Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
💳 Кредитті ресімдеу алдында нені білу маңызды?

📌 Кредитті ресімдеу алдында қарапайым қадамдар жасау маңызды: қаржылық мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалау, кредит беру шарттарын егжей-тегжейлі зерделеу және құжаттарды мұқият оқып шығу. Маңызды мәліметтер туралы – қадамдық нұсқаулықта.

***

💳 Что важно знать перед оформлением кредита?

📌 Перед оформлением кредита важно сделать простые шаги: честно оценить свои финансовые возможности, детально изучить условия выдачи и внимательно читать документы. О важных деталях – в пошаговой инструкции.
📢 Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

‼️ Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.

📑Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

💻 Тетіктің жұмысы туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1076741?lang=kk

***

📢 Распространяющаяся в социальных сетях информация о списании кредитов в банках второго уровня не соответствует действительности.

‼️ Просим не доверять недостоверной информации, использовать официальные источники информации, а также рекомендуем не обращаться за помощью к разного рода посредникам. Напомним, что распространение заведомо ложной информации влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством.

📑 На сегодня в стране действует единый механизм взаимодействия заемщиков с банками, микрофинансовыми организациями (МФО) и коллекторскими агентствами.

💻 Более подробная информация о механизме доступна на сайте Агентства по регулированию и развитию финансового рынка:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1076741?lang=ru
📌 Қаржы ұйымының, сақтандыру немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу қағидалары туралы

📃 Агенттік ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру мақсатында қаулы жобасын әзірледі.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

📌 О правилах получения согласия на приобретение статуса крупного участника финансовой организации, страхового или банковского холдинга

📃 Агентством разработан проект постановления в целях реализации проекта Закона РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и развития финансового рынка, связи и банкротства».

Подробнее: на сайте Агентства.
🛡️Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы

📃 Агенттік жеке және заңды тұлғалардың 11 472 жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы қазанмен салыстырғанда 8,9%-ға аз. Жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына тиесілі – 47,1%, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 42,1%, коллекторлық агенттіктер – 8,5%, сақтандыру компаниялары – 2,1%, өзге де ұйымдар –0,2%-ды құрады.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🛡️Об итогах работы в сфере защиты прав потребителей финансовых услуг на 1 декабря 2025 года

📃 Агентством рассмотрено 11 472 обращений физических и юридических лиц, что на 8,9% меньше, чем в октябре 2025 года. Наибольшая доля обращений приходится на банковский сектор – 47,1%, 42,1% – МФО, 8,5% – коллекторские агентства, 2,1% – страховые компании, 0,2% – иные организации.

Подробнее: на сайте Агентства
💹 Бағалы қағаздар нарығының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

📈 Акциялар нарығын капиталдандыру 38,4 трлн теңгені құрап, 2025 жылғы қарашада 3,0%-ға төмендеді (2025 жылдың басынан бастап+ 16,7%).

💼 KASE индексі 2025 жылғы қарашада 4,4%-ға 6 818,9 тармаққа дейін төмендеді (2025 жылдың басынан бастап+22,2%). Акциялармен сауда көлемі 52,6 млрд теңгені құрады.

📌 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 76 эмитенттің 89 атауындағы акциялары болды.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

💹 О состоянии рынка ценных бумаг на 1 декабря 2025 года

📈 Капитализация рынка акций составила 38,4 трлн тенге, уменьшившись за ноябрь 2025 года на 3,0% (+ 16,7% с начала 2025 года).

💼 Индекс KASE в ноябре 2025 года уменьшился на 4,4% до 6 818,9 пунктов (+22,2% с начала 2025 года). Объем торгов акциями составил 52,6 млрд тенге.

📌 По состоянию на 1 декабря 2025 года в торговых списках KASE находились акции 89 наименований 76 эмитентов.

Подробнее: на сайте Агентства
📈 Сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

📊 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,4%-ға 3,8 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан бері 21,1% өсті).

📄Сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы дивидендтер төлеу нәтижесінде 1,6%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін азайды. Таза пайда 7,7 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бері 234,8 млрд теңге).

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

📈 О состоянии страхового сектора на 1 декабря 2025 года

📊Активы страховых (перестраховочных) организаций увеличились на 1,4% до 3,8 трлн тенге (+21,1% с начала 2025 года).

📄 Собственный капитал страховых (перестраховочных) организаций уменьшился на 1,6% до 1,1 трлн тенге за счет выплат дивидендов страховыми организациями. Чистая прибыль составила 7,7 млрд тенге (234,8 млрд тенге с начала 2025 года).

Подробнее: на сайте Агентства
🏦 Банк секторының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

💼 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторының активтері 68,3 трлн теңгені құрады, биылғы жылдың қараша айында 0,8%-ға (2025 жылдың басынан бастап+11,0%) ұлғайды, несие портфелі 0,8%-ға 42,4 трлн теңгеге дейін өсті.

