FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Айдын Тасыбаев — #ҚызылжарАқтөбе матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 20-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

Премьер-лига
20-тур
1 тамыз

«Қызылжар» – «Ақтөбе»

Төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)

Төрешінің көмекшілері: Нұржан Жүнісов (Астана), Төребек Жақсылық (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Айбек Мұхат (Атырау)
VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған)
AVAR: Рустам Омаров (Алматы)
Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл)
🔥7❤2👏1🍓1
Тамыз айында төрт матч өткіземіз, бірақ ешқайсысы «Қобыландыда» емес 😔
😭48😱5❤3🍓1
Көп рақмет!

«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Штефан Тарковичпен келісім-шарт бұзысу туралы тоқтамға келгенін ресми хабарлайды.

53 жастағы словакиялық маман сәуір айының басында ақ-қызылдардың тізгінін ұстап, содан бері барлық турнир аясында он жеті матч өткізді. Оның сегізінде (екеуі – Кубок) команда жеңіске жетсе, төртеуінде тең түсіп, бесеуінде жеңіліс тапты.

Бас жаттықтырушымен қатар, сондай-ақ оның көмекшілері ретінде қызмет атқарған Карол Праженица мен Мартин Руснак «Ақтөбеден» кетті.

«Ақтөбе» футбол клубы Таркович бастаған бапкерлер тобына алғыс білдіре отырып, олардың алдағы мансаптық жолына табыс тілейді.
❤24🤡10👍4👎2🍓1
Черевченко – «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері 🇹🇯🇷🇺

51 жастағы тәжірибелі маман Игорь Черевченко «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері атанды.

Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген және жергілікті «Памир» клубында ойнап, футбол шеберлігін сол жерде дамытқан. Кейінірек Ресейге қоныс аударып, мәскеулік «Локомотив» пен «Торпедо» және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.

Өз ұжымындай болып кеткен «Локоны» жаттықтырған шағында бапкерлік атағы шығып, клубпен бірге Ресей Кубогін жеңіп алды. «Локомотивтен» басқа, Чери ресейлік «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын, сондай-ақ Тәжікстанның «Истиқлол» (Душанбе) командасын баптап, онымен бірге үш жыл қатарынан Тәжікстан чемпионатын және ел Кубогі мен Суперкубогін иеленді. Азия Чемпиондар лигасына шығарды.

«Ақ-қызылдар» қатарына қош келдіңіз, Игорь Геннадьевич! 🤝🔴⚪️
👎47🔥6❤4🖕3🍓1
Жаңа бас бапкердің екі көмекшісі тағайындалды

Юрий Батуренко мен Михаил Соловей «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Игорь Черевченкоға жәрдемдеспек.

🇹🇯 61 жастағы маман Юрий Михайлович Батуренко Тәжікстанда дүниеге келіп, ойыншы ретінде Ресейде танылған. Мәскеулік «Локомотивпен» бірге көршілес ел біріншілігінің күміс және қола жүлделерін жеңген. Бапкер ретінде теміржолшылардан бөлек, “Мордовия”, “Анжи”, “Ротор” мен “Ростов” сияқты басқа да ресейлік клубтарда және әзірбайжандық “Габала” мен тәжікстандық “Истиқлол” ұжымдарында еңбек еткен.

🇷🇺 45 жастағы ресейлік жаттықтырушы Михаил Александрович Соловей ойыншы ретінде өз отанындағы “Рыбинск”, “Нижний Новгород”, “Луч-Энергия” және т.б. клубтардың намысын қорғаған. Бапкер ретінде “СКА-Энергия”, “Анжи”, “Арсенал”, “Химки”, “Балтика” және “Шинник” ұжымдарында қызмет істеген. Соловей “Ақтөбе” футбол командасының бас бапкеріне физикалық даярлық жағынан көмек бермек.

