FC Aktobe
3.46K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Дебют құтты болсын!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының бес бірдей жаңа ойыншысы Қазақстан Премьер-лигасындағы дебюттік матчын өткізді.

Капитан Иван Ордец пен Айдын Желькович тіпті алғашқы матчтарында-ақ голмен көзге түссе, Луиш Нани нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ жеңісті матчқа Дмитро Топалов пен Пабло Альварес елеулі үлес қосты.
❤51👍7🍓4
Мирам Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады

«Ақтөбенің» 19 жастағы түлегі Мирам Кикбаев кеше өткен #АқтөбеТобыл матчында алаңға тыңнан қосылды.

Осылайша, жас жартылай қорғаушы ҚПЛ-дағы дебюттік матчын өткізді.

Бұған дейін Мирам жасөспірімдер деңгейінде QJ League жарысында және «Ақтөбе» жастар командасы мен павлодарлық “Ертіс” сапында Бірінші лигада өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2024 жылы «Ақтөбе» негізгі командасымен бірге Лига Кубогінде дебют жасады.
❤24👏4🍓3
Халықаралық әйелдер күнімен🌷

💖Құрметті аналар, арулар, асыл жандар! Баршаңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шексіз махаббат және баянды бақыт тілейміз.
❤38🍓2🎉1
Іске сәт, Мирас!

«Ақтөбе» футбол клубының жас түлегі Мирас Уманиязов «Жетісу» сапына жалға берілді.

19 жастағы жартылай қорғаушы маусым соңына дейін талдықорғандық ұжым құрамында өнер көрсетеді.
❤32👏3🍓1
🔝Алғашқы турдан кейін ҚПЛ көшін бастадық

Келесі ойын 16 наурызда –#ҚайратАқтөбе 🔜
❤48😍7🔥4🍓3
#АқтөбеТобыл матчы сандар жүзінде 🙌

Тағы қандай оқиғаны атап өтер едіңіз?
❤36🔥5👏2🍓1
Алматыдағы «Ақтөбе» матчының билеттері сатылымға шықты 🎟️

16 наурыз күні оңтүстік астананың Орталық стадионында өтетін Қайрат – Ақтөбе матчының билеттері — сатылымда.

Билетті Freedom SuperApp қосымшасынан сатып алуға болады.

🏟️ Ақтөбеліктердің секторлары – 24, 25, 26, 27, 28. Қонақ сектордағы билет құны – 1500 теңге.
❤24❤‍🔥6👍2🍓1
Іске сәт, Марио!

“Ақтөбенің” нигериялық жартылай қорғаушысы Марио Риливан Ойиндамола Рабиу маусым соңына дейін «Атырау” сапына жалға берілді.

26 жастағы хавбек былтырғы маусым алдында ақ-қызылдар құрамын толықтырып, барлық турнирлердегі жеті ойында бір нәтижелі пас берді.

Марио өткен маусымның көп бөлігін жарақаттан айығумен өткізді.
👏32❤6👍5🍓1
🎉 З днем народження, Дмитре!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Дмитро Топаловтың туған күні.

Шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және сәтті ойын тілейміз!
❤31👏3🍓1
#ҚайратАқтөбе: ақтөбеліктер өз секторларына билет қалдырмады 🎟️

Кеше ҚПЛ ІІ туры аясында өтетін “Қайрат” - “Ақтөбе” командалары арасындағы матчтың билеттері сатылымға шыққанын хабарлағанбыз.

“Ақ-қызылдарға” 24-28 аралығындағы секторлар бөлінген еді. Бір тәулікке жетпей солтүстік трибунаның барлық билеті сатылып кетті.

Орталық стадионда жүздескенше, ақтөбеліктер! 🔴⚪️
❤‍🔥31👍8❤7🔥2🍓1
Бір жасыңызбен! 🤝

Ұлыстың ұлы күні наурыз айында ұлттық жаңа жылымыздың бастауы болған Амал мерекесі құтты болсын!

Тек жақсылықта көрісіп, жеңісті күндерде жүздесейік.
❤49🍓3
𝐁𝐈𝐆 𝐆𝐀𝐌𝐄 𝐓𝐎𝐌𝐎𝐑𝐑𝐎𝐖 🟡⚔️🔴

⚽️
#ҚайратАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📆 16 наурыз
⏳ 19:00
🏟️ Орталық Стадион
📺 Qazsport

🤍❤️Алға, Ақтөбе!
❤66🔥8🍓2