📊 Экономикаға берген кредиттер 0,7%-ға 39,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 16,8%-ға өсті). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,2%-ға 36,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏦 О состоянии банковского сектора Казахстана на 1 декабря 2025 года

💼 Активы банковского сектора на 1 декабря 2025 года составили 68,3 трлн тенге, увеличившись за ноябрь текущего года на 0,8% (+11,0% с начала 2025 года), ссудный портфель вырос на 0,8% до 42,4 трлн тенге.

📊 Кредиты экономике увеличились на 0,7% до 39,4 трлн тенге (+16,8% с начала 2025 года), из них в нацвалюте выросли на 1,2% до 36,0 трлн тенге.

Подробнее: на сайте Агентства
Мемлекеттік қолдау алған банктердің пайданы бөлуі және дивидендтер төлеуі туралы

Агенттік қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, ҚР Ұлттық қорының, ҚР Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептеу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы қаулысын әзірледі.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

О распределении прибыли и выплаты дивидендов банками, получившими государственную поддержку

Агентством разработан проект постановления об утверждении условий распределения прибыли, начисления дивидендов по простым и (или) привилегированным акциям, проведения обратного выкупа собственных акций банком второго уровня, для обеспечения (восстановления) финансовой устойчивости и оздоровления которого используются средства госбюджета, Нацфонда, Нацбанка и его дочерних организаций.

Подробнее: на сайте Агентства
📄Агенттік Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия, исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібі туралы Қаулы жобасын әзірледі.

ℹ️Толығырақ: Агенттік сайтында

***

📄Агентством разработан проект Постановления Правления Агентства о порядке выдачи разрешения на открытие банка, филиала банка-нерезидента РК, а также порядка выдачи банкам, филиалам банков-нерезидентов РК лицензии на осуществление банковских и иных операций, лицензии на осуществление исламских банковских и иных операций.

ℹ️Подробнее: на сайте Агентства
🏢 Агенттік банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының қызметін еріктітүрде тоқтатуға рұқсат беру тәртібі туралы Қаулысының жобасын әзірледі.

📃 Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏢 Агентством разработан проект Постановления, которым утверждается порядок выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка (банковского холдинга), добровольную ликвидацию банка, добровольное прекращение деятельности филиала банка-нерезидента Республики Казахстан.

📃 Подробнее: на сайте Агентства
🏢 Агенттік банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы Қаулысының жобасын әзірледі.

📌 Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏢 Агентством разработан проект Постановления, которым утверждаются Правила выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, квалификационные требования для проведения банковских операций организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, а также перечень документов, подтверждающих соответствие указанным квалификационным требованиям.

📌 Подробнее: на сайте Агентства
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

✔️Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды.

Мәдина Әбілқасымова:

➤ былтыр банк секторының орнықтылығы қамтамасыз етілгенін, жыл сайынғы қадағалау-бағалау циклі аяқталғанын жеткізді. Банктердің активтері 11 пайызға өсіп, 68,3 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрады.

➤ банктер туралы жаңа заң, сондай-ақ инвестициялық қорлар және рейтингтік қызмет туралы заң жобалары әзірленгені жөнінде айтты.

✔️Бизнеске берілген кредиттер 2025 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 17,9 пайызға артып, 14,8 триллион теңгеге жеткен.

✔️Кәсіпкерлер 17,5 триллион теңгеге жаңадан несие ресімдеді. Банктер жалпы сомасы 2,3 триллион теңге болатын 8 синдикатталған жобаны бірлесіп қаржыландырды.

✔️Шағын және орта бизнесті кредиттеу ісін қолдау үшін 2025 жылдың маусым айында «Даму» қорының жанынан Кепілдік қоры құрылды. Бүгінге дейін 505 миллиард теңге көлемінде несие кепілдіктері берілді.

➤ тұтынушылық кредиттер беру 2024 жылмен салыстырғанда екі есе төмендегені жөнінде ақпарат берді.

✔️Тұтынушылық несиені шектеу үшін төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда 5 жылдан астам уақыт ішінде қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және тәуекелі жоғары қарыздарды беруге шектеу қойылды. Қарыз алушының кірісіне қарай борыш көлемінің жаңа коэффициенті бекітілді.

✔️Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мақсатында банктер мен микроқаржы ұйымдары 703 мың азаматтың қарызын реттеп, ішінара кешірді.

✔️Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қолданысқа енгелі бері банктер 56 мың адамның 209,7 миллиард теңге берешегіне кешірім жасады.

✔️Ипотекалық тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 1,2 мың қарыз алушыға қолдау көрсетілді.

✔️Қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде кредит беру кезінде «шешім қабылдау кезеңі» заңнамаға енгізілді. Алғашқы қарызды ресімдеуге азаматтың өзі келуге тиіс. Бұдан бөлек, алаяқтық жағдайында кредитті сот шешімімен және соттан тыс тәртіппен есептен шығарудың негіздемелері кеңейтілді.