Қош келдіңіздер!
👎19❤2🍓1
Солтүстік қырандарымен айқас – ертең 🦅🤏

⚽️ #ҚызылжарАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 1 тамыз
⏰ 19:00
🏟️ «Қарасай»
📺 KFF League | Кинопоиск
🎫 Кіру тегін
🏁 Тасыбаев
❤23👍6🍓1
⚡️𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘⚡️

⚽️
#ҚызылжарАқтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 1 тамыз
⏰ 19:00
🏟️ «Қарасай»
📺 KFF League | Кинопоиск
🎫 Кіру тегін
🏁 Тасыбаев
❤24🍓1
🏟️ Біздің сектор – В1️⃣

«Қызылжар» – «Ақтөбе» матчына баратын біздің жанкүйерлерге құлаққағыс етеміз.

Ақтөбелік жанкүйерлер үшін Петропавлдағы «Қарасай» стадионының «В1» секторы бөлінген. Кіру тегін.

#ҚызылжарАқтөбе матчы бүгін сағат 19:00-де басталады.
❤21🍓1
Көптен бері қонақта түгендемеппіз 🤭

#ҚызылжарАқтөбе матчын қайдан қарайсыз? Біз @13sector.movie фильмінің түсірілімінде рекорд орнатып, «Қобыландыдан» тамашалаймыз 🥰🏟️

Ал сіз ше? Астына жаза кетіңіз👇
❤‍🔥23❤5🍓1
#ҚызылжарАқтөбе: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 KFF League | Кинопоиск
🔥15❤4👍2🍓1
Бұл жолы нәтиже осылай болды 🏁

Қызылжар 3:1 Ақтөбе

⚽️ 38’ Атанасов
🤬65👎15🤡10❤2👍2🖕2🍓1
Олувасейи Бабаджиде – «Ақтөбе» ойыншысы ❤️‍🔥

29 жастағы ағылшындық вингер Олувасейи Бабаджиде «Шейи» Оджо «Ақтөбе» футбол клубымен келісім-шартқа отырғанын ресми хабарлаймыз.

Оджо «Ливерпуль» академиясында футболдағы алғашқы қадамдарын жасап, кейін мерсисайдтықтардың бас командасы сапында да өнер көрсетті. Сонымен қатар әр жылдары Англияның «Уиган», «Вулверхэмптон», «Фулхэм», «Кардифф Сити», «Миллуол», Францияның «Реймс», Шотландияның «Рейнджерс», бельгиялық «Кортрейк» және словениялық «Марибор» клубтарында абыроймен ойнады.

Сондай-ақ Шейи Оджо Англияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетіп, Англия U20 құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған.

Оджоға ақ-қызылдар отбасына қош келдің дей отырып, бізбен бірге зор жетістікке жетуін тілейміз! 🔴⚪️
❤23🔥5🍓1
𝐖𝐞𝐥𝐜𝐨𝐦𝐞 𝐭𝐨 𝐀𝐤𝐭𝐨𝐛𝐞, 𝐒𝐡𝐞𝐲𝐢 𝐎𝐝𝐣𝐨 ❤️🤍
❤27🔥7👏4🍓1
Forwarded from Freedom QJ League
🔴 Даяна Тулебаева – Freedom QJ League W VII турдың Mastercard үздік ойыншысы!

Футболшы статистикалық деректері бойынша QJ League спорттық-сараптамалық бөлімімен таңдалды.

Құттықтаймыз, Даяна!

🏆🏆🏆

🔴 Даяна Тулебаева – Mastercard лучший игрок VII тура Freedom QJ League W!

Футболистка была выбрана спортивно-аналитическим блоком QJ League согласно статистическим данным.

Поздравляем, Даяна!

🩷 Freedom QJ League
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8❤3🍓1
Тарихи матч күні – бүгін 🌟

🏆 Women’s Champions League
⚔️ Брейдаблик – Ақтөбе
🏟️ «Қобыланды»
🗓️ Бүгін
⏰ 19:00
📺 QSport League
🎫 Яндекс.Афиша

‼️Абонемент иелері ЧЛ матчтарына тегін кіреді.
❤18🍓1