FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Арман Оспанов: Инфрақұрылым – жобаның негізі
Qazaq Stroy Properties келесі бағыттарға кезең-кезеңімен инвестиция салуды жоспарлап отыр:
• еуропалық деңгейдегі жаттығу базасы
• қосымша табиғи алаңдар және жабық манеж
• медициналық және қалпына келтіру орталығы
• «Ақтөбе» ФК Академиясы
• болашақта – қонақүй-сауықтыру және коммерциялық кластер
Бұл бастамалардың барлығы алдын ала есептелген инвестициялық жоспар аясында жүзеге асырылады.
🤬44❤8🤡6👍2🍓1
Әлеуметтік желіде таралып жатқан таныстыру барысынан видео туралы мәлімдеме

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының кеңсесінде жаңа басқарма төрағасын таныстыру үшін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті.

Аталған кездесу аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарына арналса да, шара жанкүйерлердің келуімен ұлғасты.

Жанкүйерлер өз пікірлерін білдіруді жөн көрді. Жағдай шиеленіске ұласпай, ақырында бейбіт түрде реттеліп, тараптар арасында түсіністік орнатылды.

Клуб басшылығы жанкүйерлермен келісімге келіп, жақын арада бөлек кездесу ұйымдастыратынын хабарлаймыз.
🖕55🤬13❤1🍓1
Команданың оқу-жаттығу жиынына аттанған құрамы🇹🇷
❤27🔥2🍓1
Алексей Сисенбинге дауыс берейік!

Metararatings Top Awards нұсқасы бойынша «Үздік спорт фотографы» номинациясына үміткерлер тізіміне «Ақтөбе» ФК және Қазақстан Ұлттық құрамасының фотографы Алексей Сисенбин енді.

Дауыс беру:
https://metatopawards.kz/
❤28🍓3
👋 Қайта оралуыңмен, Тима!

Қазақстандық тәжірибелі қорғаушы Тимур Досмағамбетов "Ақтөбе" футболшысы атанды.

Ұлттық құраманың көп жылдар бойғы тұрақты ойыншысы — көкшетаулық “Оқжетпес” футбол клубының түлегі. Керекуліктерден бөлек, Тимур шымкенттік “Ордабасы”, “Тараз”, елордалық “Астана”, қостанайлық “Тобыл” және т.б. отандық клубтардың намысын қорғады.

Өз мансабында бір мәрте Қазақстан чемпионы атанып, бір рет ҚР Суперкубогін иеленді. Оған қоса Қазақстан Лига Кубогінің жеңімпазы болды.

2010 жылы "Ақтөбе" сапында доп теуіп, барлық турнирлердегі он үш матчта бір голмен көзге түсті.

Тимурға ақ-қызылдар құрамына қош келдің дей отырып, командамызды өрге сүйреуін тілейміз!
👎57🔥14🤡8❤7🤮2🤣2🤬1🍓1
«Ақтөбе» – «Баник» командалары арасындағы матч тікелей эфирде көрсетіледі🎥

Түркияда өтіп жатқан алғашқы маусымалды ОЖЖ аясында 3 бақылау матчы жоспарланған. Алғашқы матч 18 қаңтар күні «Баник» ФК қарсы өтеді. Бұл ойынды біздің YouTube арнамыздан тікелей эфирде қарай аласыз.

Еске сала кетейік, бақылау матчтарына кәсіби көрсетілім ұйымдастырылады. Ойынды 5 камера арқылы тасымалдап, комментатордың баяндауымен көрсетеді.
❤30🔥8😁1🍓1
Рақмет, Слава!

25 жастағы қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев өзара келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубынан кетті.

Ол былтырғы маусым барысында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер шеңберінде он матчқа қатысты.

Славаға бірлескен еңбек жолы үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейміз.
🤩44👍7🎉7❤2😱2😍2🥰1🍓1
🇦🇷👋 ¡Bienvenido, Pibe!

"Ақтөбе" футбол клубы 29 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Агустин Эмануэль Пасторица Какабельоспен келісімге келді.

Адроэ өлкесінің тумасы өз отанынан жырақтап, негізінен Испания елінде мансабын құрған.

«Пибе» деген лақапатпен танымал Агустин 2013-2025 жылдар аралығында испандық «Понтеведра» мен «Арентейро» клубтарында үшінші лига жеңімпазы атанып, сондай-ақ «Бетис» сапында Ла Лигада дебют жасаған. Аталмыш елдің «Оуренсе», «Корухо», «Овьедо» және «Бургос» ұжымдарында сәтті ойнап, Испания Сегундасындағы «Культураль Леонеса» клубынан бізге ауысты. Сонымен қатар Финляндияның «Интер Турку» клубында өнер көрсетті.

Аргентина жастар құрамасында (U20) ойнаған. Сол жақ вингер позициясында ойнаса да мансабындағы 150-ден астам матчта 34 (гол+пас) нәтижелі әрекет жасаған.

Пибені қуана қарсы аламыз және "Ақтөбені" де биіктен көрсетуге пайдаңды тигіз деген тілек айтамыз.
❤51👍12🍓1
🤍❤️
❤64🔥12👀1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚪️🔴

🇰🇿Ақтөбе – Баник🇨🇿
🏆Оқу-жаттығу жиыны
📍Анталия🇹🇷
🗓️18 қаңтар
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤27👍6🆒3
#АқтөбеБаник : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤25🔥5
Жылдың алғашқы матчында жеңілдік
😭37🤮12❤3🍓2
Дархан Бердібек жалға берілді

21 жастағы жартылай қорғаушы Дархан Бердібек ақтаулық “Каспий” клубына жалға аттанады.

“Теңізшілердің” түлегі 2024 жылы «Ақтөбе» футбол клубына ауысып, содан бері барлық турнирлерде 14 ойын өткізді және екі гол соқты.

Былтырғы маусымның соңын Дархан елордалық “Жеңіс” сапында жалда өткізді.

«Ақтөбе» футбол клубы жас ойыншыға тәжірибесі толысып, білікті ойыншы болып оралуды тілейді.
👍25❤1🍓1
Темірлан бізге қаралымға келді

32 жастағы отандық орталық қорғаушы Темірлан Ерланов «Ақтөбенің» Түркиядағы жиынына келіп қосылды.

Ойыншы 2021-2022 жылдардағы маусымда ақ-қызылдар сапында ойнап, барлық турнирлердегі 35 матчта үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
👎31❤17👍4🍓1