fincenter.kz
3.58K subscribers
2K photos
281 videos
3 files
368 links
✅ Официальный Telegram канал АО «Финансовый центр»

ℹ️ Ссылки на наши социальные сети ⬇️⬇️⬇️
https://allmylinks.com/fincenterkz
Download Telegram
🎓МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН МІНДЕТТІ ЕҢБЕКПЕН ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР КЕСТЕСІ

Ағымдағы жылдың 19-27 қарашасы аралығында «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы А.С. Серікқали жұмыс сапары аясында Алматы және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының түлектерімен және қызметкерлерімен түсіндірме кездесулер өткізетін болады.

Іс-шара мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандарды жұмысқа бөлуге және орналастыруға, сондай-ақ грантты міндетті еңбекпен өтеуге қатысты мәселелерді түсіндіруге бағытталады.

Кездесуге бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінің 2025 жылғы түлектері шақырылады.

__________________________


🎓ГРАФИК ВСТРЕЧ ПО РАЗЪЯСНЕНИЮ ВОПРОСОВ ОБЯЗАТЕЛЬНОЙ ОТРАБОТКИ ГОСУДАРСТВЕННОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ГРАНТА

С 19-27 ноября текущего года АО «Финансовый центр» организует визит ведущего специалиста Департамента мониторинга Серікқали А.С. для проведения встреч с выпускниками и сотрудниками ВУЗов городов Алматы и Шымкент.

Мероприятие направлено на разъяснение вопросов, касающихся распределения, трудоустройства и обязательной отработки граждан, обучавшихся по государственному образовательному заказу.

Приглашаются выпускники 2025 года бакалавриата, магистратуры и докторантуры.
​​➤ Оқу-ағарту министрлігі мектепте тамақтандыру қызметін көрсетушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастыруда

✍🏻 ҚР Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Республикалық мониторингтің қорытындылары туралы Ғани Бейсембаев баяндады.

❗️Оқу-ағарту министрі республикалық мониторинг қорытындысында мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсеткенін, сондай-ақ мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болатынын атап өтті. Мониторинг тобы заң талаптарын бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтаған.

📊 Сондай-ақ Министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілді. Оның нәтижесінде Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды.

🗣️ «Қазіргі таңда Министрлік мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтауда», - деп қорытындылады Ғани Бейсембаев.

📌 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік талаптарды күшейтіп, білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қараған болатын.
​​➤ Министерство просвещения рассматривает возможность введения ответственности за нарушение требований при отборе поставщиков школьного питания

✍🏻 По поручению Главы Правительства РК Минпросвещения совместно с Минздравом организован мониторинг школьных столовых страны на соответствие санитарно-эпидемологическим требованиям. Об итогах республиканского мониторинга рассказал глава профильного ведомства Гани Бейсембаев.

❗️Как отметил министр, результаты мониторинга вызывают вопросы к качеству организации школьного питания и свидетельствуют о недостаточном контроле со стороны местных исполнительных органов, что подтверждается фактами нарушения требований законодательства. Так, мониторинговой группой выявлено 771 нарушение требований законодательства.

📊 Наряду с этим, министерством проведена комплексная оценка организации школьного питания. В ней учитывались результаты проведенного мониторинга качества питания, материально-техническая оснащенность столовых, стоимость питания в регионах на 1 учащегося, результаты опроса родителей. Так, акиматами Жамбылской, Мангистауской, Алматинской, Атырауской областей и г.Шымкент на уделяется должного внимания организации качественного питания в школах.

🗣️ «В настоящее время Министерством прорабатывается вопрос введения административной ответственности должностных лиц за нарушение требований отбора поставщиков при закупках услуг школьного питания», - заключил Гани Бейсембаев.

