FC Aktobe
3.46K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Келесі матч – #АқтөбеМорнар🔜

🇰🇿Ақтөбе – Морнар🇲🇪
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️28 қаңтар
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤15🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

🇰🇿Ақтөбе – Морнар🇲🇪
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️28 қаңтар
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤18🔥5👍1👏1🍓1💘1
#АқтөбеМорнар : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤12😁1🍓1
Бірінші жиынның соңғы матчында тең есеп тіркелді
❤31👎6👌6🍓1
«Ақтөбе» алғашқы шетелдік жиынын тәмамдады

Түркияның Анталия қаласындағы бірінші оқу-жаттығу жиыны 9-29 қаңтар аралығында өтті.

Николай Костов шәкірттері бірінші ОЖЖ аясында үш бақылау матчын өткізіп, бір жеңіліс, бір жеңіс және бір мәрте тең нәтижеге қол жеткізді.

Сондай-ақ әуелгі жиын шеңберінде команда қатарына жаңа ойыншылар қосылып, бірнеше футболшы қаралымға келді.

Азғантай демалыстан соң ақпан басында “Ақтөбе” футбол клубы екінші жиынын бастайды деп жоспарланып отыр.
❤15🍓1
Рақмет, Амаду!

23 жастағы гвинеялық жартылай қорғаушы Амаду Думбия өзара келісім аясында «Ақтөбе» футбол клубымен қош айтысты.

Думбия 2024 жылғы маусым алдында команда сапын толықтырып, содан бері барлық турнирлерде 47 матч өткізді. Екі мәрте гол соғып, алты рет нәтижелі пас берді. “Ақтөбемен” бірге Қазақстан Кубогін жеңді және чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

«Ақтөбе» футбол клубы Амадуға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейді.
👎30👏12🔥5😱4❤2🍓1
«Ақтөбе» футбол клубы Португалияның көшбасшы клубтарымен бірлесіп жұмыс істемек 🇰🇿🤝🇵🇹

“Ақтөбе” футбол клубының басқарма төрағасы Арман Оспанов Португалия астанасы Лиссабон қаласына іссапармен барды.

Іссапар аясында жетекші лиссабондық “Бенфика” мен “Спортинг” клубтарында қонақ болды. Оның айтуынша, португалдық аңыз Луиш Нанинің Қазақстанға келуі “Ақтөбе” футбол клубына деген бүкіл Еуропаның назарын аудартты.
❤28👍3🍓2🔥1
Португалия құрамасының экс-капитаны Руй Кошта басқаратын “Бенфика” клубына арнайы барған Оспанов аталмыш клубтың академиясымен және ондағы озық технологиялармен танысты. “Бенфика” футбол академиясының басшысы, Португалияның экс-жұлдызы, Нуну Гомеш пен білікті бапкер Руй Витория «Ақтөбе» басқарма төрағасына экскурсия жүргізіп, клуб базасы мен алаңдарын көрсетті. Сондай-ақ Оспанов лиссабондық “Спортинг” клубының академиясы мен базасын көріп қайтты.

Сапардың нәтижесінде «Ақтөбе» болашақта “Бенфика”, “Спортинг” және “Брага” клубтарымен тәжірибе алмасып, скаутинг, селекция (іріктеу), жасөспірімдерді дамыту т.б. салалар бойынша ынтымақтастықты бір жолға қояды деп жоспарланып отыр.
👍26❤10🍓1
🎂Feliz cumpleaños, Pibe!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Агустин Пасторицаның туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤37🎉17🔥4
Құтты болсын, Қазақ елі! 🇰🇿🏆

Отандасымыз Елена Рыбакина Australian Open 2026 теннис бәсекесінің финалында Арина Соболенконы жеңді.

«Ақтөбе» футбол клубы Еленаны екінші мәрте «Үлкен Дулыға» жүлдесін жеңгенімен шын жүректен құттықтай отырып, оған Қазақстан туын одан да биік асқақтата беруін тілейді.

Жарайсың, Лена!
❤44🔥16👏4🍓2👍1
«Ақтөбе» екінші жиынын 3 ақпанда бастайды

Жаңа маусымға дайындық барысында “Ақтөбе” футбол клубы Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Кезекті шетелдік ОЖЖ аясында Костов шәкірттері бірнеше бақылау матчын ойнайды.

Жиын 25 ақпанға дейін жалғасады.
❤19👍1👎1🍓1
Екінші жиындағы қарсыластарымыз 🤝
❤22👍8👏2🍓1