Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
🚘 Автокредит алған кезде КАСКО сақтандыру міндетті ме?
🏦 Банк кредиттік шартта КАСКО сақтандыруын міндетті ету талабын қоюға құқылы, себебі бұл өз кепіл мүлкін жоғалту қаупінен қорғайды. Мұндай талап автокөлік кредиті толық өтелгенге дейін банктің кепілінде болатынымен байланысты. Осылайша, сақтандыру әрі банктің, әрі көлік иесінің мүддесін қорғайды. Сонымен бірге, банк клиентті сақтандыру компаниясын таңдауда шектей алмайды.

***

🚘 Обязательна ли страховка КАСКО при автокредите?
🏦 Банк вправе предусмотреть условие об обязательном страховании КАСКО в кредитном договоре, чтобы обезопасить себя от потери залога. Данное условие связано с тем, что автомобиль остается в залоге у банка до полного погашения кредита. Таким образом, страхование защищает и банк, и владельца автомобиля. При этом, банк не имеет права ограничивать клиента в выборе страховой компании.
📊 МҚҰ-лардың негізгі борыш, несие портфелінің жалпы сомасында күнтізбелік 90 күннен астам есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек үлесіне лимит мәнін кезең-кезеңімен төмендету жоспарлануда:

🔹2025 жылғы 3 қарашадан бастап - 15%-дан артық емес (қазіргі сәтте лимит 20% аспайтын деңгейде белгіленген);
🔹2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10%-дан артық емес кезең кезеңмен төмендету көзделеді.

***

📊 Планируется поэтапное снижение значения лимита на долю просроченной задолженности по основному долгу, начисленному вознаграждению свыше 90 календарных дней в общей сумме ссудного портфеля МФО:

🔹 с 3 ноября 2025 года – не более 15% (на текущий момент лимит установлен на уровне не более 20%);
🔹 с 1 января 2026 года – не более 10%.
⚠️ Қаржы пирамидаларының негізгі белгілері:
🔹қатысушылардан бастапқы жарнаны төлеуді талап етеді;
🔹нарықтық кірістен едәуір жоғары кірісті уәде етеді;
🔹әсіресе әлеуметтік желілерде агрессивті жарнамалар береді;
🔹жаңа салымшыларды тарту үшін бонустар ұсынады;
🔹компанияның қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ашық ақпарат жоқ;
🔹ұйымда Агенттік берген халықтың салымдарын тартуға лицензиясы немесе бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге рұқсаты жоқ.

***

⚠️ Основные признаки финансовых пирамид:
🔹от участников требуют внести первоначальный взнос;
🔹обещают доходность, которая значительно выше рыночной;
🔹ведут агрессивную рекламу, особенно в социальных сетях;
🔹предлагают бонусы за привлечение новых вкладчиков;
🔹отсутствует прозрачная информация о деятельности и финансовом положении компании;
🔹у организации нет лицензии на привлечение вкладов населения или разрешения Агентства на работу на рынке ценных бумаг.
📊 PwC: Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын банктерді реттеудің жаңа тетігі нығайтады

📈 PwC Қазақстанның банктерді реттеудің жаңа тетігіне көшуін оң бағалайды. PwC серіктесі Альваро Бензо банктік мәселелерді шешуді мемлекеттік немесе салық төлеушілердің қаражаты есебінен қаржыландыруға болмайтынын атап өтті. Жаңа тәсіл нарық қатысушылары арасында тәуекелдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етеді.

***

📊 PwC: Новый механизм урегулирования банков укрепит финансовую стабильность Казахстана

📈 PwC положительно оценивает переход Казахстана на новый механизм урегулирования банков. Партнер в PwC Альваро Бензо подчеркнул, что урегулирование банков не должно осуществляться за счет государственных средств или средств налогоплательщиков. Новый подход позволит обеспечить справедливое распределение рисков между участниками рынка.
📣 Агенттік «ForteBank» АҚ-қа «Home Credit Bank» АҚ мен «HomeITTech» ЖШС-ін сатып алуға рұқсат берді.