📌 Напомним, ранее министерством усилены требования и пересмотрены 7 нормативно-правовых актов к организации питания в организациях образования.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📁 Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

➤ ➤ ➤

📁 В казахстанских организациях образования внедрен ежедневный мониторинг качества питания. Об этом в своем докладе рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на Заседании Правительства РК.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📊 Ғани Бейсембаев республикалық мониторингтің қорытындылары туралы баяндады

🔹 🔹 🔹

📊 Гани Бейсембаев
рассказал об итогах республиканского мониторинга школьных столовых
📁 Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді

✍🏻 Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

🔺 Министрдің айтуынша, биылғы жылы тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қайта қаралды.

🗣️ «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді», - деді министр.


✔️ Сонымен қатар Ғани Бейсембаев «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды автоматтандырылған түрде есепке алу жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті.

🔹 Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді, оны 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарлануда.

📌 Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын екі ведомство басшысы мұндай шешімді білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына бірлесіп бақылау жүргізу барысында қабылдаған болатын.
📁 В казахстанских организациях образования внедрен ежедневный мониторинг качества питания

✍🏻 Об этом в своем докладе рассказал министр просвещения Гани Бейсембаев на Заседании Правительства РК, передает пресс-служба ведомства.

🔺 По словам Гани Бейсембаева, в этом году усилены и утверждены соответствующие нормативные правовые требования. В частности, пересмотрены нормы питания в организациях образования в соответствии с рекомендациями Всемирной организации здравоохранения.

🗣️ «В целях повышения качества питания в дошкольных и средних организациях образования внедрен ежедневный мониторинг качества питания. Усилены требования к квалификации поваров, их образованию и стажу работы. Введено требование по наличию санитарно-эпидемиологического заключения поставщика до начала деятельности. Также в организациях образования введено требование по установке видеонаблюдения на пищеблоках», - сказал министр.


✔️ Он также отметил, что на сегодня ведутся работы для обеспечения прозрачности процесса и автоматизации учета детей, получающих бесплатное питание в рамках проекта «Социальный кошелек».

🔹 Совместно с Минздравом разработан новый стандарт питания в организациях образования, реализация которого запланирована на 2025 год.

📌 Напомним, ранее к такому соглашению пришли главы двух ведомств на совместном объезде организаций образования по обеспечению качества питания.
Батыс Қазақстан университеті өз қаржысына 9 қабатты жатақхана салды

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті – өз қаржысына жатақхана салған елдегі алғашқы оқу орны.
Мемлекет басшысының студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын жою тапсырмасына сай былтыр бой көтерген 9 қабатты студенттер үйінде 600 шәкірт тұрып жатыр. Құрылысқа кеткен қаржыны Ғылым және жоғары білім министрлігі университетке мемлекеттік тапсырыс негізінде 6 жыл ішінде қайтармақ.

Батыс Қазақстан университетінің стратегиялық даму жоспарына сай 2019 жылы басталған жатақхана құрылысы былтыр аяқталған. Студенттер үйі заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр секцияда ас, жатын, жуыну бөлмелері бар. Қажетті тұрмыстық техникалары мен жиһаздары да түгел. Фитнес зал, дәріхана, медициналық пункт, кафетерий де ішінде.

Жатақхана құрылысы республикада тұңғыш рет оқу орнының өз қаражатына салынды. Енді осы 2,5 млрд теңгені Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржы орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 6 жыл ішінде өтемек. Биыл 432 млн теңге университеттің есепшотына түскен. Оқу орнының басшылығы қайтқан қаржыға спорт залды жөндеп, зертхана салуды жоспарлайды.

- Мына жерде, бір жақсы жері, университет өзі салғанда біріншіден, өз ақшасын қаржы орталығы бойынша қайтарып алады. Екіншіден, ол жатақхана университет балансында тұрады. Студенттер ай сайын 10 мың теңге төлейді. Қазіргі кезде ол балаларға жақсы, тиімді. Қазір Батыс Қазақстан университетінде 1526 орынған арналған 4 жатақхана бар. Келешекте жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына жаңа ғимараттардың құрылысы басталады, - деп атап өтті БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев.