Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
📌 Ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілуі 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатылады

📄 Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттік сайтында танысуға болады.

***

📌Снижение предельной годовой эффективной ставки вознаграждения (ГЭСВ) по ипотечным займам с 25% до 20% будет приостановлено до 1 ноября 2025 года

📄 С полным текстом проекта постановления можно ознакомиться на интернет-портале "Открытые НПА" и на сайте Агентства.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Агенттіктің әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті бөлімінің бастығы Бэлла Чиканова қаржы пирамидаларынан сақтану жолдарын түсіндірді

⚠️ Жоғары және кепілді табыс уәде етілсе, басқа тұлғаларды тартқаныңыз үшін сыйақы берілсе, жарнамасы өте белсенді жүргізілсе - бұл алаяқтықтың айқын белгілері.

👮‍♀️ Қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Бұл - қылмыстық іс. Неғұрлым ерте әрекет етсеңіз, қаражатты қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Главный специалист департамента социальных проектов и повышения финансовой грамотности Агентства Дмитрий Акмаев рассказал, как распознать финансовую пирамиду

🚫 Отсутствие лицензии регулятора, обещания высокой доходности, непрозрачная деятельность и агрессивный маркетинг - ключевые признаки мошенничества.

👮‍♂️ В случае подозрений необходимо незамедлительно обращаться в правоохранительные органы.
📌 Микроқаржы нарығында өзін-өзі реттеуді енгізу бөлігінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жарияланды

🗓 Талқылау 2025 жылғы 2 шілде сағат 09:00-ден 4 шілде сағат 18:00-ге дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында, «Реттеушілік әсерді талдау» бөлімінде өтеді. Сонымен қатар 2 шілде күні сағат 10:00-ге бейнеконференция жоспарланған.

***

📌 Открыто общественное обсуждение результатов анализа регуляторного воздействия по саморегулированию в микрофинансовом рынке

🗓 Обсуждение проводится с 09:00 2 июля по 18:00 4 июля 2025 года на интернет-портале «Открытые НПА», в разделе «Анализ регуляторного воздействия». Дополнительно запланирована видеоконференция 2 июля в 10:00.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Айдын Дәулетбақ «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» заң жобасы жайында түсініктеме берді

📌Жоба халықаралық стандарттарға сай әзірленген, оның ішінде IOSCO ұсынымдары мен халықаралық қаржы ұйымдарының сараптамасы ескерілген. Құжат рейтингтік агенттіктерді тану тәртібін, қадағалаушы органның құзыретін, мүдделер қақтығысын болдырмау жолдарын және корпоративтік басқару талаптарын қамтиды.

📉Қазір бұл нарықта негізгі үш мәселе бар: реттеудің жоқтығы, шетелдік агенттіктердің үстемдігі және нарықтың тарлығы. Заң жобасы қабылданса, қазақстандық бәсекеге қабілетті рейтинг агенттігі құрылады, қызметтер шағын және орта бизнеске де қолжетімді болады.

💼Бұл корпоративтік облигациялар нарығын дамытып, инвесторларды қорғауды күшейтеді, ал қаржы жүйесінің шетелдік агенттіктерге тәуелділігі азаяды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📊Заместитель директора департамента рынка ценных бумаг Адиль Мамажанов рассказал о проекте закона «О кредитных рейтинговых агентствах», разработанном с учетом рекомендаций IOSCO и при участии международных экспертов

📌Проект определяет правила признания агентств, надзорные полномочия, требования к раскрытию информации и борьбе с конфликтами интересов. Сейчас рынок рейтинговых услуг в Казахстане сдерживается отсутствием регулирования и доминированием иностранных агентств.

🚀Принятие закона откроет путь к созданию сильного казахстанского рейтингового агентства, расширит доступ к рейтингам для МСБ и повысит защиту инвесторов. Это укрепит доверие к финансовому рынку и снизит зависимость от международных рейтинговых игроков.
📌Кредиттік тарихыңызды қалай тексеруге болады?

📌Как проверить свою кредитную историю?
📌Қазақстанда жаңа банк пайда болды: BNK Commercial Bank JSC-ге лицензия берілді

🌍 Агенттік 2010 жылдан бері алғаш рет банк операцияларын жүргізуге лицензия берді. Шетелдік банктің ашылуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған сенімді шетелдік қаржы институттарын тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

🎓Лицензияны салтанатты рәсім барысында Агенттік Төрағасы Мадина Әбілқасымова BNK Capital Төрағасы Ким Сон Джу мырзаға табыстады. Жаңа шетелдік қатысушының келуі банк қызметтерінің дамуына және шағын және орта бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.

🇰🇷 BNK Commercial Bank JSC - активтері 103 миллиард доллардан асатын оңтүстік кореялық BNK Financial Group құрамына кіреді. Банк цифрлық сервистерді дамытуға, шағын және орта бизнесті несиелеуге және автонесиелеуге бағытталған. Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұрынғы «BNK Finance Kazakhstan» ЖШС негізінде банк ретінде қайта құрылды.


***


📌В Казахстане появился новый банк: выдана лицензия BNK Commercial Bank JSC

🌍 Агентство выдало первую с 2010 года банковскую лицензию - BNK Commercial Bank JSC. Открытие иностранного банка соответствует поручению Президента Касым-Жомарта Токаева по привлечению надежных зарубежных финансовых институтов и повышению конкуренции в банковском секторе, озвученному в Послании народу Казахстана 2023 года.

