fincenter.kz
3.58K subscribers
2K photos
281 videos
3 files
368 links
✅ Официальный Telegram канал АО «Финансовый центр»

ℹ️ Ссылки на наши социальные сети ⬇️⬇️⬇️
https://allmylinks.com/fincenterkz
Download Telegram
Еліміздің белді оқу орындарының басым бөлігі Алматыда болғандықтан, жыл сайын түлектердің дені білім алу үшін осында ұмтылады. Сондықтан тұрғын үй мәселесі әрдайым өзекті. Былтыр Алматыда жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе іске қосылған. Өткен жылы 14 жатақхана пайдалануға берілді. Мегаполисте 2 жылда қолға алынған жоба арқылы 8000-нан аса студент төсек-орынмен қамтылған.

«Бұл жатақханаға қабылданар алдында әкімшілік жеңілдіктер қарастырылады. Мен көпбалалы отбасыдан шыққандықтан, бірінші кірдім. Жатақхана өзіме ұнайды. Университет жатақханаға өте жақын орналасқан», - деді студент Айдана Қонақбаева.

«Аталған механизм жатақхана тапшылығын шешуге айтарлықтай үлес қосады. Яғни инвесторларға мемлекеттік тапсырыс аясында жаңа құрылыс үшін 6 жылда 230 айлық есептік көрсеткіш және қолданыстағы ғимаратты қайта жаңғыртқанда 8 жыл бойы 92 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем қарастырылады. Құрылыс салушы жеке немесе қарыз қаражаты есебінен құрылысты жүзеге асырады. Бір терезе қағидатына сәйкес, кеңседе университеттерге, құрылыс компанияларына және мердігерлерге кеңес беріледі», - деді «Қаржы орталығы» АҚ Алматы қаласындағы өкілдіктің директоры Ұлан Өтебаев.

Айта кетейік, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 200 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Оның 63 пайызы – өзге өңірлерден келгендер. Қаладағы 112 студенттік жатақханада 36 мыңнан аса студент тұрады. Жобалық кеңсе аясында күрделі жөндеу жұмысынан өтіп жатқан немесе салынып жатқан ғимараттарда қауіпсіздік ержелерінің сақталуы және білім алушыларға жағдайдың жасалуы қатаң бақылауда. Сондай-ақ мұндағы баға да студенттер үшін қолжетімді болуы керек.

- Әлеуетті инвесторларға басынан бастап жатақхана пайдалануға берілгенге дейін демеу боламыз. Жедел заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсетіледі. Жоба іске қосылғалы 120-дан аса инвестордан өтінім түсті. Қазір оның 70-ке жуығы қолға алынған», – деді «Студенттік жатақхана құрылысының жобалық кеңсесі» жобасының жетекшісі Дамир Құтымов.
Новое общежитие в Алматы

📹 @pritulyakvlad
Repost:
🎓 Ежегодно число студентов, поступающих в столичные вузы, стремительно растёт. В связи с этим вопрос обеспечения их местами для проживания в общежитиях остаётся одним из приоритетных.

🏗️ Согласно поручению Главы государства в городе активно ведется строительство и открытия новых общежитий для студентов университетов и колледжей.

С прошлого года совместно с Министерством науки и высшего образования РК в рамках созданного фронт-офиса данная работа ведется в двух направлениях - это строительство новых общежитий путем выделения земельных участков, сопровождение по инфраструктурным вопросам и реконструкция существующих объектов под студенческие общежития.

С начала реализации данного поручения, в прошлом году открыли 8 общежитий на 1200 мест, в этом году планируется открыть 9 общежитий на более 4000 мест (на сегодня уже завершено и открыто 6 общежитий на 1500 мест), а в следующем году планируем открыть ещё 3500 мест.

📌Провёл очередную рабочую встречу с инвесторами, представителями университетов и колледжей, структурных подразделений акимата и министерства, где детально обсудили текущий статус проектов.

@sayasatnurbek @fincenter.kz
Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы білім берумен, оның ішінде жаңа студенттік жатақханалар салу арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.

Қазіргі таңда Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері өңірлермен бірлесіп осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында елімізде жатақханаларда жыл сайын 10 мыңнан астам жаңа орын енгізіледі.

Осылайша, 2018 жылдан бастап елімізде жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін 50 966 студентке 211 жатақхана пайдалануға берілді.

– Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар өңірлер мен қалаларда құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде, жаңа нысандар пайдалануға берілуе және бүгінде студенттер жаңа жайлы үйлерде тұруда, – деді «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.

Ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша елімізде 8 575 орындық 29 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1,5 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.

Заманауи студенттер үйі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Павлодар, Атырау, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ашылды.

– Астана және Алматы қалаларында студенттердің көп келуіне байланысты министрліктер әкімдіктермен бірлесіп студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау мәселелері бойынша инвесторлармен жұмыс істеу үшін бір терезе қағидаты бойынша жобалық кеңселер құрды, – деп атап өтті Асқар Ибраимов.

Күнделікті негізде жатақхана құрылысына өз үлесін қосқысы келетін көптеген инвесторлар жобалық кеңсеге жүгінеді. Тек Астанада келесі жылы алдын ала деректер бойынша кемінде 1 500 жаңа орын пайдалануға беру жоспарлануда.

Студенттер саны бойынша жетекші қала Алматы қаласы болып табылады. Өткен жылы қалада жобалық кеңсе ашылған сәттен бастап кәсіпкерлер мен ЖОО-лар 14 жатақхананы пайдалануға берді. Ағымдағы жылы Жол картасына сәйкес 4 000 орынға арналған тағы 7 нысанды іске қосуды аяқтау жоспарлануда.