғып, бір нәтижелі пас бердім. Барлығы алда деп ойлаймын. Құдай қаласа, әрбір ойында гол соғуға тырысамын. Нәтиже еңбек және шыдамылықпен келеді.

– Беларусь пен Қазақстан чемпионатынан қандай айырмашылық байқадың?

– Бұған дейін талай рет айтқанмын, Беларусь чемпионатының артықшылығы – алаң сапасы және жалпы инфрақұрылым. Ол жақта табиғи алаңдар көп. Ал чемпионаттың деңгейіне келсек, қазір Қазақстан премьер-лигасы мықтырақ.

– «Ақтөбе» биылғы маусымға жалпы қандай мақсат қойып отыр?

– Еліміздің бес дүркін чемпионы атанған клуб. Әрдайым жоғары мақсат қояды. Жанкүйерлер де нәтижені талап етеді. Олар бұған лайықты. Сондықтан бәрі әділетті деп ойлаймын. Біз әр матчта жеңіске жетіп, сол мақсатты жүзеге асыруға күш саламыз.

– Жазда «Ақтөбе» Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Команданың мүмкіндігі қандай?

– Әзірге бірдеңе айтуға ерте. Қандай мүмкіндігіміз бар екенін де дәл қазір тап басып айту қиын. Өйткені алда әлі талай матч бар. Бізге оған дейін Қазақстан чемпионатына күш салуымыз керек. Әр жағын бапкерлер штабы талдап, Еуропа лигасына дайындықты бастайды ғой. Ең бастысы, алдыға жылжу.

Оралхан Өміртаевтың KFF League тілшісіне берген сұхбатынан🎙️
❤12🍓1