FC Aktobe
3.46K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
«Ақтөбе» екінші жиынын 3 ақпанда бастайды

Жаңа маусымға дайындық барысында “Ақтөбе” футбол клубы Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Кезекті шетелдік ОЖЖ аясында Костов шәкірттері бірнеше бақылау матчын ойнайды.

Жиын 25 ақпанға дейін жалғасады.
❤19👍1👎1🍓1
Екінші жиындағы қарсыластарымыз 🤝
❤22👍8👏2🍓1
«Ақтөбе» футбол клубының екінші жиындағы ойыншылар тізімі 🗞️
👏18❤7👀2👍1🍓1
🎂Туған күніңмен, Еркош!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахметтің туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤28👏11🎉1🍓1😎1
Bienvenido, Pablo! 🇪🇸👋

28 жастағы испандық тірек жартылай қорғаушы Пабло Альварес Гарсия «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы атанғанын ресми хабарлаймыз.

Лангрео өлкесінің тумасы футболдағы алғашқы қадамдарын хихондық “Спортинг” пен “Вильярреал” клубтарында жасаған. Сондай-ақ Испанияның “Алавес” жастар командасында және “Сан-Игнасио” ұжымында бағын сынайды.

Кейіннен Пабло Шығыс Еуропаға қоныс аударып, Болгарияның “Черно Море” және Хорватияның “Риека” клубтарында өнер көрсеткен. «Ақтөбеге» хавбек украиналық «Карпаты» командасынан ауысып келді.

Қош келдің, Паблито, және сәттілік!
❤63🔥18🍓2👍1👏1
Ласкаво просимо, Дмитро! 🇺🇦👋

27 жастағы украиналық қорғаушы Дмитро Топалов «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы атанды.

Ближнее өлкесінің тумасы – атақты донецкілік «Шахтер» футбол клубының түлегі. Туған клубында кәсіби мансабын бастаған Топалов екі мәрте Украина чемпионатын жеңіп, бір рет ел Кубогінің иегері атанды.

Бұдан бөлек, украиналық «Мариуполь», «Колос» және ЛНЗ клубтарында өнер көрсетті. Украинаның барлық деңгейіндегі жасөспірімдер құрамасынан бастап жастар командасына дейін ойнады.

Топалов сол жақ жартылай қорғаныста да, артқы шепте де және шабуылдаушы плеймейкер рөлінде де ойнай алады. Еурокубоктік тәжірибесі бар.

Қош келдің және сәттілік, Дима!
❤52👎9👏5🔥1🍓1
🎂Happy birthday, Mario!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Марио Рабиудың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤24🤮12👎2🍓2
Кусяпов тізе жарақатын алды

“Ақтөбе” қорғаушысы Талғат Кусяповтың тізесіне ота жасалады.

Ойыншы Мәскеу қаласында отадан өтеді.

Тізе буынының жарақатын алған Кусяпов тек бір ай жарымнан кейін ғана алаңға орала алады. Тиісінше қорғаушы жаңа маусымның алғашқы матчтарына қатыса алмайды.

Тез жазыл, Талғат!
❤15😢4🍓2
Екінші жиынның алғашқы матчы🛡️

🇰🇿Ақтөбе – Ротор🇷🇺
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️8 ақпан
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
🔥15❤6🍓1
⚔️ 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘

🇰🇿Ақтөбе – Ротор🇷🇺
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️8 ақпан
⏰19:00 (Ақт)
📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤23👍1👏1🍓1
Қазақстандағы ең үздік клубқа қош келдің, Арман! 🔴⚪️

25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов «Астанадан» жалға алынып, «Ақтөбенің» ойыншысы атанды.

Кеңесов 2020-2024 жылдар аралығында ақ-қызылдар сапында ойнап, барлық турнирлердегі 85 матчта он екі гол соқты және алты нәтижелі пас берді. “Ақтөбемен” бірге Қазақстан Кубогін жеңді.

Одан бөлек, Арман ресейлік «СКА-Хабаровск», отандық “Қайсар”, “Астана” және өзінің туған павлодарлық “Ертіс” клубы сапында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасына жиі шақырылып тұрады.

Арманға қош келдің дей отырып, тек биіктен көрін деген тілек айтамыз!
🤣40❤28👎11😡2😁1🤡1🍓1
#АқтөбеРотор : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺FC AKTOBE-TV YouTube арнасы
❤10🔥2🍓1
Екінші жиынның алғашқы матчында жеңіліс таптық

Ақтөбе 0:2 Ротор
👎56🤣12😭9🥱1🌭1🏆1🍓1
Темірлан «Ақтөбе» сапына қайта оралды 🛡️

32 жастағы отандық орталық қорғаушы Темірлан Ерланов «Ақтөбенің» кезекті жаңа ойыншысы атанды.

Ұлттық құрама ойыншысы 2021-2022 жылдардағы маусымда ақ-қызылдар сапында ойнап, барлық турнирлердегі 35 матчта үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Бізден бөлек Темірлан еліміздің бірқатар клубтарында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатын жеңді және Кубок иегері атанды.

Қош келдің, Тима, және сәттілік!
👎49❤9👍3🍓1
Чемпионатты ежелгі эль-класикомен бастаймыз 🔜

Екінші турда Алматыға қонаққа барсақ, содан соң “Елімайды” қабылдаймыз!
🔥44❤11🤯8😭2🍓1