***


📣 Агентство выдало разрешение АО «ForteBank» на приобретение АО «Home Credit Bank» и ТОО «HomeITTech».
📈 Агенттік қаулысына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарушы компаниялардың қызметін бағалау жүйесінің орташа сараланған нәтижелерден композиттік индекстер (бенчмарктар) бойынша бағалауға өту көзделген. Бұл индекстер қазақстандық қор нарығының және әлемдік қаржы алаңдары көрсеткіштерін қамтиды, ол жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, басқару нәтижелерін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

***


📈 Постановлением Агентства предусмотрен переход c 1 января 2026 года системы оценки деятельности управляющих компаний от средневзвешенных результатов к оценке по композитным индексам (бенчмаркам). Эти индексы включают показатели казахстанского фондового рынка и мировых финансовых площадок, что позволит объективно оценивать результаты управления с учетом глобальных экономических тенденций.
📊 2025 жылғы қыркүйек айындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

Агенттік 11 672 жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарады, бұл көрсеткіш 2025 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары. Өтініштердің 52,4%-ы банк секторының, 36,6%-ы микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ), 8,8%-ы коллекторлық агенттіктердің, 1,9%-ы сақтандыру компанияларының, ал 0,3%-ы өзге ұйымдардың үлесіне тиесілі.

***


📊 Об итогах работы в сфере защиты прав потребителей финансовых услуг в сентябре 2025 года

Агентством рассмотрено 11 672 обращения физических и юридических лиц, что на 4,5% больше, чем в августе 2025 года, из них 52,4% обращений приходится на банковский сектор, 36,6% – МФО, 8,8% – коллекторские агентства, 1,9% – страховые компании, 0,3% – иные организации.
📊 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2025 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

Акциялар нарығының капитализациясы 40,2 трлн теңгені құрады. Қыркүйек айында өсім +1,6% болды (жыл басынан бері+22,3%), бұл «ҚазМұнайГаз» (+9,2%) және «Қазатомөнеркәсіп» (+14,3%) акцияларының қымбаттауымен байланысты.

KASE индексі 2025 жылдың қыркүйегінде 7 149,42 тармаққа дейін көтерілді (жыл басынан бері +28,2%). Акциялармен сауда көлемі 27 млрд теңгеге жетті (+9%), жетекші компаниялар қатарында «Эйр Астана» мен «Банк ЦентрКредит» бар.

***

📊 О состояния рынка ценных бумаг на 1 октября 2025 года

Капитализация рынка акций составила 40,2 трлн тенге, рост за сентябрь достиг +1,6% (с начала года +22,3%), благодаря повышению стоимости акций «КазМунайГаз» (+9,2%) и «Казатомпром» (+14,3%).

Индекс KASE в сентябре 2025 года вырос до 7 149,42 пунктов (+28,2% с начала года). Объем торгов акциями достиг 27 млрд тенге (+9%), среди лидеров «Эйр Астана» и «Банк ЦентрКредит».
📈 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның сақтандыру секторы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларының активтері сақтандыру операцияларынан түсетін табыстың және бағалы қағаздарға инвестициялардың артуына байланысты 3,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бері +20,1%) өсті. Меншікті капитал 3,2%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгені құрады, ал сақтандыру нарығындағы таза пайда 33,5 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бері 222 млрд теңге).

***

📈 О состоянии страхового сектора Казахстана на 1 октября 2025 года

Активы страховых (перестраховочных) организаций выросли до 3,8 трлн тенге (+20,1% с начала 2025 года) благодаря росту доходов по страховой деятельности и инвестиций в ценные бумаги. Собственный капитал увеличился на 3,2% до 1,1 трлн тенге, чистая прибыль по страховому рынку составила 33,5 млрд тенге (222 млрд тенге с начала 2025 года).
🏦 Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

Банк секторының активтері 0,6%-ға өсіп, 67 трлн теңгеге жетті (2025 жылдың басынан бері +8,9%). Несиелік портфель 1,8%-ға ұлғайып, 41,6 трлн теңгені құрады.

Экономикаға берілген кредиттердің көлемі 1,8%-ға артып, 38,7 трлн теңгеге жетті (жыл басынан бері +14,6%). Оның ішінде ұлттық валютадағы 1,3%-ға өсіп, 35,3 трлн теңгені құрады. Ең жоғары өсім ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында байқалды.

***

🏦 О состоянии банковского сектора Казахстана на 1 октября 2025 года

Активы банковского сектора выросли на 0,6% до 67 трлн тенге (+8,9% с начала 2025 года), ссудный портфель увеличился на 1,8% до 41,6 трлн тенге.

Кредиты экономике увеличились на 1,8% до 38,7 трлн тенге (+14,6% с начала 2025 года), из них в нацвалюте выросли на 1,3% до 35,3 трлн тенге. Наибольший рост зафиксирован в кредитовании сфер информации и связи, строительства, торговли, промышленности и сельского хозяйства
🏢 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралды. Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндама жасады.

***

🏢 В Мажилисе Парламента РК в первом чтении рассмотрены проекты законов «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и развития финансового рынка». С докладом выступила Председатель Агентства Мадина Абылкасымова.
🔒 Өзіңізді қаржылық алаяқтықтан қалай қорғауға болады?

