Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
Құжатта ерікті түрде таратылатын банктер мен қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасындағы бейрезидент банктер филиалдарының тарату комиссияларының қызмет ерекшеліктері айқындалған.

Сондай-ақ құжатта банктерді ерікті түрде тарату және бейрезидент банктер филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімдерін жүргізу тәртібі қарастырылған.

Толығырақ: Агенттік сайтында


***


📑 Правлением Агентства принято постановление №46 от 3 апреля 2026 года

Документом определены особенности деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков и филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, добровольно прекращающих свою деятельность.

Также предусмотрен порядок проведения добровольной ликвидации банков и добровольного прекращения деятельности филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан.

Подробнее: на сайте Агентства
Агенттік Басқармасы 2026 жылғы 1 сәуірде №47 қаулыны қабылдады

Құжатта ерікті және мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сондай-ақ қызметін ерікті және мәжбүрлі түрде тоқтататын Қазақстан Республикасындағы бейрезидент банктер филиалдарының тарату комиссиялары есептері мен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімдері және кезеңділігі айқындалған.

Сондай-ақ құжатта тарату комиссияларының есептілік пен қосымша ақпаратты ұсыну тәртібі көзделген.

Толығырақ: Агенттік сайтында


***


Правлением Агентства принято постановление №47 от 1 апреля 2026 года

Документом утверждены формы, сроки и периодичность предоставления ликвидационными комиссиями отчетов и дополнительной информации по добровольно и принудительно ликвидируемым банкам, а также филиалам банков-нерезидентов Республики Казахстан, добровольно и принудительно прекращающим деятельность.

Также предусмотрен порядок предоставления ликвидационными комиссиями отчетности и дополнительной информации.

Подробнее: на сайте Агентства
📌Агенттік Басқармасы 2026 жылғы 7 сәуірде №56 қаулыны қабылдады
📄Қаулыда бақылау белгілерін, банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін белгілеу тәртібі айқындалған.
✅Қаулы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 9-бабының 12-тармағында және «Сақтандыру қызметі туралы» Заңның 3-бабының 3) тармақшасында көзделген ережелерді іске асыру мақсатында әзірленді.

***

📌Правлением Агентства принято постановление №56 от 7 апреля.
📄Постановлением определен порядок установления признаков контроля, признаков крупного участника банка, банковского холдинга, значительного участия в капитале организации.
✅Постановление разработано в целях реализации положений, предусмотренных пунктом 12 статьи 9 Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» и подпунктом 3) статьи 3 Закона «О страховой деятельности».
📌Агенттік Басқармасы 2026 жылғы 31 наурызда №29 қаулыны қабылдады.
📄Басқарма қаулысында:
- Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидалары;
- Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілген.
✅Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы жаңа Заңның күшіне енуіне байланысты қабылданды, өзекті сипатқа ие және қолданыстағы нормативтік құқықтық актіні жаңартылған заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған.

***

📌Правлением Агентства принято Постановление №29 от 31 марта 2026
📄Постановлением утверждены:
- Правила выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций;
- Квалификационные требования для организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, а также перечень документов, подтверждающих соответствие указанным квалификационным требованиям.
✅Документ принят в связи со вступлением в силу нового Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 16 января 2026 года, носит актуализирующий характер и направлен на приведение действующего нормативного правового акта в соответствие с обновленным законодательством.
📌Агенттік Басқармасы:
- Банкті, бейрезидент банк филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары;
- Банктерге, бейрезидент банк филиалдарына банк лицензиясын беру қағидалары бекітілген Қаулы қабылдады.
📄Сондай-ақ, Қаулыда:
- әмбебап/базалық банк лицензиясының;
- исламдық банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияның;
- әмбебап банк лицензиясы бар банкке/бейрезидент банк филиалына арналған исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияның жаңа нысандары белгіленген.

📌Правлением Агентства принято Постановление, которым утверждены:
- Правила выдачи разрешения на открытие банка, филиала банка-нерезидента;
- Правила выдачи банковской лицензии банкам, филиалам банков-нерезидентов
📄Документом также установлены новые формы банковских лицензий:
- универсальной/базовой банковской лицензии;
- на осуществление исламских банковских и иных операций;
- на осуществление исламских банковских операций для банка/филиала банка-нерезидента, имеющего универсальную банковскую лицензию
📌Агенттік Басқармасы банктерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін жеке бапты енгізу туралы «Банктер және банк қызметі туралы» заңның нормаларын іске асыру үшін бес тиісті қаулыны бекітті.

