FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
296 videos
1 file
232 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Хвала, Данило! 👋

Өзара мәміле аясында сербиялық қорғаушы Данило Митрович «Ақтөбе» футбол клубымен қош айтысты.

25 жастағы ойыншы сәуір айының аяғына таман ақ-қызылдар сапын толықтырып, содан бері барлық турнир шеңберінде алты матчқа қатысты.

«Ақтөбе» футбол клубы Данилоға бірлесіп атқарған еңбек үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына табыс тілейді.
❤31🍓1
Руслан Сұлтанғалиев – #АқтөбеОқжетпес матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 19-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

Премьер-лига
19-тур
25 шілде

Ақтөбе - Оқжетпес

Төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)

Төрешінің көмекшілері: Алексей Долгих (Павлодар), Иван Навроцкий (Астана)

Қосалқы төреші: Диас Құстаев (Орал)
VAR: Саят Қарабаев (Астана)
AVAR: Кирилл Ткачев (Алматы)
Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)
👎10❤2🌚1🍓1
«Ақтөбе» мен Ayrys «Оқжетпеске» қарсы ⚔️

⚽️ #АқтөбеОқжетпес
🏆 ҚПЛ
📅 25 шілде
⏰ 20:00
🏟️ «Қобыланды»
📺 KFF League Youtube-арнасы
🎫 Яндекс.Афиша
❤19🔥5🥰2🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️ #АқтөбеОқжетпес
🏆 ҚПЛ
📅 25 шілде
⏰ 20:00
🏟️ «Қобыланды»
📺 KFF League Youtube-арнасы
🎫 Яндекс.Афиша
❤27🍓1
#АқтөбеОқжетпес: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Sport +, KFF League YouTube-арнасы
❤23🍓1
⚽️𝐆𝐎𝐎𝐎𝐎𝐎𝐀𝐀𝐀𝐀𝐀𝐀𝐋𝐋𝐋𝐋𝐋𝐋!

Гол авторы: Яни Атанасов

#АқтөбеОқжетпес – 1:0
❤34🥰8🔥5🍓1
⚽️𝐆𝐎𝐎𝐎𝐎𝐎𝐀𝐀𝐀𝐀𝐀𝐀𝐋𝐋𝐋𝐋𝐋𝐋!

Гол авторы: Темірлан Ерланов

#АқтөбеОқжетпес – 2:0
❤40🔥7🍓1
«Фавориттерден» басым түстік 🫠

Ақтөбе 2:1 Оқжетпес

⚽️ 5’ Атанасов
⚽️ 22’ Ерланов
❤49🤣26🔥7❤‍🔥2🍓1
Жеңісті кештен кейін үздік үштікке ендік ⬆️
❤‍🔥49🔥19❤10🍓1
Тиманың өмірінен 2️⃣3️⃣ минут:

⏱️ 19:59 – «Харекет» қорымен бірге батыр әке Айдос мырзаға пәтер кілтін табыстайды;

⏱️ 20:05 – Яни Атанасовқа нәтижелі пас шығарады;

⏱️ 20:22 – Жеңіс голын соғады!

#АқтөбеОқжетпес 2:1

Ерланов 😎🅰️⚽️
❤55🍓3
Чемпиондар лигасы алдында қыздарымыз ертең Орталықта ойнайды 🏟️🧐

🆚 Ақтөбе – Ертіс
🏆 Әйелдер лигасы
🗓️ 28 шілде
🕰️ 18:00
🎫 Яндекс.Афиша
🏟️ «Қобыланды»

‼️Билеттен түскен бүкіл қаражат жанкүйеріміз Анелина Ізтілееваның (диагнозы ДЦП) Түркиядағы отасына жұмсалады. Ойынға келіп, қайырымдылық жасайық, достар! ❤️‍🩹
❤22😍2🍓1
Ақтөбе – Ордабасы матчы кейінге шегерілді

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2026 жылғы 28 шілдедегі хатына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген еліміздегі Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты аталған күнге жоспарланған барлық спорттық жарыстардың кейінге шегерілетінін хабарлады.

