Міне нағыз дебют!
Македониялық хавбек Яни Атанасов “Ақтөбе” сапында сәтті дебют жасады.
«Астанаға» қарсы дебюттік матчында-ақ алғашқы нәтижелі пасымен көзге түсті. Яни алаңда 90 минут өткізді.
Ұзағынан болсын!

❤67👏6⚡1🍓1
«Ақтөбенің» төрт бірдей ойыншысы — 14-турдың үздіктер құрамасында🔝
Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында “Астана” қақпасына бір-бір голдан соққан Луиш Нани мен Агустин Пасторица үздіктер қатарына енді.
Сондай-ақ қорғаныста сауатты ойнаған Иван Ордец пен сенімді өнер көрсеткен қақпашы Александр Заруцкий аталмыш құрамадан орын алды.

🔥40❤8👍3🍓1
«Ақтөбе» жанкүйерлері туралы фильм түсіріліп жатыр 🍿
Әлеуметтік желілерде #АқтөбеАстана матчы кезінде стадион төбесінде «балалар не істеп жүр?» деген сыңайда сауалдар туындап жатты.
«Adala Group» компаниясының жетекшілігімен маусым басталғалы қаламызда «13 Sector» уақытша атауымен көркем фильм түсірілімі басталған еді. Толықметражды шығарма мақсаты спортты, атап айтқанда футболды қолдауға және патриотизм мен достықты дәріптеуге негізделген.
Фильмді түсіру барысында «Ақтөбе» жанкүйерлерінің шеруі, бас команданың матчтарынан жарқын сәттер мен жасөспірімдер футболының элементтері қолданылып жатыр. Өткен ойында да жас өрендердің стадион үстіне шығуы – түсірілімнің бір бөлшегі. Бұл ретте барлық кәсіби түсірілім мен қауіпсіздік мәселесі Төтенше жағдайлар департаментімен және басқа да органдармен келісілген.
«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш процесті толық бақылауда ұстайды және ешқандай заңбұзушылықтың орын алуына жол бермейді.

❤53👍4🍓1🍾1
Sports24.kz – «Ақтөбе» футбол клубының жаңа ақпараттық серіктесі 🤝
«Ақтөбе» футбол клубы Sports24.kz спорттық-сараптамалық интернет-порталымен ақпараттық серіктестіктің басталғандығы туралы қуана хабарлайды.
Ынтымақтастық футболды насихаттауға, сондай-ақ «Ақтөбе» ФК жетістіктерін ақпараттық кеңістікте мейлінше кеңінен және сапалы жариялауға бағытталған.
Бұл әріптестік жанкүйерлерімізді клубқа және команда төңірегіндегі барлық маңызды оқиғаларға жақындата түсуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

❤27💩7👍6🍓1
Айдын Тасыбаев – #ЖетісуАқтөбе матчының бас төрешісі 🏁
ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.
Премьер-лига
15-тур
27 маусым
Жетісу – Ақтөбе
Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)
Қапталдағы төрешілер: Евгений Филипчук (Шымкент), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған)
VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)
AVAR: Денис Лабашов (Атырау)
Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)

❤15🔥1🤡1🍓1😎1
Бірінші айналымның соңғы матчы🔚⚽️
⚽️ #ЖетісуАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 27 маусым
🕰️ 18:00
🏟️ «Жетісу»
📺 KFF League YouTube арнасы
⚽️ #ЖетісуАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 27 маусым
🕰️ 18:00
🏟️ «Жетісу»
📺 KFF League YouTube арнасы
❤30🍓1
📣 Бүгін #ЖетісуАқтөбе матчына барғалы жатқан ақтөбелік жанкүйерлердің назарына
Ақ-қызылдарды сіздер Талдықорғандағы «Жетісу» стадионының “Ж” секторында (Шығыс трибуна) отырып қолдай аласыздар. Кіру тегін.
Матч кешкі 18:00-де басталады.

🔥20❤3👍2🍓1
#ЖетісуАқтөбе: 𝑺𝑻𝑨𝑹𝑻𝑰𝑵𝑮 𝑿𝑰 🛡️
📺 Тікелей эфир: https://www.youtube.com/live/VCKTzE7EXEQ?si=G9e399j3bcpMvJxW

❤23🤔2🍓1
Журналистер күнімен! 🗞️ 📸 🎥
«Ақтөбе» футбол клубы журналистік этиканы сақтап, объективті ақпарат тарату үшін аянбайтын барлық БАҚ өкілдерін 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды.
Баршаңызға зор денсаулық, талмас шабыт және адал қызмет тілейміз. Қаламдарыңыз мұқалмасын, жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын!

❤19👍1😁1🍓1