💡 Қаржылық қауіпсіздікті арттырудың бір тәсілі – «Стоп-кредит» қызметін қосу. Бұл қызмет азаматқа өз атына несие рәсімдеуге ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін береді.
Шектеуді E-gov порталы немесе мобильді қосымша арқылы өзіңіз орната аласыз.

⚠️ Егер белгіленген тыйым салуға қарамастан, қарыз сіздің келісіміңізсіз ресімделетін болса, онда ол есептен шығаруға жатады. Қызметті кез келген уақытта өшіруге болады.

***

🔒 Как обезопасить себя от финансового мошенничества?

💡 Один из способов – это подключить услугу добровольного отказа от оформления займов «Стоп-кредит». Установить запрет можно самостоятельно на портале и в мобильном приложении E-gov.

⚠️ Если несмотря на установленный запрет, займ будет оформлен без вашего ведома, то он подлежит списанию. Отключить услугу можно в любое время.
Агенттік банктер мен қаржы ұйымдарына жаңа цифрлық сервистерді, соның ішінде биометриялық технологияларды әзірлеу және енгізу барысында ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Сервистер белгіленген қауіпсіздік талаптарына жауап береді, бұл дербес деректер мен банк құпиясын сенімді қорғауға кепілдік береді.

***

Агентство напоминает, что банки и финансовые организации при разработке и внедрении новых цифровых сервисов, включая биометрические технологии, строго соблюдают требования информационной безопасности.

Сервисы отвечают установленным требованиям безопасности, что гарантирует надежную защиту персональных данных и банковской тайны.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
МҚҰ және коллекторлық қызмет көрсету салаларында өзін-өзі реттеу тетігі қалай енгізіледі? Өзін-өзі реттеу институтын енгізудің қандай артықшылықтары бар және мұндай тәжірибе басқа елдерде қалай қолданылады?

Бұл туралы толығырақ Агенттіктің банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің бас маманы Назар Қалибек айтып береді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Как будут внедрять механизм саморегулирования в сферах МФО и коллекторских услуг? Что даст введение института саморегулирования и как подобная практика применяется за рубежом?

Подробнее на эти вопросы отвечает главный специалист департамента регулирования небанковских организаций Агентства Назар Калибек.
🔒 Егде жастағы адамдарды телефон алаяқтарынан қалай қорғауға болады?
Алаяқтар әдетте зейнеткерлерге қоңырау шалып, өздерін банк, полиция немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың шоттарынан ақша алуға әрекет жасап жатқаны туралы хабарлайды. Кейін олар зейнеткерлерді қорғаныс үшін қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді.

***

🔒 Как защитить пожилых людей от телефонных мошенников
Мошенники обычно звонят пенсионерам, представляясь сотрудниками банка, полиции или государственных органов, и сообщают, что с их счетов неизвестные пытаются снять деньги. Далее они убеждают перевести средства на так называемый «безопасный счет» для защиты.
📢 Игорь Яковенко 3 жылға сақтандыру омбудсманы болып қайта сайланды.

📈 Ол сақтандыру омбудсманының міндеттерін 2022 жылғы 30 қарашадан бастап атқарды. Заңгерлік және экономикалық білімі, сақтандыру және банк секторларында, оның ішінде басшылық лауазымдарда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

***

📢 Игорь Яковенко переизбран страховым омбудсманом на 3 года.

📈 Обязанности страхового омбудсмана исполнял с 30 ноября 2022 года. Имеет юридическое и экономическое образование, многолетний опыт работы в страховом и банковском секторах, в том числе на руководящих должностях.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу Лондонда Kazakhstan Equity Capital Markets Day-де инвесторларға таныстырылды.

Әлеуетті инвесторлар еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштері, қаржы нарығының өзекті даму үрдістері және қазақстандық капитал нарығына қатысу мүмкіндіктерімен танысты. Іс-шараны KASE, Агенттік және Ұлттық банк бірлесіп ұйымдастырды.

***

Обзор рынка ценных бумаг Казахстана представили инвесторам на Kazakhstan Equity Capital Markets Day в Лондоне

Потенциальные инвесторы ознакомились с макроэкономическими показателями страны, актуальными данными о развитии финансового рынка и перспективами участия в казахстанском рынке капитала. Мероприятие организовано KASE совместно с Агентством и Национальным банком.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Банктердің жұмыс ережелерінде не өзгергені туралы Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы Дамиля Байділдаева айтып берді
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 О том, что изменилось в правилах работы банков, рассказала начальник Управления защиты прав потребителей финансовых услуг Агентства Дамиля Байдилдаева