Осыған байланысты Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 23-турының матчтары кейінірек өтеді. Осылайша, қаламызда 23 тамыз күні өтуі тиіс болған «Ақтөбе» – «Ордабасы» кездесуі белгісіз уақытқа кейін қалдырылды.

23-тур матчтарының өтетін жаңа мерзімі жайлы ақпарат қосымша хабарланады.
🤡53👎6❤5🖕3❤‍🔥1💩1🍓1
Айдын Тасыбаев — #ҚызылжарАқтөбе матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 20-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

Премьер-лига
20-тур
1 тамыз

«Қызылжар» – «Ақтөбе»

Төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)

Төрешінің көмекшілері: Нұржан Жүнісов (Астана), Төребек Жақсылық (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Айбек Мұхат (Атырау)
VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған)
AVAR: Рустам Омаров (Алматы)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)
🔥7❤2👏1🍓1
Тамыз айында төрт матч өткіземіз, бірақ ешқайсысы «Қобыландыда» емес 😔
😭48😱5❤3🍓1
Көп рақмет!

«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Штефан Тарковичпен келісім-шарт бұзысу туралы тоқтамға келгенін ресми хабарлайды.

53 жастағы словакиялық маман сәуір айының басында ақ-қызылдардың тізгінін ұстап, содан бері барлық турнир аясында он жеті матч өткізді. Оның сегізінде (екеуі – Кубок) команда жеңіске жетсе, төртеуінде тең түсіп, бесеуінде жеңіліс тапты.

Бас жаттықтырушымен қатар, сондай-ақ оның көмекшілері ретінде қызмет атқарған Карол Праженица мен Мартин Руснак «Ақтөбеден» кетті.

«Ақтөбе» футбол клубы Таркович бастаған бапкерлер тобына алғыс білдіре отырып, олардың алдағы мансаптық жолына табыс тілейді.
❤24🤡10👍4👎2🍓1
Черевченко – «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері 🇹🇯🇷🇺

51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды.

Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген және жергілікті «Памир» клубында ойнап, футбол шеберлігін сол жерде дамытқан. Кейінірек Ресейге қоныс аударып, мәскеулік «Локомотив» пен «Торпедо» және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.

Өз ұжымындай болып кеткен «Локоны» жаттықтырған шағында бапкерлік атағы шығып, клубпен бірге Ресей Кубогін жеңіп алды. «Локомотивтен» басқа, Чери ресейлік «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын, сондай-ақ Тәжікстанның «Истиқлол» (Душанбе) командасын баптап, онымен бірге үш жыл қатарынан Тәжікстан чемпионатын және ел Кубогі мен Суперкубогін иеленді. Азия Чемпиондар лигасына шығарды.

«Ақ-қызылдар» қатарына қош келдіңіз, Игорь Геннадьевич! 🤝🔴⚪️
👎47🔥6❤4🖕3🍓1
Жаңа бас бапкердің екі көмекшісі тағайындалды

Юрий Батуренко мен Михаил Соловей «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Игорь Черевченкоға жәрдемдеспек.

🇹🇯 61 жастағы маман Юрий Михайлович Батуренко Тәжікстанда дүниеге келіп, ойыншы ретінде Ресейде танылған. Мәскеулік «Локомотивпен» бірге көршілес ел біріншілігінің күміс және қола жүлделерін жеңген. Бапкер ретінде теміржолшылардан бөлек, “Мордовия”, “Анжи”, “Ротор” мен “Ростов” сияқты басқа да ресейлік клубтарда және әзірбайжандық “Габала” мен тәжікстандық “Истиқлол” ұжымдарында еңбек еткен.

🇷🇺 45 жастағы ресейлік жаттықтырушы Михаил Александрович Соловей ойыншы ретінде өз отанындағы “Рыбинск”, “Нижний Новгород”, “Луч-Энергия” және т.б. клубтардың намысын қорғаған. Бапкер ретінде “СКА-Энергия”, “Анжи”, “Арсенал”, “Химки”, “Балтика” және “Шинник” ұжымдарында қызмет істеген. Соловей “Ақтөбе” футбол командасының бас бапкеріне физикалық даярлық жағынан көмек бермек.

Қош келдіңіздер!
👎19❤2🍓1