📄Төрт құжат бұрын қолданыста болған нормативтік құқықтық актілерге негізделген және нақтылау сипатында болады. Бесінші құжат бірінші рет қабылданды және банктердің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.

🔒Қаулылардың нормалары банктердегі ақпаратты қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың клиенттер үшін ақпараттық жүйелері мен сервистерінің тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

***

📌Правлением Агентства в реализацию норм закона «О банках и банковской деятельности» о введении отдельной статьи, регулирующей обеспечение информационной безопасности в банках, утверждены пять соответствующих постановлений.

📄Четыре документа основаны на ранее действовавших нормативных правовых актах и носят уточняющий характер. Пятый принят впервые и устанавливает требования к обеспечению непрерывности функционирования информационных систем банков.

🔒Нормы постановлений направлены на обеспечение высокого уровня защиты информации в банках, а также на обеспечение стабильной и надежной работы их информационных систем и сервисов для клиентов
📝Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Кизатовтың Inbusiness басылымына берген сұхбатында банк заңнамасын реформалау аясында банктерді лицензиялау жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты. Бұл реформалар реттеушілік кедергілерді азайтуға, бәсекелестікті кеңейтуге және қаржы нарығының неғұрлым икемді моделін қалыптастыруға бағытталған.

***

📝Заместитель Председателя Агентства Олжас Кизатов рассказал в интервью изданию Inbusiness об изменениях в системе лицензирования банков в рамках проводимой реформы банковского законодательства по снижению регуляторных барьеров, расширению конкуренции и формированию более гибкой модели финансового рынка.
📌Микроқаржыландыру секторындағы негізгі өзгерістер туралы БЕҰР департаментінің директоры Нұржан Бидайбектің негізгі тезистері:
- тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу арқылы тәуекелге бағдарланған қадағалауды күшейту;
- «үш қорғаныс желісі» моделіне көшу;
басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын күшейту;
- өзін-өзі реттеу ұйымы институтын енгізу үшін құқықтық негіз қалыптастыру;
- Агенттік қадағалау периметрінен тыс шыққан микроқаржы нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру.

***

📌Основные тезисы директора ДРНО Нуржана Бидайбека о ключевых изменениях в секторе микрофинансирования:
- усиление риск-ориентированного надзора через внедрение системы управления рисками;
- переход к модели «трех линий защиты»;
- усиление квалификационных требований к руководящим работникам;
- правовая база для внедрения института саморегулирования;
- повышение ответственности субъектов рынка микрофинансирования, вышедших за периметр надзора Агентства.
📝Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ алдағы жылдары нарықты қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы DKnews.kz басылымына Агенттік төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев айтып берді.

***

📝О текущем состоянии и перспективах развития исламского финансирования в Казахстане, а также о том, какие изменения ожидают рынок в ближайшие годы, изданию DKnews.kz рассказал заместитель Председателя Агентства Даурен Салимбаев.
📌Коллекторлық қызмет саласындағы негізгі өзгерістер туралы

📄2017 жылы «Коллекторлық қызмет туралы» Заң қабылданып, онда борышкермен өзара іс-қимыл жасау тәсілдері, уақыты мен кезеңі, борышкерге ұсынылатын ақпарат тізбесі, коллектор байланыса алатын тұлғалар шеңбері, өзара әрекет процесін тіркеу міндеті және берешекті өндіріп алуға байланысты жол берілмейтін әрекеттер айқындалды.

✅Коллекторлық қызметті одан әрі жетілдіру аясында:
- коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатудың негіздері нақтыланды;
- коллекторлардың үлестес нотариустармен, жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимыл жасауына тыйым салынды;
- коллекторлық агенттіктердің әкімшілік жауапкершілігі күшейтілді;
- коллекторлық агенттік қызметкерлерінің жеке әкімшілік жауапкершілігі енгізілді;
- азаматтардың қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий биылғы жылдың 1 мамырынан 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды;
- коллекторлық қызметтер нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру мүмкіндігі енгізілді.

***

📌О ключевых изменениях в сфере коллекторской деятельности

📄В 2017 году был принят Закон «О коллекторской деятельности», которым были определены способы взаимодействия с должником, время и период взаимодействия, перечень информации, сообщаемой должнику, круг лиц, с которым может контактировать коллектор, обязанность фиксирования процесса взаимодействия, недопустимые операции, связанные с взысканием долга.