✔️Агенттік өзінің қадағалау қызметі аясында банктерге 2025 жылы 49 рет инспекторлық және құжаттамалық тексеріс жүргізген. Сақтандыру нарығына қатысушыларды – 47, бағалы қағаздар нарығын – 54, ал микроқаржыландыру субъектілері мен коллекторлық агенттіктерді 260 мәрте тексерген. Нәтижесінде 628 қадағалау шарасы қолданылып, жалпы сомасы 641,3 миллион теңге айыппұл салынды.

✔️Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығындағы 58 субъект лицензиясынан айырылды. Оның ішінде 23-і мәжбүрлі түрде тоқтатылды, ал 9 субъектінің лицензиясы алынды.

Мемлекет басшысы:

📌 қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын несиелеуді ұлғайту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Ақорданың ресми парақшасы
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадину Абылкасымову

✔️Глава государства заслушал отчет о результатах развития финансового рынка за 2025 год и задачах на предстоящий период.

Мадина Абылкасымова:

➤ сообщила, что по итогам года обеспечена устойчивость банковского сектора и завершен ежегодный цикл надзорной оценки. Активы банков увеличились на 11% до 68,3 трлн тенге, достаточность капитала составляет 20,7%.

➤ доложила о разработанном новом законе о банках, законах об инвестиционных фондах и рейтинговой деятельности.

➤ проинформировала, что кредиты бизнесу по состоянию на ноябрь 2025 года увеличились на 17,9% и достигли 14,8 трлн тенге.

✔️Бизнесу выдано новых кредитов на 17,5 трлн тенге. Банками софинансируются 8 синдицированных проектов на 2,3 трлн тенге.

✔️В целях поддержки малого и среднего бизнеса в июне 2025 года на базе Фонда «Даму» создан Гарантийный фонд по кредитам МСБ. Выдано гарантий по кредитам на сумму 505 млрд тенге.

➤ доложила, что потребительское кредитование замедлилось в два раза по сравнению с 2024 годом.

✔️Введен запрет на выдачу займов на срок свыше 5 лет при наличии просрочки, ограничена выдача займов от 3 до 5 лет и займов с высоким риском, а также установлен новый коэффициент совокупного долга к доходу заемщика.

✔️Банками и микрофинансовыми организациями для снижения закредитованности населения проведено урегулирование и частичное прощение займов 703 тыс. заемщиков.

✔️За период действия закона о банкротстве по механизму банкротства физических лиц банками прощена задолженность 56 тыс. граждан на 209,7 млрд тенге.

✔️По Программе рефинансирования ипотечных жилищных займов оказана поддержка 1,2 тыс. заемщикам.

✔️В целях противодействия финансовому мошенничеству на законодательном уровне введен «период охлаждения» при выдаче кредитов, установлено обязательное личное присутствие при получении первого займа, расширены основания для судебного и внесудебного списания кредитов в случаях мошенничества.

✔️В рамках надзорной деятельности Агентством в 2025 году проведено 49 инспекторских и документальных проверок банков, 47 – участников страхового рынка, 54 – на рынке ценных бумаг и 260 – субъектов микрофинансирования и коллекторских агентств. Применены 628 надзорных мер и наложены штрафы на сумму 641,3 млн тенге.

✔️На рынке микрофинансирования и коллекторских агентств лишены лицензии 58 субъектов, в том числе 23 – принудительно, у 9 субъектов приостановлены лицензии.

Глава государства:

📌дал ряд поручений, направленных на обеспечение финансовой стабильности, увеличение кредитования реального сектора экономики и усиление защиты прав потребителей финансовых услуг.

Источник: сайт Акорды
Агенттік банктерді тарату, Қазақстан Республикасындағы бейрезидент банктер филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктер мен бейрезидент банктер филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату кезінде құрылатын тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекітетін Қаулы жобасын әзірледі.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

Агентством разработан проект Постановления, которым утверждаются Правила осуществления ликвидации банков, принудительного прекращения деятельности филиалов банков-нерезидентов РК и требований к работе ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов РК.

Подробнее: на сайте Агентства
📌Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

📌Распоряжением Главы государства Турсунханов Нуржан Аскарович назначен заместителем Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

Подробнее: на сайте Агентства
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

Главой государства подписаны Законы Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и развития финансового рынка, связи и банкротства».

Подробнее: на сайте Агентства
🪖 Агенттік «Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының жобасын әзірледі.

ℹ️ Қаулы жобасы Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 6 тамыздағы №50 қаулысының орнына әзірленді және айтарлықтай өзгерістер көзделмеген.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🪖 Агентством разработан проект Постановления «Об утверждении Правил обмена сведениями о призванных на срочную воинскую службу военнослужащих, а также их увольнении, наличии либо отсутствии банковского займа, микрокредита, предоставлении отсрочки платежа по договору банковского займа, договору о предоставлении микрокредита».

ℹ️ Проект Постановления разработан взамен действующего постановления Правления Агентства №50 от 6 августа 2024 года и не содержит значительных изменений.

Подробнее: на сайте Агентства