🎓Лицензия была вручена председателем Агентства Мадиной Абылкасымовой председателю BNK Capital господину Ким Сонг Джу в рамках торжественной церемонии. Появление нового иностранного участника усилит конкуренцию и будет способствовать развитию банковских услуг и расширению доступа к финансированию для малого и среднего бизнеса.

🇰🇷 BNK Commercial Bank JSC является частью южнокорейской группы BNK Financial Group с активами свыше 103 млрд долларов. Банк ориентирован на развитие цифровых сервисов, кредитование МСБ и автокредитование. Он преобразован из ТОО «BNK Finance Kazakhstan» в соответствии с действующим законодательством.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥 BNK Commercial Bank JSC-ге Қазақстан Республикасында банк операцияларын жүргізуге лицензия табыстау рәсімі

***

🎥 Церемония вручения лицензии BNK Commercial Bank JSC на осуществление банковских операций в Республике Казахстан
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті басқарма бастығының орынбасары Әзиз Әбілқасым КАСКО мен міндетті автосақтандырудың айырмашылығы туралы айтып берді

🚗 Міндетті автосақтандыру - бұл жол-көлік оқиғасы кезінде басқа адамдарға келтірілген зиянды өтеуге арналған. Ал көлігіңіздің жөндеуін өзіңіз төлейсіз. Полиссіз көлік жүргізуге тыйым салынған, ал онсыз жолға шыққандар айыппұл төлейді.

🛡 КАСКО - ерікті сақтандыру. Полисті аларда қандай тәуекелдер өтелетінін нақтылап оқыған жөн.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Заместитель начальника управления департамента страхового рынка и актуарных расчетов Азиз Абылхасим рассказал, в чем разница между обязательным автострахованием и КАСКО

🚗 Обязательное автострахование покрывает ущерб, который вы нанесли другим участникам ДТП. А восстановление собственного автомобиля оплачивается за счет владельца. Без полиса выезд на дорогу запрещен.

🛡 КАСКО - это добровольное страхование, которое защищает уже ваш автомобиль. Перед покупкой КАСКО важно внимательно изучить перечень рисков, которые покрывает полис.
📌 Қазақстанда адамдар жаппай жиналатын нысандардың иелері үшін өрт салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру енгізілді

🏢 Сауда және ойын-сауық орталықтарының иелері (ауданы 2000 м²-ден асатын) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті. Сақтандыру шарты болмаса, нысанның қызмет етуіне тыйым салынады.

🛡️ Сақтандыру өрт болған жағдайда келушілер мен жалға алушылардың өмірі, денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтейді.

💰 Сақтандыру сомасы шартта белгіленеді, бірақ 75 000 АЕК-тен (295 млн теңгеден) кем болмауы тиіс.

💸 Зиян келтірілген жағдайда төленетін сақтандыру төлемдерінің мөлшері:
• қаза болған жағдайда - 5 000 АЕК (19,7 млн теңге);
• мүгедектік белгіленсе:
  • I топ - 4 000 АЕК (15,7 млн теңге)
  • II топ - 3 000 АЕК (11,8 млн теңге)
  • III топ - 1 500 АЕК (5,9 млн теңге)
  • балаға - 3 000 АЕК (11,8 млн теңге)
• мүгедектік белгіленбеген жарақат, зақым немесе денсаулыққа өзге де зиян келген жағдайда - нақты емдеу шығындары шегінде, бірақ 750 АЕК-тен (2,9 млн теңгеден) аспайды.

🏚️ Бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін төлем нақты келтірілген шығын мөлшерінде, бірақ 1 500 АЕК-тен (5,9 млн теңгеден) аспайды.

***

📌 В Казахстане ввели обязательное страхование ответственности от пожара для владельцев объектов с массовым пребыванием людей

🏢 Владельцы торговых и развлекательных центров площадью более 2000 м² обязаны страховать свою гражданско-правовую ответственность. Без договора страхования эксплуатация объекта запрещена.

🛡️ Страхование покрывает вред жизни, здоровью и имуществу посетителей и арендаторов, причиненный в случае пожара.

💰 Страховая сумма устанавливается в договоре, но не может быть менее 75 000 МРП (295 млн тенге).

💸 Размер страховых выплат в случае причинения вреда:
- при гибели пострадавшего - 5 000 МРП (19,7 млн тенге);
- при инвалидности:
  • I группы - 4 000 МРП (15,7 млн тенге)
  • II группы - 3 000 МРП (11,8 млн тенге)
  • III группы - 1 500 МРП (5,9 млн тенге)
  • ребёнку - 3 000 МРП (11,8 млн тенге)
- при увечье, травме или ином повреждении здоровья без инвалидности - в размере фактических расходов на лечение, но не более 750 МРП (2,9 млн тенге).

🏚️ За ущерб имуществу одного потерпевшего выплата составит сумму фактического вреда, но не более 1 500 МРП (5,9 млн тенге).
📌КАСКО: автокөлікті сатқан кезде нені білу қажет?

***

📌КАСКО: что нужно знать при продаже автомобиля?