FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Туған күніңмен, Дима! 🎂

Бүгін “Ақтөбе” футбол клубының реабилитологы Дмитрий Степураның туған күні.

Ұжым атынан жеке мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық пен толағай табыс тілейміз.
❤15👍6🎉2🔥1🍓1
Ресми мәлімдеме

Кейбір БАҚ беттерінде «Ақтөбе» футбол клубы гаитилік ойыншы Жайро Жанды қайтарып, украиналық қорғаушы Даниил Бескоровайныйды өз қатарына қосады деген ақпарат жарық көрді.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. "Ақтөбе” қазіргі таңда жоғарыда аталған ойыншылармен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз.
😭30❤12🖕3🍓1
#АқтөбеАлтай матчының билеттері ертең (11 маусым) күндіз сағат 12:00-де сатылымға шығады 🎟️

Біздің сілтеме бойынша өтсеңіз, үстіне ешқандай комиссия төлемей ала аласыз. Жексенбі күні Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбе» өз стадионында «Алтайды» қабылдайды.

Ойын Орталық стадионда өтеді. Билеттерді ертең 12:00-ден бастап тек «Яндекс Афиша» сайтынан ғана сатып ала аласыз.

«Ақтөбе» — «Алтай» матчы 14 маусым күні сағат 20:00-де басталады.
❤24🍓1
Forwarded from Freedom QJ League
📱 Саятхан Кусаинов — Жаңа буын қақпашысы

Бала кезінен үлкен спортты армандаған жас футболшының оқиғасымен танысыңыздар. Біз оның қақпашы ретіндегі жолы, QJ League-дегі өнері және негізгі құрамдағы алғашқы жетістіктері туралы баяндаймыз.

🏆🏆🏆

📱 Саятхан Кусаинов — Вратарь нового поколения

Познакомьтесь с историей молодого футболиста, который с самого детства мечтал о большом спорте. Мы расскажем о его пути в качестве вратаря, выступлении в QJ League и первых достижениях в основном составе.

https://youtu.be/ncM_HrvECWI?si=FLZO4OU5pYmG0BOc

https://youtu.be/ncM_HrvECWI?si=FLZO4OU5pYmG0BOc

https://youtu.be/ncM_HrvECWI?si=FLZO4OU5pYmG0BOc
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏12❤5🍓1
Гиорги Зариа – «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы 🇬🇪

Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гиорги Зариа жазғы трансферлік ауысымдағы алғашқы жаңа ойыншымыз атанды.
❤49🥴8🔥4👍3🍓1💊1
Гиорги «Ақтөбемен» келісім-шарт жасасты ✍️

Кутаиси қаласының тумасы «Ақтөбе» футбол клубына еркін агент ретінде ауысты.

28 жастағы орталық хавбек Гиорги Зариа гүржілік «Саско», тбилисилік және батумилік «Динамо» командаларында сәтті өнер көрсетіп, Грузияның төрт дүркін чемпионы және бір мәрте Суперкубок иегері атанған. Алматылық “Қайрат” сапында Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағын алып, ел Суперкубогін жеңген. Өз мансабында Зариа жалпы саны 250-ден астам матч өткізіп, 42 гол салған және 29 нәтижелі пас берген.

Жасөспірімдер мен жастар деңгейінде Грузия құрамасында ойнаған Гиорги 2021 жылдан бастап ұлттық құрамаға шақыртыла бастады.

«Ақтөбе» футбол клубы Гиоргиді қуана қарсы ала отырып, оған біздің команда сапында үлкен жетістіктерге жетуді тілейді.
❤50🔥9🤯2👌1🍓1
🎟️«Алтаймен» өз алаңымыздағы матчқа билеттер – «Яндекс Афиша» сайтында сатылымда

Билеттерді мына сілтеме бойынша сатып ала аласыздар:
https://widget.afisha.yandex.ru/w/events/830743?clientKey=6030cb26-6585-43c3-ae7e-97e58f0a307e&regionId=20273

#АқтөбеАлтай матчы 14 маусым (жексенбі) сағат 20:00-де басталады. Ойын Орталық стадионда өтеді.
👍14❤2🍓2
Зариа «Қобыландыда» 🏟️
❤‍🔥44🔥11❤5👍3🍓2
Сәттілік, Сая!

18 жастағы «Ақтөбе» қақпашысы Саятхан Құсайынов түркістандық “Тұран” сапына маусым соңына дейін жалға берілді.

“Ақтөбенің” жас түлегі 2023 жылдан бері QJ League жасөспірімдер лигасында өнер көрсетіп, біріншіліктің үздік қақпашысы атанды. QJL All Star құрамасымен бірге “Црвена Звезда” командасына қарсы жеңісті матчқа қатысты.

