Бағдат пен Пибе бүгінгі ойынға қатыса алмайды
Өткен ойындарда сан жарақатын алған капитанымыз Бағдат Қайыров пен жартылай қорғаушымыз Агустин Пасторица “Уфаға” қарсы алаңға шықпайды.
Екі ойыншы да қазіргі таңда жарақаттан емделіп, қалыпқа келу үстінде.
Есесіне Түркістанда “Ақтөбе” жастар командасымен жиында жүрген Виталий Латурнус, Нұрдәулет Төреғали мен Кәрім Елеуов Түркиядағы ОЖЖ-ға келіп қосылды.

❤26🍓1
Рақмет, Айбар!
Жартылай қорғаушы Айбар Абдулла өзара мәміле аясында «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шарт үзісті.
24 жастағы ойыншы былтырғы маусым алдында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында сегіз матчқа қатысты.
Сондай-ақ маусым барысында түркістандық «Тұранға» жалға берілді.
Айбарға алғыс айта отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейміз.

👍26❤6🍓1
Марк қарағандылық «Шахтер» клубына жалға берілді
18 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Марк Богачев маусым соңына дейін “Шахтер” сапында ойнайды.
Жас ойыншы бұған дейін QJ League жарысында «Ақтөбе» жасөспірімдер командасының намысын қорғап, 35 матчта үш гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. 2025 жылы Марк QJL All Star үздіктер құрамасының капитаны ретінде мадридтік “Атлетиконың” жасөспірімдеріне қарсы өнер көрсетті.
Былтыр Богачев сондай-ақ “Ақтөбе” жастар командасымен бірге Бірінші лига аясында алты матч өткізді.
Биыл қорғаушы “Ақтөбе” негізгі құрамымен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысты.

❤20👍2🍓1
Хасен «Таразға» жалға аттанды
17 жастағы «Ақтөбе» қорғаушысы Хасен Артурұлы маусым соңына дейін “Тараз” сапында өнер көрсетеді.
Жас ойыншы бұған дейін QJ League жарысында «Ақтөбе» жасөспірімдер командасының намысын қорғап, 21 матчта алты гол соқты және жеті нәтижелі пас берді. 2025 жылы Хасен QJL All Star үздіктер құрамасының мүшесі ретінде мадридтік “Атлетиконың” жасөспірімдеріне қарсы өнер көрсетті.
Былтыр Хас сондай-ақ “Ақтөбе” жастар командасымен бірге Бірінші лига аясында 21 матч өткізіп, екі гол соқты.

❤16👍4🍓1
Жиынның соңғы матчы ертең – #АқтөбеСочи 🔜
🇰🇿Ақтөбе – Сочи🇷🇺
🏆Бақылау матчы
📍Анталия🇹🇷
🗓️21 ақпан
⏰14:00 (Ақт)
❗️Матч өзара мәміле аясында жабық түрде өтеді

👎46❤6🍓1
«Ақтөбе» маусым алдындағы соңғы жиынын тәмамдады
Түркияның Анталия қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиыны 3-23 ақпан аралығында өтті.
Николай Костов шәкірттері кезекті ОЖЖ аясында төрт бақылау матчын өткізіп, бір жеңіске жетті және үш мәрте жеңіліске ұшырады.
Сондай-ақ ақырғы жиын шеңберінде команда қатарына жаңа ойыншылар қосылды.
Сәлден соң “Ақтөбенің” алдағы жоспарлары жайлы бөліспекпіз.

❤14🔥3👎2🍓1
«Ақтөбе» жаттықтырушысы ұлттық құраманың дене даярлық бапкері болып тағайындалды 🇰🇿
«Ақтөбе» футбол клубының физикалық дайындық бапкері Мұхтар Ерімбетов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды.
Мұхтар Тәңірбергенұлы – «Ақтөбе» футбол клубының түлегі. Бапкер ретінде клубымызда 2018 жылы бас жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарса, кейіннен «Ақтөбе-Жасты» баптады.
Еліміздің «Атырау», «Тараз» сияқты клубтарында істеген маман 2021 жылдан бері біздің клубта қайта жұмыс істей бастады.

🤣27👍10❤5🤮2👎1👏1🍓1
«Ақтөбе» алғашқы матчтарын Түркістанда өткізеді
Біздің Орталық стадионда жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты «Ақтөбе» футбол клубы ресми ойындарын “Түркістан Аренада” өткізу туралы шешім қабылдады.
Чемпионаттың бірінші туры аясында 7 наурыз күні «Ақтөбе» киелі шаһарда қостанайлық “Тобылды” қабылдайды. Ойын сағ. 17:00-де басталады.
Оған дейін «Ақтөбе» елордада жиналып, жаттығуларын Астана Аренада жасайды деп жоспарланып отыр.

👍27👎11❤4🍓1
БАҚ Назарына! 🖊️ 📸 🗞️
«Ақтөбе» футбол клубы 2026 жыл бойына өтетін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының және Кубогінің өз алаңындағы матчтарында жұмыс істейтін спорт журналистеріне (1 басылымнан 1 фотограф + 1 тілші) арналған аккредитацияға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне:
— матч өтетін күні спорттық аренаға кіруге;
— баспасөзге арналған арнайы аймақтағы орынға;
— матчты бастау хаттамасын алуына рұқсат беріледі.
Бас редактордың/бас редактор орынбасарының қолымен БАҚ бланкісінде талап етілетін аккредитация түрін міндетті түрде көрсете отырып: (басылым/фото/радио) өтініш хатты merey.kupzhanov@gmail.com электронды мекенжайына жіберулеріңіз сұралады.
Өтінімдер 5 наурызға дейін қабылданады және аккредитация алғашқы ойын болатын күні беріледі.
Толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы алуға болады:
8-702-282-08-46 Әсет Жомарт

❤11🍓1