FC Aktobe
3.45K subscribers
2.03K photos
295 videos
1 file
231 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
Forwarded from Freedom QJ League
⚽️ Айжан Есіркепова – Freedom QJ League W VIII турдың Mastercard үздік голының авторы

Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша Есіркепованың «Ертіс» қақпасына соққан добы өткен турдың үздігі деп танылды.

Құттықтаймыз, Айжан!

🏆🏆🏆

⚽️ Айжан Есиркепова – автор Mastercard лучшего гола VIII тура Freedom QJ League W

По итогам голосования болельщиков, гол Есиркеповой в ворота «Иртыша» был признан лучшим в прошедшем туре.

Поздравляем, Айжан!

🩷 Freedom QJ League
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11🍓1
Ертең жастарымыз «Қобыландыда» ойын өткізеді 😍🏟️

🆚 #АқтөбеЖШахтер
🏆 Бірінші лига
🏟️ «Қобыланды батыр»
🗓️ 13 тамыз
⏰ 18:00
📺 KFF League
🎫 Кіру тегін
👍16❤3🍓1
Біздің сектор – D1️⃣

«Қайсар» – «Ақтөбе» матчына баратын жанкүйерлерге құлаққағыс етеміз.

Ақтөбелік жанкүйерлер үшін Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионының «D1» секторы бөлінген. Билет құны – 500 теңге.

🎟️ Сатып алу үшін: https://ticketon.kz/kz/sports/event/tckt2-qaysar-aqtobe-qaysar-arena/session/1733656

#ҚайсарАқтөбе матчы ертең сағат 20:00-де басталады.
❤11🍓1
Көңіл айтамыз

Аңыз ойыншымыз Юрий Логвиненконың анасы дүниеден озды.

«Ақтөбе» футбол клубы Юраға және оның жақын-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.
💔30🕊8❤2🍓1
«Қасқырлармен» кездесу – ертең 🐺

⚽️ Қайсар – Ақтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 15 тамыз
⏰ 20:00
🏟️ «Қайсар Арена»
📺 KFF League
❤22🍓1
𝓦𝓸𝓵𝓯𝓼 🆚 𝓡𝓮𝓭-𝓦𝓱𝓲𝓽𝓮𝓼

⚽️ Қайсар – Ақтөбе
🏆 ҚПЛ
📅 Бүгін
⏰ 20:00
🏟️ «Қайсар Арена»
📺 KFF League
❤21🔥5🍓1
Георгий Чеховский – #ҚайсарАқтөбе матчының бас төрешісі 🏁

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 22-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

Премьер-лига
22-тур
15 тамыз

«Қайсар» – «Ақтөбе»

Төреші: Георгий Чеховский (Астана)

Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Белоградов (Павлодар), Евгений Карлов (Павлодар)

Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)
VAR: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
AVAR: Григорий Московченко (Павлодар)
Инспектор: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)
❤7🍓1
Бүгін «Ақтөбеге» әлемнің қай түкпірінен жанкүйерсіз? 🌍

Осылай кейде түгендеп жатсақ, кейбір адам сендерге Испания мен Аргентинадан кім жанкүйер болады-ей деп мысқылдап жатады.

Бұл жерде “Ақтөбеде” қазір өнер көрсететін жігіттердің туған жері мен матчтың басталу уақыты тиісінше көрсетілген. Яғни ойыншыларымыздың жанұясы, жақын-туыстары мен достары қолдап-қолпаштайды ғой.

🤔 Сонымен, «Қайсар Аренаға» бармай қалсаңыз, қайдан қарайын деп жатсыз? 👇
❤17🤮2🍓1
#ҚайсарАқтөбе: 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 KFF League
👎22❤9🔥3🍓1
Ақтөбелік Қазыбек Қалмағамбетов – әлем чемпионы!🥇🇰🇿

Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ақтөбелік балуан Қазыбек Қалмағамбетов алтын жүлде жеңіп алды.

Финалда біздің күресші Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен белдесті. Тартысты кездесуде жоғары қарқын көрсеткен Қазыбек белдесудің соңғы секундтарында қарсыласының жауырынын кілемге тигізіп, 13:7 есебімен таза жеңіске жетті.

Қазыбектің чемпиондық жолы:

Іріктеу: Себастьян Вагнер 🇩🇪 — 9:0
1/8 финал: Амрин Наттер 🇺🇸 — 1:1, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс
Ширек финал: Мұхаммед Әбделрахим 🇪🇬 — 4:1
Жартылай финал: Петро Житовоз 🇭🇺 — 7:5
Финал: Михаил Марковский 🇧🇾 — 13:7, таза жеңіс

Осылайша, Қазыбек финалға дейін қазіргі әлем чемпионы мен Еуропа чемпионын жеңіп, бірде-бір жеңіліссіз жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!
❤44🍓1
Жарақаттағы ойыншылар туралы

«Ақтөбе» капитандарының бірі Иван Ордец соңғы екі ойынға қатыса алмады.

Орталық қорғаушының оң сан бұлшықеті зақымдалған, қазіргі таңда Ваня емделіп, қалыпқа келу үстінде. Өткен қос матчтың біреуіне қатысқан жағдайда ойыншы кемінде бір айға қатардан шығып қалу қаупінде тұрды. Бұл жайлы бас бапкер Игорь Черевченко да баспасөз мәслихатында айтқан еді.

Негізгі капитан Бағдат Қайыровтың жалпы құрамға оралатын күні әлдеқайда жақын. Багада сол жақ санының шап бұлшықеті жарақаты болған еді.

Жас шабуылшы Виталий Латурнус шап және іш бұлшықеті жарақаттарынан емделіп жатыр. Оның толық құрамға оралуы өз жай-күйіне және оңалту рәсімінің сәтті аяқталуына байланысты.

Дмитро Топалов сан жарақатынан айығып, командамен ортақ жаттығуға кірісті. Құрметті жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінен лазареттегі ойыншылар туралы ахуалдан саяси астар іздемеуді сұраймыз.
❤21😢10😁1🍓1
Сәттілік, Айдын!

«Ақтөбе» футбол клубы және швециялық-босниялық жартылай қорғаушы Айдын Желькович келісім-шартты бұзысу туралы өзара мәмілеге келді.

28 жастағы вингер биылғы маусым барысында “Ақтөбе” сапында барлық турнир аясында 18 матчқа қатысып, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Айдынға бірлескен еңбек үшін алғыс білдіре отырып, «Хальмстад» құрамында сәттілік тілейміз.
❤28🔥5👏3😱1🍓1
Forwarded from Freedom QJ League
⚽️ Mastercard Goal of the Week - Matchweek X

На звание автора лучшего гола номинированы следующие футболистки:

1️⃣ Жания Махаш (Кайрат)
2️⃣ Амина Аужанова (Шахтер)
3️⃣ Балсезим Талипбай (Ордабасы)
4️⃣ Алина Сартаева (Тобыл)
5️⃣ Даяна Тулебаева (Актобе)

Голосование завершится завтра в 21:00!

* В случае выявления накрутки голосование будет аннулировано, а лучший гол выберет САБ Freedom QJ League

Голосуем 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🍓1
Forwarded from Freedom QJ League
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🍓1