FC Aktobe
3.46K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
#АқтөбеГилани : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
👍8❤7🍓1
🧒 Бауы берік болсын!

«Ақтөбе» футбол клубының дәрігері Вадим Иванов қызды болды.

Вадим Валерьевичті және оның жарын кезекті рет ата-ана болуымен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына бақыт, жас ана мен жаңа туған нәрестеге денсаулық тілейміз❤
❤24👏4🏆1🍓1
Күтіп отырсыздар ма?⌛️
❤73🔥21🌚1🍓1
Bem-vindo, Luís Nani 🇵🇹👋

Португалия ұлттық құрамасының аңызы Луиш Карлуш Алмейда да Кунья «Нани» “Ақтөбе” футбол клубымен 2026 жылдың аяғына дейін келісім-шартқа отырды.

Кабо-Верде елінде дүниеге келсе де, жартылай қорғаушы Португалия құрамасында ең көп матч өткізген және ең көп гол соққан тарихтағы он ойыншының қатарына кіреді.

Лиссабондық «Спортинг» түлегі саналатын Нани өз отанынан жырақтағы ағылшынның “Манчестер Юнайтед” клубында бағы жанып, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған және АПЛ бәсекесін төрт мәрте жеңген. Сондай-ақ МЮ сапында Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын иеленіп, екі мәрте Лига Кубогін және төрт рет Англия Суперкубогін ұтқан.
❤51🔥11👏2🍓1
Англиядан бөлек Луиш италиялық “Лацио” мен “Венеция”, түркиялық “Фенербахче” мен “Аданадемирспор”, испандық “Валенсия”, америкалық “Орландо Сити”, аустралиялық “Мельбурн Виктори” және португалиялық “Эштрела” клубтарында өнер көрсетті.

Нанидің мансабындағы ең шоқтығы биік мәртебе – Португалия құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионатын жеңу болды.

Луиш Наниге «ақ-қызылдар» отбасына қош келдің дей отырып, “Ақтөбеге” де трофей жеңуге көмектес деген тілек білдіреміз!
❤42🔥10🍓1
Луиш Нани Ақтөбеге келді🇵🇹🇰🇿

Толық нұсқасын біздің YouTube арнамыздан қарай аласыздар📺

https://youtu.be/y7kbuxbcTag?si=KppTMCCYC4Kz-zP6
❤29👏7👍1🥰1🍓1
Рақмет, Андрей!

26 жастағы румын қақпашысы Андрей-Даниель Влад өзара келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубынан кетті.

Ол былтырғы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер шеңберінде 28 матчқа қатысты.

Қақпашыға бірлескен еңбек жолы үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына тек сәттілік тілейміз.
😭46👎15❤8🍓1
Арман – «Ақтөбеде» қаралымда

25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов «Ақтөбенің» Түркиядағы жиынына келіп қосылғанын хабарлаймыз.

Ойыншы 2020-2024 жылдар аралығында ақ-қызылдар сапында ойнап, барлық турнирлердегі 85 матчта он екі гол соқты және алты нәтижелі пас берді.
👎52❤26👍3🔥3👏3🤡2🍓1
Келесі матч – #АқтөбеМорнар🔜

🇰🇿Ақтөбе – Морнар🇲🇪
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️28 қаңтар
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤15🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

🇰🇿Ақтөбе – Морнар🇲🇪
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️28 қаңтар
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤18🔥5👍1👏1🍓1💘1
#АқтөбеМорнар : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤12😁1🍓1
Бірінші жиынның соңғы матчында тең есеп тіркелді
❤31👎6👌6🍓1
«Ақтөбе» алғашқы шетелдік жиынын тәмамдады

Түркияның Анталия қаласындағы бірінші оқу-жаттығу жиыны 9-29 қаңтар аралығында өтті.

Николай Костов шәкірттері бірінші ОЖЖ аясында үш бақылау матчын өткізіп, бір жеңіліс, бір жеңіс және бір мәрте тең нәтижеге қол жеткізді.

Сондай-ақ әуелгі жиын шеңберінде команда қатарына жаңа ойыншылар қосылып, бірнеше футболшы қаралымға келді.

Азғантай демалыстан соң ақпан басында “Ақтөбе” футбол клубы екінші жиынын бастайды деп жоспарланып отыр.
❤15🍓1
Рақмет, Амаду!

23 жастағы гвинеялық жартылай қорғаушы Амаду Думбия өзара келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубымен қош айтысты.

Думбия 2024 жылғы маусым алдында команда сапын толықтырып, содан бері барлық турнирлерде 47 матч өткізді. Екі мәрте гол соғып, алты рет нәтижелі пас берді. “Ақтөбемен” бірге Қазақстан Кубогін жеңді және чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

«Ақтөбе» футбол клубы Амадуға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейді.
👎30👏12🔥5😱4❤2🍓1