FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Жанкүйерлермен кездесу

Әлеуметтік желіде “Ақтөбе” ФК жанкүйерлер қауымдастығы клуб басшылығымен, футболшылармен және бапкерлік құраммен кездесу ұйымдастыруымызды сұраған еді. “Ақтөбе” ФК ұжымы жанкүйерлер үшін қашан да ашық мәмілеге дайын. Сол себепті жанкүйерлермен кездесу 2 қыркүйек күні өтетінін хабарлаймыз. Кездесуге барлық жанкүйер қатыса алады.

Өтетін орны мен басталу уақытын алдағы уақытта хабарлаймыз.
❤40🍓1
Билеттер сатылымы🎟️

Құрметті жанкүйерлер! 24 тамыз күні өтетін «Ақтөбе» және «Жетісу» командалары арасындағы матчтың билеттері бүгін 12:00-де сатылымға шығады. Билетті Ticketon.kz сайтынан ала аласыздар.

Айта кетейік, бұл матч «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионның 50 жылдығы қарсаңында өткізіледі. Кеш хэдлайнері – Өктем Алтаев. Одан өзге де шоу бағдарлама жоспарланған.
❤19👍5💩1🍓1
Бапкердің асистенті тағайындалды

Бапкер-сарапшы Иоанн Атанасчев “Ақтөбе” ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды.

Болгариялық маман осыған дейін Болгария жастар құрамасының және әйелдер командасының бапкер-сарапшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар соңғы жылдары “Левски София” ФК жұмыс жасады.

Қош келдің Иоанн!
🔥23❤6👏5🍓1
Матчқа 1 КҮН🔜⚔️

#АқтөбеЖетісу – ертең 20:00-де🤍❤️
❤30💘4🍓1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ❤️🤍

🆚 #АқтөбеЖетісу
🏆 Премьер-лига
📆 24 тамыз
⏳ 20:00
🏟️ Орталық стадион
📺 Qazsport

🛡️Алға Ақтөбе!
❤26👍3🍓1
Самат Смақовтың жейдесі кімге бұйырады?

Құрметті достар, бүгін матч үзілісінде «Ақтөбе» ФК аңызы Самат Смақовтың арнайы жасатылған, өз қолтаңбасы қойылған жейдесі аукцион арқылы ойнатылады.

Айта кетейік, бұл қайырымдылық мақсатында жасалмақ. Аукционнан түскен қаражат «Ақтөбе» ФК жанкүйері, «Fanshop Aktobe» дүкенінің негізін қалаушы Алиса Ястребованың отасына көмек есебінде жіберіледі.

Ережесі:
• Осы посттың астына сіз бұл жейдені қандай сомаға алуға дайынсыз? Соны жаза кетіңіз.
• Өз телефон нөміріңізді қалдырыңыз.
• Егер сіз матчта болсаңыз, бірінші тайм аяқталғанша біз пікірлерді оқып, ең үлкен сома ұсынған жанды таңдаймыз. Байланысқа шығып, алаң ортасында табыстайтын боламыз.
❤16👍2🍓1
Кому достанется футболка Самата Смакова?

Дорогие друзья, сегодня в перерыве матча будет разыграна на аукционе специальная футболка легенды ФК «Актобе» Самата Смакова с его личной подписью.

Отметим, что это проводится в благотворительных целях. Все средства, собранные с аукциона, будут направлены на помощь в операции для Алисы Ястребовой — болельщицы ФК «Актобе» и основательницы магазина Fanshop Aktobe.

Правила:
• Под этим постом напишите сумму, за которую вы готовы приобрести футболку.
• Укажите свой номер телефона.
• Если вы находитесь на матче, до конца первого тайма мы ознакомимся с комментариями и выберем участника, предложившего наибольшую сумму. С ним свяжутся, и футболка будет вручена прямо в центре поля.
💩6🍓1
#АқтөбеЖетісу : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Qazsport
❤33💘3👎1🥰1👏1🍓1
«Жетісуды» жеңіп, халықаралық үзіліске жақсы көңіл-күйде кеттік ➕3️⃣

Ақтөбе 3:2 Жетісу
⚽️Шушеначев 36’, 51’
⚽️Агбо 90’
❤72🔥10🥰2🍓1💘1
Ардагерлер марапатталды

Стадион алаңында алғаш доп тепкен ардагерлеріміз марапатталды. Сонымен қатар, алғашқы чемпиондықты сыйлаған бапкер Равиль Рамазановқа да 50 жылдық естелік сыйлық табысталды.
❤27👏7🍓1
❤10🍓1
🇰🇿Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым және Оралхан Өміртаев – Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімінде

🔜Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. Құрамаға «Ақтөбе» ФК сапынан 3 ойыншы шақыртылды. Оқу-жаттығу жиыны 29 тамыз күні Астанада басталады.

🗓️Ойындар күнтізбесі:

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана

➖

🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
🏆 ӘЧ-2026 | Іріктеу кезеңі
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель

🤍❤️Жігіттерге сәттілік тілейміз!
❤35🍓1
🇰🇿Аян Байдәулетов Қазақстан U-21 құрамасына шақырту алды

⚡️Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Англия U-21 құрамасына қарсы матч өткізеді.

🏟️Ойын 8 қыркүйекте өзіміздің Орталық стадионда өтеді. Басталу уақыты – 20:00.

🦾Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады.

🤍❤️Аянға сәттілік тілейміз!
❤43🔥14🍓2
ЕРТЕҢ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАТЧЫН ӨТКІЗЕДІ 🇪🇺❤️🤍

🇮🇹Рома ⚔️ Ақтөбе🇰🇿
🏆Чемпиондар лигасы
🏟️Просек стадионы, Прага
📆27 тамыз | 18:00⏳

🛡️Алға Ақтөбе!
🔥58❤14👏2
2 қыркүйек Жанкүйерлермен кездесу өтеді

Құрметті жанкүйерлер! Клуб ұжымы, бапкерлік құрам және ойыншылармен кездесу 2 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алтын орда 24Г мекен-жайында орналасқан «Шығармашылық академиясы» ғимаратының үлкен залында өтеді.

Шараға ниет білдіруші барлық жанкүйер қатыса алады.

• Мәдениет сақтайық
• Сауалдарымызды ойланып, алдын ала не туралы сұрайтыныңызды дайындап келсеңіз
• Өзге сауал қоюшыларды тыңдап, қойылған сұрақты қайталап қоюдан аулақ болсаңыз
❤19👎2🍓1
🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

«Ақтөбе» ФК барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін!

Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
❤27🤝3🍓1
🌏Халықаралық үзілістен кейін 3 матч өткіземіз

«Ақтөбенің» қыркүйек айына күнтізбесі📆
🍓20❤13👍3