Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
📌Агенттік екінші деңгейдегі банктерге арналған экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты әзірледі

Онда кредиттік, нарықтық, операциялық және пайыздық (IRRBB) тәуекелдерді ескере отырып, капиталды есептеу бойынша ұсынымдар берілген.

***

📌Агентством разработано Руководство по расчету экономического капитала для банков второго уровня

В нем даны рекомендации по расчету капитала с учетом основных рисков: кредитного, рыночного, операционного и процентного (IRRBB).
📌Агенттік пен Әзербайжан Орталық банкі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Құжат екі елдің қаржы нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

***

📌Агентство и Центральный банк Азербайджана подписали Меморандум о взаимопонимании

Документ направлен на укрепление сотрудничества в части обмена информацией и содействия обеспечению стабильности финансовых рынков двух государств.
📌 «Batys kapital» ЖШС МҚҰ лицензиясының қолданылуы тоқтатылды

Себебі – міндетті нормативтердің бұзылуы. Компанияға 3 айға жаңа шарттар жасасуға, қолданыстағыларын ұзартуға және міндеттемелерді арттыратын өзгерістер енгізуге тыйым салынды.

МҚҰ бұрын қабылдаған міндеттемелерін орындауға тиіс. Клиенттер қолданыстағы шарттар бойынша жауапты.

***

📌 Приостановлено действие лицензии ТОО «Микрофинансовая организация «Batys kapital»

Причина - нарушение обязательных нормативов. Компании на 3 месяца запрещено заключать новые договоры, продлевать и изменять действующие в сторону увеличения обязательств.

МФО обязана исполнить ранее принятые обязательства. Клиенты несут ответственность по действующим договорам.
📌Фишинг және жалған сайттар: интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

***

📌Фишинг и поддельные сайты: как не стать жертвой интернет-мошенников
📌Агенттік бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысуға шақырылады:
🔹 тиісті еңбек өтілі бар білікті мамандар;
🔹 шетелдік ЖОО, Ұлттық Банктің және Назарбаев Университетінің магистратурасын тәмамдаған түлектер;
🔹 халықаралық FRM, CFA (1-деңгейден төмен емес) және/немесе ACCA (4-деңгейден төмен емес) сертификаттарының иегерлері;
🔹 шет тілін меңгерген мамандар (IELTS – 6 баллдан бастап, TOEFL IBT – 80 баллдан бастап және т.б.).

***

📌 Агентство объявляет конкурс на занятие вакантных должностей

К участию приглашаются:
🔹 квалифицированные специалисты с соответствующим стажем;
🔹 выпускники зарубежных вузов, магистратур Национального Банка и Назарбаев Университета;
🔹 обладатели международных сертификатов FRM, CFA (не ниже 1 уровня) и/или ACCA (не ниже 4 уровня);
🔹 специалисты, владеющие иностранным языком (IELTS от 6, TOEFL IBT от 80 и др.).
🔹2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МҚҚЖҰ-ның активтері 2025 жылғы 1 тоқсанда 5,2%-ға ұлғайып, 3,2 трлн теңгені құрады;

🔹МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 3,2%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды;

🔹МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 5,3%-ға 2,1 трлн теңгеге дейін өсті;

🔹МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 5,1%-ға ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады.

***

🔹Активы ООМФД составили 3,2 трлн тенге, увеличившись за 1 квартал 2025 года на 5,2% или 3,2 трлн тенге;

🔹Ссудный портфель ООМФД увеличился на 3,2% до 2,8 трлн тенге;

🔹Обязательства ООМФД увеличились на 5,3% до 2,1 трлн тенге;

🔹Собственный капитал ООМФД составил 1,1 трлн тенге, увеличившись на 5,1%.
📌Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс туралы

2025 жылғы сәуірде Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 17 432 жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы наурызбен салыстырғанда 21,4%-ға көп.

***

📌Об итогах работы в сфере защиты прав потребителей финансовых услуг

В апреле 2025 года Агентством рассмотрено 17 432 обращений физических и юридических лиц, связанных с деятельностью банков, микрофинансовых организаций, коллекторских агентств и субъектов рынка страхования и ценных бумаг, что на 21,4% больше, чем в марте 2025 года.
📌Бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы

🔹Акциялар нарығын капиталдандыру 2025 жылғы сәуірде 2,1%-ға төмендеп, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 31,1 трлн теңгені құрады;

🔹KASE индексі 0,6%-ға 5 622,10 тармаққа дейін азайды;

🔹Акциялармен сауда-саттық көлемі бір айда 2,5 есе ұлғайып, биыл сәуір айында 48,2 млрд теңгені құрады.