Бірер маусым бұрын “Ақтөбенің” негізгі командасымен келісім-шартқа отырған Саятхан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақыртылып тұрады. “Ақтөбе” жастар командасымен бірге Бірінші лигада отыздан астам матч өткізді.
❤35🍓1
Антон Кучма – #АқтөбеАлтай матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 13-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

Премьер-лига
13-тур
14 маусым

Ақтөбе – Алтай

Бас төреші: Антон Кучма (Көкшетау)

Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Мансұр Сайдулаев (Қарағанды)

Қосалқы төреші: Бекарыс Аманкелдин (Орал)
VAR: Марат Ысқаков (Астана)
AVAR: Сергей Калачев (Атырау)
Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз)
❤9🍓1
Дзякуй, Мікіта!

31 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Корзун екіжақты келісім аясында “Ақтөбе” футбол клубынан кетті.

Корзун былтыр жазда ақ-қызылдар сапын толықтырып, содан бері барлық турнирлер аясында 21 матч өткізді және бір нәтижелі пас берді.

«Ақтөбе» футбол клубы Никитаға алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына сәттілік тілейді.
❤34👏7😭7🔥2😨2🤯1🍓1
Добредојдовте, Яни 👋🇲🇰

Солтүстік Македония ұлттық құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Яни Атанасов «Ақтөбенің» кезекті жаңа ойыншысы атанды.

Тірек аймағында және шабуылдаушы хавбек ретінде ойнай алатын Атанасов – «Академия Пандев» клубының түлегі. Струмица өлкесінің тумасы өз туған ұжымынан бөлек, түркиялық “Бурсаспор”, хорватиялық “Хайдук”, польшалық “Краковия” мен “Пуща” және грекиялық “Лариса” клубтарында өнер көрсеткен.

Македонияның U17, U19, U21 құрамаларынан бөлек ұлттық құрамаға 2017 жылдан бастап шақырылады.

Яниге ақ-қызылдар сапына қош келдің дей отырып, сәттілік тілейміз!
❤44⚡4👍3🍓1
Ертең өскемендік «Алтайды» қабылдаймыз🏠🏟️

⚽️
#АқтөбеАлтай
🏆 ҚПЛ
📅 14 маусым
🕰️ 20:00
🏟️ «Қобыланды батыр»
📺 KFF League YouTube арнасы
❤34🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#АқтөбеАлтай
🏆 ҚПЛ
📅 14 маусым
🕰️ 20:00
🏟️ «Қобыланды батыр»
📺 KFF League YouTube арнасы
👏18❤9👍1🍓1
Байдәулетов мансабын басқа клубта жалғастырады

«Ақтөбе» футбол клубының жас жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетов өзара мәміле аясында команда сапынан кетті.

20 жастағы түлегіміз QJ League жасөспірімдер турнирінің 2023 жылғы маусымында танылып, бір гол соқты және бес нәтижелі пас шығарды. Келесі жылы “Ақтөбенің” негізгі құрамымен бірге Лига Кубогінде дебют жасаса, былтыр ҚПЛ-да ойнау бағы бұйырды. Сондай-ақ Бірінші лигада Аян «Ақтөбе» жастар командасымен бірге елуге жуық матчқа қатысып, бес гол мен бір голдық пастың авторы атанды. Байдәулетов «Ақтөбенің» бас құрамында барлық турнирлерде жалпы саны 23 матч ойнап, бір дәл соққысымен және үш нәтижелі пасымен көзге түсті.

Аянға бірлесе өткен дара жол үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз.
❤29👎5🍓1🤝1
#АқтөбеАлтай: 𝑺𝑻𝑨𝑹𝑻𝑰𝑵𝑮 𝑿𝑰 🛡️

📺 KFF League YouTube-арнасы
👎22❤17🍓1
Жексенбі кешін жеңіспен аяқтадық 😍

Ақтөбе 2:0 Алтай

⚽️ 57’ Латурнус
⚽️ 71’ Ордец
👍39❤31👏5🔥2🥰1🍓1
Жанкүйерлер – команданың 1️⃣2️⃣ ойыншысы ❤️🤍⚽

«Ақтөбе» ФК мен Papa John’s серіктестігі аясында клуб жейдесі бейнеленген арнайы пицца қорабы дайындалды 🍕

Қораптың ішкі бөлігіндегі жейдені белгіленген сызық бойымен бөліп алып, өзіңізге өлшеп көруге болады 😎

Енді әрбір жанкүйер өзін команданың бір бөлшегі ретінде сезіне алады!

📍Арнайы қораптарды Papa John’s мейрамханасынан таба аласыз:
Тәуелсіздік 24/2

«Ақтөбе» ФК жейдесіндегі фотоларыңызды күтеміз ❤️🤍
❤21🤣9👍3🔥2🍓2👏1