FC Aktobe
3.4K subscribers
2.05K photos
306 videos
1 file
233 links
«Ақтөбе» ФК ресми аккаунты🛡
Download Telegram
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️

🇰🇿 Қазақстан 🆚 Норвегия 🇳🇴
🏆 УЕФА Ұлттар лигасы
📆 06.09.2024 | 19:00
🏟️ Орталық стадион, Алматы
📺 QAZSPORT

Алға, жігіттер! Алға, қазақ елі!
❤35🔥1🍓1
Леонов — «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері

«Ақтөбе» футбол клубы жаттықтырушы Игорь Леоновтың бас бапкерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалғанын ресми хабарлайды.

56 жастағы маман футболшы ретінде донецкілік “Шахтер” намысын қорғап, кеңестік Украинаның екі дүркін чемпионы атанған.

2006 жылы бапкерлік мансабын бастап, тап сол “Шахтер” жастар командасының тізгінін ұстайды. Кейіннен украиналық “Ильичевец”, “Мариуполь”, “Арсенал” (Киев), “Минай” және “Нива” (Винница) сияқты ұжымдарда бапкер қызметін атқарады.

Леонов биылғы жылдың басынан бері “Ақтөбе” ФК футбол орталығында еңбек етті.

Игорь Ивановичке іске сәт дей отырып, оған «Ақтөбе» тізгінінде мол табыс тілейміз!
🔥29👎15🤡8❤3🤮1🤣1🍓1
Игорь Леонов: Чемпион атану және Кубокті жеңу міндетін орындау қолымыздан келеді

“Ақтөбе” бас бапкерінің міндетін атқарушы тағайындаудан кейінгі алғашқы сұхбатын берді.

— Ең жағымды деген сезімдемін. Команданы баптау – әр жаттықтырушының арманы. Маған сенім білдірген облыс басшысы Асхат Берлешұлы Шахаровқа алғыс айтамын. Жүктелген міндетті абыроймен атқаруға бар күшімді саламын. Иә, менің алдыма нақты мақсат-міндеттер қойылды. 29 қыркүйек күні Қазақстан Кубогінің финалында ойнаймыз. Аталған екі міндетті де орындау біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. “Атырауға” дейін әлі чемпионатта екі матчымыз бар. Осы екі кездесуді жеңіп, финалға жақсы көңіл-күймен жеткіміз келеді. Әрине, жарақаттағыларды қалыпқа келтіру қажет. Финалда ойнай алмайтын дисквалификациядағы Кикидің де орнын тиісті түрде толтыруға тиіспіз.
❤22👏5🍓1
Туған күніңмен, Мирас! 🎂

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының түлегі және қазіргі таңдағы жартылай қорғаушысы Мирас Уманиязовтың туған күні.

Клуб ұжымы және ойыншылары Мирасты жеке мерекесімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық пен мансаптық табыстар тілейді.
❤40👎2🤮2💩2👍1🍓1💋1
Рақмет, Юрий Михайлович!

"Ақтөбе" бас бапкерінің көмекшісі Юрий Ковтун өзара келісім аясында клубымызбен қош айтысты.

54 жастағы ресейлік бапкер Дмитрий Парфеновтың көмекшісі болып қаңтар айында тағайындалған болатын.

Юрий Михалыч “Ақтөбенің” бапкерлік штабында команданың қорғаныстағы ойын өрнегіне жауап берді және ұжымның жоғары нәтижелер көрсетуіне зор еңбек атқарды.
😁22👏4👍2🥱2🍾2❤1😢1🍓1😭1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️

🇸🇮 Словения 🆚 Қазақстан 🇰🇿
🏆 УЕФА Ұлттар лигасы
⏱️ 23:45 (KAZ) | 20:45 (SLO)
🏟️ «Стожице», Любляна
🖥️ QAZSPORT

Алға, Қазақ елі! 🔥💪🏻
❤34🔥4❤‍🔥1👍1🍓1
«Жетісумен» өз алаңымызда өтетін матчтың билеттері ертең таңғы сағ. 10:00-де сатылымға шығады

Жексенбі күні QFL Премьер-лига аясында «Ақтөбе» өз стадионында талдықорғандық «Жетісумен» күш сынасады.

Ойын Орталық стадионда өтеді. Билеттерді ертең таңғы 10:00-ден бастап тек Ticketon сайтынан ғана сатып ала аласыздар. Ескерту: қағаз билеттер кассаға шықпайды.

«Ақтөбе» — «Жетісу» матчы 15 қыркүйек күні сағ. 19:00-де басталады.

⚡⚡⚡

Билеты на домашний матч с «Жетысу» поступят в продажу уже завтра с 10:00 утра

В воскресенье в рамках QFL Премьер-лиги «Актобе» в родных стенах принимает талдыкорганский «Жетысу».

Игра пройдет на Центральном стадионе. Билеты можете купить завтра с 10:00 утра исключительно через сайт Ticketon. Внимание: бумажные билеты в кассах продаваться не будут.

Матч «Актобе» — «Жетысу» состоится 15 сентября в 19:00.
🔥17❤5👍1🥰1🏆1🍓1
Мұратұлына дауыс береміз!
👍1🍓1
«Жетісумен» өз алаңымыздағы матчқа билеттер – Ticketon сайтында сатылымда

Билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып ала аласыздар:

https://ticketon.kz/aktobe/event/fk-aktobe-fk-zhetysu-ff

#АқтөбеЖетісу матчы 15 қыркүйек (жексенбі) сағ. 19:00-де басталады. Ойын Орталық стадионда өтеді.