***

📌О состоянии рынка ценных бумаг

🔹Капитализация рынка акций на 1 мая 2025 года составила 31,1 трлн тенге, уменьшившись за март 2025 года на 2,1%;

🔹Значение индекса KASE уменьшился на 0,6% до 5 622,10 пункта;

🔹Объем торгов акциями составил 48,2 млрд тенге, увеличившись за месяц в 2,5 раза.
📌Қазақстан сақтандыру секторының жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2025 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 3,9%-ға 3,3 трлн теңгеге ұлғайды.

***

📌О состоянии страхового сектора Казахстана

По состоянию на 1 апреля 2025 года страховой сектор Республики Казахстан представлен 25 страховыми организациями, из которых 10 – по страхованию жизни.

За апрель 2025 года активы страховых (перестраховочных) организаций увеличились на 3,9% – до 3,3 трлн тенге.
📌Қазақстан банк секторының жай-күйі туралы

🔹2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 13 банк шетелдің қатысуымен, оның ішінде 9 еншілес банк.

🔹Банк секторының активтері сәуірде 1,0%-ға ұлғайып, 62,6 трлн теңгені құрады.

🔹Банк секторының міндеттемелері негізінен клиенттер салымдарының ұлғаюы есебінен 1,8%-ға 53,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

🔹Банктердің меншікті капиталы 3,3%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін азайды.

***

📌О состоянии банковского сектора Казахстана

🔹По состоянию на 1 мая 2025 года банковский сектор Республики Казахстан представлен 21 банком второго уровня, из которых 13 банков с иностранным участием, в том числе 9 дочерних банков.

🔹Активы сектора составили 62,6 трлн тенге, увеличившись за апрель текущего года на 1,0%;

🔹Обязательства банковского сектора увеличились на 1,8% до 53,6 трлн тенге в основном за счет увеличения вкладов клиентов;

🔹Собственный капитал банков уменьшился на 3,3% до 9,0 трлн тенге.
📌 Агенттік Басқармасы В.К. Кимге «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулы қабылдады

«First Heartland Jusan Bank» АҚ - екінші деңгейдегі ірі банктердің бірі. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің активтері 3 195 млрд теңгені, меншікті капиталы 900 млрд теңгені құрайды.

Ким В.К. сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк секторында жетекші орын алатын «Kaspi Bank» АҚ-ның жанама ірі қатысушысы болып табылады.

***

📌Правлением Агентства принято постановление о выдаче Ким В.К. согласия на приобретение статуса крупного (косвенного) участника АО «First Heartland Jusan Bank»

АО «First Heartland Jusan Bank» входит в число крупнейших банков второго уровня: по состоянию на 1 мая 2025 года активы составляют 3 195 млрд тенге, собственный капитал - 900 млрд тенге.

Ким В.К. также является косвенным крупным участником АО «Kaspi Bank», занимающего ведущие позиции в банковском секторе страны.
📌Агенттік «ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берді

***

📌Агентство выдало согласие на приобретение статуса крупного участника АО «Страховая Компания «ТрансОйл»
📌Агенттік «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа заң жобасын әзірледі

Баспасөз конференциясында Агенттік өкілдері заңның негізгі мақсаттарын түсіндірді: ұжымдық инвестицияларды дамыту, шетелдік капитал тарту және инвесторлардың құқықтарын қорғау.

Соңғы 5 жылда бөлшек инвесторлардың шоттары 25 есеге өсіп, 4 миллионға жетті. Жаңа заң қор нарығының әрі қарай дамуына мүмкіндік береді.

***

📌Агентством разработан новый закон «Об инвестиционных фондах»

На пресс-конференции представители Агентства рассказали о целях закона: развитие коллективных инвестиций, привлечение иностранного капитала и защита прав инвесторов.

За 5 лет количество счетов розничных инвесторов выросло в 25 раз - до 4 млн. Новый закон создаст условия для дальнейшего роста фондового рынка.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Инвестициялық қорлар туралы жаңа Заң жобасын түсіндіруге арналған брифинг

***

🎥 Брифинг по разъяснению проекта нового Закона об инвестиционных фондах
📌Мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер: алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек

***

📌Мошенничество под видом госпрограмм и льгот: как не стать жертвой обмана