Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
📄Агенттік Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия, исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібі туралы Қаулы жобасын әзірледі.

ℹ️Толығырақ: Агенттік сайтында

***

📄Агентством разработан проект Постановления Правления Агентства о порядке выдачи разрешения на открытие банка, филиала банка-нерезидента РК, а также порядка выдачи банкам, филиалам банков-нерезидентов РК лицензии на осуществление банковских и иных операций, лицензии на осуществление исламских банковских и иных операций.

ℹ️Подробнее: на сайте Агентства
🏢 Агенттік банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының қызметін еріктітүрде тоқтатуға рұқсат беру тәртібі туралы Қаулысының жобасын әзірледі.

📃 Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏢 Агентством разработан проект Постановления, которым утверждается порядок выдачи разрешения на добровольную реорганизацию банка (банковского холдинга), добровольную ликвидацию банка, добровольное прекращение деятельности филиала банка-нерезидента Республики Казахстан.

📃 Подробнее: на сайте Агентства
🏢 Агенттік банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы Қаулысының жобасын әзірледі.

📌 Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏢 Агентством разработан проект Постановления, которым утверждаются Правила выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, квалификационные требования для проведения банковских операций организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, а также перечень документов, подтверждающих соответствие указанным квалификационным требованиям.

📌 Подробнее: на сайте Агентства
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

✔️Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды.

Мәдина Әбілқасымова:

➤ былтыр банк секторының орнықтылығы қамтамасыз етілгенін, жыл сайынғы қадағалау-бағалау циклі аяқталғанын жеткізді. Банктердің активтері 11 пайызға өсіп, 68,3 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрады.

➤ банктер туралы жаңа заң, сондай-ақ инвестициялық қорлар және рейтингтік қызмет туралы заң жобалары әзірленгені жөнінде айтты.

✔️Бизнеске берілген кредиттер 2025 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 17,9 пайызға артып, 14,8 триллион теңгеге жеткен.

✔️Кәсіпкерлер 17,5 триллион теңгеге жаңадан несие ресімдеді. Банктер жалпы сомасы 2,3 триллион теңге болатын 8 синдикатталған жобаны бірлесіп қаржыландырды.

✔️Шағын және орта бизнесті кредиттеу ісін қолдау үшін 2025 жылдың маусым айында «Даму» қорының жанынан Кепілдік қоры құрылды. Бүгінге дейін 505 миллиард теңге көлемінде несие кепілдіктері берілді.

➤ тұтынушылық кредиттер беру 2024 жылмен салыстырғанда екі есе төмендегені жөнінде ақпарат берді.

✔️Тұтынушылық несиені шектеу үшін төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда 5 жылдан астам уақыт ішінде қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және тәуекелі жоғары қарыздарды беруге шектеу қойылды. Қарыз алушының кірісіне қарай борыш көлемінің жаңа коэффициенті бекітілді.

✔️Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мақсатында банктер мен микроқаржы ұйымдары 703 мың азаматтың қарызын реттеп, ішінара кешірді.

✔️Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қолданысқа енгелі бері банктер 56 мың адамның 209,7 миллиард теңге берешегіне кешірім жасады.

✔️Ипотекалық тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 1,2 мың қарыз алушыға қолдау көрсетілді.

✔️Қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде кредит беру кезінде «шешім қабылдау кезеңі» заңнамаға енгізілді. Алғашқы қарызды ресімдеуге азаматтың өзі келуге тиіс. Бұдан бөлек, алаяқтық жағдайында кредитті сот шешімімен және соттан тыс тәртіппен есептен шығарудың негіздемелері кеңейтілді.

✔️Агенттік өзінің қадағалау қызметі аясында банктерге 2025 жылы 49 рет инспекторлық және құжаттамалық тексеріс жүргізген. Сақтандыру нарығына қатысушыларды – 47, бағалы қағаздар нарығын – 54, ал микроқаржыландыру субъектілері мен коллекторлық агенттіктерді 260 мәрте тексерген. Нәтижесінде 628 қадағалау шарасы қолданылып, жалпы сомасы 641,3 миллион теңге айыппұл салынды.

✔️Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығындағы 58 субъект лицензиясынан айырылды. Оның ішінде 23-і мәжбүрлі түрде тоқтатылды, ал 9 субъектінің лицензиясы алынды.

Мемлекет басшысы:

📌 қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын несиелеуді ұлғайту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: Ақорданың ресми парақшасы
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадину Абылкасымову

✔️Глава государства заслушал отчет о результатах развития финансового рынка за 2025 год и задачах на предстоящий период.

Мадина Абылкасымова:

➤ сообщила, что по итогам года обеспечена устойчивость банковского сектора и завершен ежегодный цикл надзорной оценки. Активы банков увеличились на 11% до 68,3 трлн тенге, достаточность капитала составляет 20,7%.

➤ доложила о разработанном новом законе о банках, законах об инвестиционных фондах и рейтинговой деятельности.

➤ проинформировала, что кредиты бизнесу по состоянию на ноябрь 2025 года увеличились на 17,9% и достигли 14,8 трлн тенге.