❗ЕСКЕРТУ. Алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында билеттер тек ойын күні 2-3 сағат қалғанда жіберіледі
👍5🍓2
🎟️«Ақтөбе» мен «Атырау» арасындағы финалдық матчқа өз секторымызға билет сатып ал!

29 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтетін Қазақстан Кубогінің финалында “Ақтөбе” мен “Атырау” кездеседі.

Кеше аталмыш матчтың билеттері сатылымға шықты. Ал енді “Ақтөбе” жанкүйерлеріне арналған секторлардың билеттері сатылып жатыр. Бізге стадионнан он сектор (18-28) бөлінген.

https://m.ticketon.kz/show/5301636
👏10🍓3👍2
🇪🇸Авраам Кампомар – “Ақтөбе” футбол клубының аналитик-бапкері

35 жастағы испандық маман Авраам Эрнандо Кампомар “Ақтөбе” футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы Игорь Леоновқа көмектеспек.

Бургос қаласының тумасы Украинада донецкілік “Шахтер” академиясы директорының көмекшісі болып, кейіннен Украина ұлттық құрамасының және “Заря” (Луганск) клубының талдаушы (аналитик) бапкері ретінде қызмет атқарған.

Авраам – PASS платформасының түлегі. “Хоффенхайм” және “Бенфика” сияқты клубтарда тағылымдамадан өткен.
👏28👍5❤3🔥1🍓1
"Ақтөбе" футбол клубына 400 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Егер де көрсетілген тәртіпсіздіктер қайталанса, "Ақтөбе" футбол клубы өз алаңындағы ойындарды көрерменсіз өткізу жазасын тартады. Қазақстан футбол федерациясы жанындағы Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің 4 қыркүйек күні өткен отырысы негізінде осындай шешім қабылданды.

31 тамыз күні өткізілген "Ақтөбе" — "Елімай" матчында қызмет еткен бас төреші мен делегаттың есеп қорытындысы бойынша қарсылас команда мен төрешілер бригадасына балағат сөз айту және жергілікті команданың бас бапкеріне бөгде заттар лақтыру түріндегі жанкүйерлердің оқыс қылығы мен матчты ұйымдастыру барысындағы олқылықтар үшін "Ақтөбе" футбол клубына 400 АЕК (1 476 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

"Ақтөбе" футбол клубы Орталық стадионда өтетін алдағы матчтарда аталмыш заңбұзушылықтардың болмауына сенім білдіреді және жанкүйерлерден қоғамдық орында тәртіп бұзбауға шақырады.
😱18🤡7👍2🤗2❤1🍓1
КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ МАТЧЫ – ОСЫ ЖЕКСЕНБІ🛡️

⚽ #АқтөбеЖетісу
🏆 QFL Премьер-лигасы
🏟 «Орталық стадион»
📆 15 қыркүйек
🕟 19:00
🎟️ Ticketon

❤️🤍Алға Ақтөбе!
❤15🍓1
🏁Александр Затула — #АқтөбеЖетісу матчының бас төрешісі

ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаменті OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 20-тур матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

OLIMPBET QFL Премьер-лига
20-тур
15 қыркүйек

Ақтөбе – Жетісу

Төрешілер: Александр Затула (Өскемен), Евгений Кольев (Павлодар), Дмитрий Быстров (Саран)

VAR төрешісі: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)
AVAR төрешісі: Сергей Калачев (Атырау)
Қосалқы төреші: Никита Мортин (Ақтөбе)
Инспектор: Бағдат Түсеев (Астана)

Жалпы 33 жастағы Затула өзінің мансаптық тарихында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 11 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның төртеуінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, төртеуінде тең ойнап, қалған үшеуінде жеңіліс тапқан.
👍10👎2🤔1🍓1
🥳 Туған күніңізбен, Игорь Иванович!

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Игорь Леоновтың туған күні.

Клуб ұжымы мен ойыншылары Ивановичке зор денсаулық және мол мансаптық табыстар тілейді.
❤23👍1🎉1🍓1
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 🛡️

⚽ #АқтөбеЖетісу
🏆 QFL Премьер-лигасы
🏟 «Орталық стадион»
📆 15 қыркүйек
🕟 19:00
🏁 Затула

❤️🤍Алға Ақтөбе!
❤22🔥5🍓1
#АқтөбеЖетісу : 𝐒𝐓𝐀𝐑𝐓𝐈𝐍𝐆 𝐗𝐈📝

📺 Qazsport
❤14👏3🍓1
🔥Бірінші айналымдағы жеңілістің есесін қайтардық

Ақтөбе 3:0 Жетісу

⚽️37’ Фредди
⚽️45’ Жайро
⚽️76’ Қасым
❤57🔥16👍7🍓1
🙏Жақсылыққа себепкер

Кешегі матч алдында белгілі AsarUme қоры қамқорлық пен қайырымдылық акцияларына жиі қатысқан «Ақтөбе» футбол клубын арнайы жүлдемен марапаттады.
❤40👍7🍓1