FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Айдын Желькович – «Ақтөбе» ойыншысы🇸🇪 🇧🇦

Швециялық және босниялық қос азаматтығы бар шабуылшы Айдын Желькович «ақ-қызылдар» сапын толықтырды. 28 жастағы ойыншы шабуыл аймағында бірнеше позицияларды жаба алады.

Өткен маусымда ойыншы Швеция чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын «Вернаму» ФК сапында 27 ойынға қатысып, 7 гол соққан және 2 нәтижелі пас берген.

Қош келдің, Айдын!
❤56👍7🔥5🍓1
🎂Туған күніңмен, Вячеслав!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Вячеслав
Швырёвтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤15🍓1
«Ақтөбе» футбол клубы жекеменшікке өтті

Бүгіннен бастап «Ақтөбе» ФК Qazaq Stroy Properties компаниясының жеке меншігіне өтті. Аталған компания «Ақтөбе» футбол клубын ұзақмерзімдік даму стратегиясы бар, жүйелі әрі тұрақты спорттық жоба ретінде қабылдайды. Жаңа басшылық өз алдына бірнеше нақты жоспар қойды:

- клубтың спорттық нәтижелерін тұрақты түрде жақсарту;
- ⁠балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту;
- ⁠академия мен инфрақұрылымды жаңғырту;
- ⁠басқару жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру;
- ⁠жанкүйерлермен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату және т.б.

Нағыз жанкүйерлер үшін бұл ақпарат қуанышты жаңалық ретінде қабылданды. Сол себепті барша жанкүйерлер клуб тарихындағы аса маңызды жаңа кезеңде, бұрынғыдан да жоғары деңгейде қолдау көрсетеді деген сенім мол екені айтылды.
❤39🔥8😍1🍓1
Рақмет, Санат Нұрымұлы!

Бүгін Санат Шалекенов «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы қызметін тоқтатты. Өткен маусымда команда құрылымындағы «Ақтөбе» ӘФК Қазақстан әйелдер лигасы тарихында алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізген еді. Сондай-ақ, Санат Нұрымұлы тұсында балалар футболын дамытуға баса назар аударылып, жергілікті жеке мектептер мен «Ақтөбе» ФК арасында бірнеше меморандумға қол қойылды.

Санат Нұрымұлына атқарған қызметі мен клубтың даму жолында төккен тері үшін алғыс білдіреміз!
❤17🤝2🍓1
«Ақтөбе» ФК жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Төрағалық қызметті енді Арман Әшімханұлы Оспанов атқарады. Ол FIFA Master (CIES, 2001) бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі. 2002 жылы халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер ретінде Қазақстан футбол федерациясының УЕФА ұйымына өту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысып, жұмысшы комиссия құрамында болған. Сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі компанияларда басқарма төрағасының орынбасары және директор қызметтерін атқарған тәжірибелі маман.

Арман Әшімханұлы бүгін ресми баспасөз мәслихаты барысында клуб қызметкерлерімен, БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
🤬46❤6🤡5💩3👏1🍓1
Арман Оспанов: Инфрақұрылым – жобаның негізі
Qazaq Stroy Properties келесі бағыттарға кезең-кезеңімен инвестиция салуды жоспарлап отыр:
• еуропалық деңгейдегі жаттығу базасы
• қосымша табиғи алаңдар және жабық манеж
• медициналық және қалпына келтіру орталығы
• «Ақтөбе» ФК Академиясы
• болашақта – қонақүй-сауықтыру және коммерциялық кластер
Бұл бастамалардың барлығы алдын ала есептелген инвестициялық жоспар аясында жүзеге асырылады.
🤬44❤8🤡6👍2🍓1
Әлеуметтік желіде таралып жатқан таныстыру барысынан видео туралы мәлімдеме

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының кеңсесінде жаңа басқарма төрағасын таныстыру үшін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті.

Аталған кездесу аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарына арналса да, шара жанкүйерлердің келуімен ұлғасты.

Жанкүйерлер өз пікірлерін білдіруді жөн көрді. Жағдай шиеленіске ұласпай, ақырында бейбіт түрде реттеліп, тараптар арасында түсіністік орнатылды.

Клуб басшылығы жанкүйерлермен келісімге келіп, жақын арада бөлек кездесу ұйымдастыратынын хабарлаймыз.
🖕55🤬13❤1🍓1
Команданың оқу-жаттығу жиынына аттанған құрамы🇹🇷
❤27🔥2🍓1
Алексей Сисенбинге дауыс берейік!

Metararatings Top Awards нұсқасы бойынша «Үздік спорт фотографы» номинациясына үміткерлер тізіміне «Ақтөбе» ФК және Қазақстан Ұлттық құрамасының фотографы Алексей Сисенбин енді.

Дауыс беру:
https://metatopawards.kz/
❤28🍓3
👋 Қайта оралуыңмен, Тима!

Қазақстандық тәжірибелі қорғаушы Тимур Досмағамбетов "Ақтөбе" футболшысы атанды.

Ұлттық құраманың көп жылдар бойғы тұрақты ойыншысы — көкшетаулық “Оқжетпес” футбол клубының түлегі. Керекуліктерден бөлек, Тимур шымкенттік “Ордабасы”, “Тараз”, елордалық “Астана”, қостанайлық “Тобыл” және т.б. отандық клубтардың намысын қорғады.

Өз мансабында бір мәрте Қазақстан чемпионы атанып, бір рет ҚР Суперкубогін иеленді. Оған қоса Қазақстан Лига Кубогінің жеңімпазы болды.

2010 жылы "Ақтөбе" сапында доп теуіп, барлық турнирлердегі он үш матчта бір голмен көзге түсті.

Тимурға ақ-қызылдар құрамына қош келдің дей отырып, командамызды өрге сүйреуін тілейміз!
👎57🔥14🤡8❤7🤮2🤣2🤬1🍓1
«Ақтөбе» – «Баник» командалары арасындағы матч тікелей эфирде көрсетіледі🎥

Түркияда өтіп жатқан алғашқы маусымалды ОЖЖ аясында 3 бақылау матчы жоспарланған. Алғашқы матч 18 қаңтар күні «Баник» ФК қарсы өтеді. Бұл ойынды біздің YouTube арнамыздан тікелей эфирде қарай аласыз.

Еске сала кетейік, бақылау матчтарына кәсіби көрсетілім ұйымдастырылады. Ойынды 5 камера арқылы тасымалдап, комментатордың баяндауымен көрсетеді.
❤30🔥8😁1🍓1
Рақмет, Слава!

25 жастағы қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев өзара келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубынан кетті.

Ол былтырғы маусым барысында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер шеңберінде он матчқа қатысты.

Славаға бірлескен еңбек жолы үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейміз.
🤩44👍7🎉7❤2😱2😍2🥰1🍓1