FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
298 videos
1 file
232 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
🏁Саят Қарабаев — #ЖетісуАқтөбе матчының бас төрешісі

ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаменті Премьер-лиганың 10-тур матчтарына төрешілер тобын тағайындады.
👎10👍5🍓1
#ЖетісуАқтөбе : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Qazsport
❤26👍8👏2🤮2🍓1
🤡56👎16🤣2❤‍🔥1🍓1
🇰🇿Дархан Бердібек Қазақстан U21 құрамасына шақырту алды

Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Денис Мамонов 2027 жылғы Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч 5 маусым күні «Астана Аренада» өтеді.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусым күні Астанада басталады.

Сәттілік, Дархан!
👏14❤1🍓1
🔜Келесі қарсылас – «Қайрат»

🎟️ «Қайратпен» өз алаңымызда өтетін матчтың билеттері 28 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де сатылымға шығады. Билеттерді Ticketon сайтынан сатып ала аласыздар

⚽️«Ақтөбе» — «Қайрат» матчы 30 мамыр күні сағат 20:00-де басталады.
❤32🔥4🏆3👍1👏1🍓1
Туған күніңмен, Әлібек! 🥳🎂

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының капитаны Әлібек Қасымның туған күні.

Клуб ұжымы және ойыншылары Әлібекті жеке мерекесімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық пен мансаптық табыстар тілейді.
❤48🔥7👍2❤‍🔥1🍓1💋1
🎟️Билет сатылым уақыты өзгерді!

Құрметті жанкүйерлер! «Ақтөбе» және «Қайрат» ФК арасында өтетін матчтың билеттерінің сатылым уақыты өзгерді. Бұған дейін 28 мамыр күні таңғы сағат 10:00-ге жоспарланған еді. Енді 28 мамыр күні түскі сағат 14:00-де сатылымға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» – «Қайрат» командалары арасындағы матч 30 мамыр күні сағат 20:00-де басталады.
❤24👍5👏1🍓1
❤️🤍 Туған күніңмен, сүйікті қалам!
❤85😍10❤‍🔥1🍓1
🎟️Билеттер сатылымда

«Қайратпен» өз алаңымыздағы матчқа билеттер – Ticketon сайтында сатылымда

Билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып ала аласыздар:
https://ticketon.kz/event/fk-aktobe-vs-fk-kayrat

«Ақтөбе» — «Қайрат» матчы 30 мамыр күні сағат 20:00-де басталады.
👍15🍓3🔥2👎1🙈1
Билеттер сатылымы аяқталды!

Ақтөбелік жанкүйерлер “Ақтөбе” - “Қайрат” матчына барлық билетті 44 минут ішінде сатып алып кетті. Жанкүйерлер қызыққа толы матчты тамашалауға асық.
👎44🤯10❤4😱4💩2🤮1🍓1
🇰🇿Әлібек Қасым – Қазақстан құрамасының нақты тізімінде

✅ Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады.

🔜 Маусымда ұлттық құрама екі ойын өткізеді:

🇧🇾 Беларусь – Қазақстан 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 05.06.2025 | 22:00 (Астана уақыты)
🏟️ «Динамо» стадионы, Минск

➖

🇰🇿 Қазақстан – С.Македония 🇲🇰
🏆 2026-Әлем чемпионаты | Іріктеу кезеңі
📆 09.06.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана
❤28👏3🍓2
Құрметті жанкүйерлер!

Қазіргі таңда футболға билет бойынша алаяқтық фактілері көп тіркелуде. Алыпсатарлар мен алаяқтардың торына түсуден абай болыңыздар! Билеттер тек қана Ticketon сайтында бір адамға ең көбі 4 билеттен ғана сатылады. Сонымен қатар, билеттеріңіз поштаға/телефоныңызға матч басталардан 2 сағат бұрын ғана келеді.

Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтетін әр ойын сайын, аталған алаяқтар жұмысы күшейеді. Бір билетті бірнеше адамға қайталап сату, немесе мүлде билеті жоқ адам сізді сендіріп, ақшаңызды иемденіп алу қаупі жоғары! Сол себепті, мұқияттылық танытып, тек қана ресми билет сату көздері арқылы жұмыс жасауға кеңес береміз.

Аталған алаяқ топтардың үстінен арыз жазылып, тиісті органдарға жолданып отырады.
❤36🍓1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

🆚 #АқтөбеҚайрат
🏆 Премьер-лига
📆 30 мамыр
⏳ 20:00
🏟️ Орталық стадион
📺 Qazsport

🛡️Алға Ақтөбе!
❤38👍1🍓1
🏁Александр Затула — #АқтөбеҚайрат матчының бас төрешісі

ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаменті Премьер-лиганың 11-тур матчтарына төрешілер тобын тағайындады.
🔥11❤4👎2🍓2👏1
#АқтөбеҚайрат : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Qazsport
❤28🔥5🍓3
🖕74💔22🤡14💩10👎6❤3🤣3❤‍🔥1🔥1
Ресми хабарлама

«Ақтөбе» футбол клубы кешегі матч барысында және одан кейін «Қайрат» футбол клубы өкілдерінің тарапынан орын алған жайттарды қатаң сынайды.
⬇️⬇️⬇️
❤15🍓2
Атап айтқанда, Қазақстан футбол федерациясының Этикалық кодексінде (2 тарау, 13 тарауша) көрсетілгендей, ойынның ресми тұлғалары «ҚФФ, FIFA және UEFA қабылдаған құжаттардағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға» міндетті екені жазылған.

Ойын кезінде «қызыл қағаз» алып, алаңнан қуылған “Қайрат” ФК бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жергілікті жанкүйерлерге балағат сөз айтып, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиналған көрерменге құрметсіздік танытты.

Бұдан сәл ертерек «қызыл қағаз» алған “Қайрат” ФК ойыншысы Валерий Громыко матч ұйымдастырушыларының әрекетін “қол соғып” мысқылдап, «парақорлықты» тұспалдайтын қимылды ыммен жеткізді. Бұл Этикалық кодекстің 10 тарау 40 тараушасында көрсетілген «жемқорлықтан күмәндану» дерегін қозғайтынына назар аударамыз.

Матчтан соң «Ақтөбе» ойыншысы Идрис Умаевты боқтық сөзбен арандатқан «Қайрат» ФК ойыншысы Дэн Глейзер еш жазасыз қалып, Умаев керісінше “қызыл қағаз” алды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде «Ақтөбе» футбол клубы ҚФФ Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетінің күн тәртібіне осы көтерілген мәселелерді шұғыл енгізіп, тез арада тиісті шаралар қабылдауды талап етеді.
👍45❤6🍓2