✅В рамках дальнейшего совершенствования коллекторской деятельности:
- уточнены основания для досрочного прекращения коллекторской деятельности;
- установлен запрет на взаимодействие коллекторов с аффилированными нотариусами и частными судебными исполнителями;
- усилена административная ответственность коллекторских агентств;
- установлена персональная административная ответственность работников коллекторского агентства;
- мораторий на продажу займов граждан коллекторским агентствам продлен до 1 мая 2027 года;
- введена возможность создания саморегулируемых организаций на рынке коллекторских услуг.
📌Қазақстанда шоғырландырылған қадағалауды дамыту аясында 2024 жылғы желтоқсанда банктік конгломераттардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын жаңа талаптар енгізіліп, олар 2025 жылы күшіне енді.
📄Бұл талаптар бүкіл қаржы тобы деңгейінде бірыңғай тәуекел-менеджмент жүйесін қалыптастыруды көздейді (тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторинг жүргізу рәсімдері, тәуекел-аппетитті белгілеу, тұрақты стресс-тестілеу жүргізу және конгломерат қатысушылары арасында тиімді ақпарат алмасуды қамтамасыз ету).
✅Банктік конгломерат капиталының есептеу әдістемесі жетілдірілді.
✅Топ капиталының жеткіліктілігін бағалаудың жаңа тәртібі енгізілді, ол нақты шоғырландырылған капиталды конгломераттың барлық қатысушыларының жиынтық капитал қажеттілігімен салыстыруды қарастырады.
✅Қазіргі уақытта Агенттік қаржы нарығын қадағалау инфрақұрылымын одан әрі дамыту жұмыстарын жүргізуде – сақтандыру секторы мен бағалы қағаздар нарығы үшін банктік секторда қолданылатын SREP және AQR құралдарына ұқсас ішкі бағалау модельдері әзірленіп, жетілдірілуде.
✅«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңның қабылдануы, сондай-ақ сақтандыру қызметі мен бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманы жаңарту жоспарлары шоғырландырылған қадағалау тетіктерін одан әрі жетілдіруге негіз қалайды.

***

📌В рамках развития консолидированного надзора в Казахстане в декабре 2024 года были внедрены новые требования к системе управления рисками и внутреннего контроля банковских конгломератов, вступившие в силу в 2025 году.
📄Требования предусматривают формирование единой системы риск-менеджмента на уровне всей финансовой группы (процедуры идентификации, оценки и мониторинга рисков, установление риск-аппетита, проведение регулярного стресс-тестирования и обеспечение эффективного обмена информацией между участниками конгломерата).
✅Была усовершенствована методология расчета капитала банковского конгломерата.
✅Введен новый порядок оценки достаточности капитала группы, предусматривающий сопоставление фактического консолидированного капитала с совокупной потребностью в капитале всех участников конгломерата.
✅В настоящее время Агентством проводится дальнейшая работа по развитию надзорной инфраструктуры финансового рынка – ведется разработка и совершенствование внутренних оценочных моделей для страхового сектора и рынка ценных бумаг, аналогичных применяемым в банковском секторе инструментам SREP и AQR.
✅Принятие нового Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», а также планируемое обновление законодательства о страховой деятельности и рынке ценных бумаг создают основу для дальнейшего совершенствования механизмов консолидированного надзора.
📌«Рейтингтік қызмет туралы» және «Рейтингтік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.
📄Заң жобалары аясында рейтингтік қызметті реттеудің келесі негізгі бағыттары көзделген:
✅Рейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздерді қалыптастыру;
✅Рейтингтік қызметке мемлекеттік бақылау мен қадағалауды енгізу;
✅Кредиттік рейтингтердің әдіснамаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
✅Рейтингтік агенттіктердің тәуелсіздігіне, мүдделер қақтығысын басқаруға және корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды белгілеу;
✅Ашықтық пен ақпаратты жария етуге қойылатын талаптарды белгілеу.
📃Заң жобалары 2022 жылғы 26 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді.

***

📌Проекты Законов «О рейтинговой деятельности» и «О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам рейтинговой деятельности» одобрены Мажилисом в первом чтении

📄В рамках Законопроектов предусматриваются следующие ключевые направления регулирования рейтинговой деятельности:
✅Создание законодательных основ для осуществления рейтинговой деятельности;
✅Введение государственного контроля и надзора за рейтинговой деятельностью;
✅Установление требований к методологиям кредитных рейтингов;
✅Установление требований к независимости рейтинговых агентств, управлению конфликтами интересов и корпоративному управлению;
✅Установление требований к прозрачности и раскрытию информации.
📃Законопроекты разработаны в реализацию Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан до 2030 года, утвержденной Указом Главы государства от 26 сентября 2022 года.
📌Интернет-ресурстар арқылы сақтандыру полистерін заңсыз ресімдеу туралы
📌О незаконном оформлении страховых полисов через интернет-ресурсы