✔️Бизнесу выдано новых кредитов на 17,5 трлн тенге. Банками софинансируются 8 синдицированных проектов на 2,3 трлн тенге.

✔️В целях поддержки малого и среднего бизнеса в июне 2025 года на базе Фонда «Даму» создан Гарантийный фонд по кредитам МСБ. Выдано гарантий по кредитам на сумму 505 млрд тенге.

➤ доложила, что потребительское кредитование замедлилось в два раза по сравнению с 2024 годом.

✔️Введен запрет на выдачу займов на срок свыше 5 лет при наличии просрочки, ограничена выдача займов от 3 до 5 лет и займов с высоким риском, а также установлен новый коэффициент совокупного долга к доходу заемщика.

✔️Банками и микрофинансовыми организациями для снижения закредитованности населения проведено урегулирование и частичное прощение займов 703 тыс. заемщиков.

✔️За период действия закона о банкротстве по механизму банкротства физических лиц банками прощена задолженность 56 тыс. граждан на 209,7 млрд тенге.

✔️По Программе рефинансирования ипотечных жилищных займов оказана поддержка 1,2 тыс. заемщикам.

✔️В целях противодействия финансовому мошенничеству на законодательном уровне введен «период охлаждения» при выдаче кредитов, установлено обязательное личное присутствие при получении первого займа, расширены основания для судебного и внесудебного списания кредитов в случаях мошенничества.

✔️В рамках надзорной деятельности Агентством в 2025 году проведено 49 инспекторских и документальных проверок банков, 47 – участников страхового рынка, 54 – на рынке ценных бумаг и 260 – субъектов микрофинансирования и коллекторских агентств. Применены 628 надзорных мер и наложены штрафы на сумму 641,3 млн тенге.

✔️На рынке микрофинансирования и коллекторских агентств лишены лицензии 58 субъектов, в том числе 23 – принудительно, у 9 субъектов приостановлены лицензии.

Глава государства:

📌дал ряд поручений, направленных на обеспечение финансовой стабильности, увеличение кредитования реального сектора экономики и усиление защиты прав потребителей финансовых услуг.

Источник: сайт Акорды
Агенттік банктерді тарату, Қазақстан Республикасындағы бейрезидент банктер филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктер мен бейрезидент банктер филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату кезінде құрылатын тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекітетін Қаулы жобасын әзірледі.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

Агентством разработан проект Постановления, которым утверждаются Правила осуществления ликвидации банков, принудительного прекращения деятельности филиалов банков-нерезидентов РК и требований к работе ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемых банков, принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов РК.

Подробнее: на сайте Агентства
📌Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

📌Распоряжением Главы государства Турсунханов Нуржан Аскарович назначен заместителем Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

Подробнее: на сайте Агентства
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

Главой государства подписаны Законы Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и развития финансового рынка, связи и банкротства».

Подробнее: на сайте Агентства
🪖 Агенттік «Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтер алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының жобасын әзірледі.

ℹ️ Қаулы жобасы Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 6 тамыздағы №50 қаулысының орнына әзірленді және айтарлықтай өзгерістер көзделмеген.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🪖 Агентством разработан проект Постановления «Об утверждении Правил обмена сведениями о призванных на срочную воинскую службу военнослужащих, а также их увольнении, наличии либо отсутствии банковского займа, микрокредита, предоставлении отсрочки платежа по договору банковского займа, договору о предоставлении микрокредита».

ℹ️ Проект Постановления разработан взамен действующего постановления Правления Агентства №50 от 6 августа 2024 года и не содержит значительных изменений.

Подробнее: на сайте Агентства
📌 Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова ұжымға Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановты таныстырды

📊 Н.Тұрсынханов бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру секторын, қаржы нарығындағы киберқауіпсіздікті дамыту және реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

📈 Агенттік басшысы Нұржан Тұрсынхановтың кәсіби тәжірибесі мен сараптамасы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

***

📌 Глава Агентства Мадина Абылкасымова представила коллективу заместителя Председателя Агентства Нуржана Турсунханова

📊 Н.Турсунханов будет курировать вопросы развития и регулирования рынка ценных бумаг, страхового сектора и кибербезопасности на финансовом рынке.

📈 Председатель Агентства выразила уверенность, что профессиональный опыт и экспертиза Нуржана Турсунханова будут способствовать дальнейшему развитию рынка ценных бумаг и укреплению финансовой стабильности.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛡️ Бірыңғай қаржы омбудсманы қызметі пайда болғаннан кейін не өзгереді?

⚖️ Бірыңғай қаржы омбудсманы қызметі не үшін қажет? Қандай жағдайларда қаржы омбудсманына жүгінуге болады және дауды шешуге көмектеспесе, не істеу керек? Бұл туралы толығырақ Іс-қимылды қадағалау департаментінің бас маманы Лейла Рахматулина айтып береді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛡️ Что изменится с появлением Единой службы финансового омбудсмана?

⚖️ Зачем необходима Единая служба финансового омбудсмана? В каких случаях можно будет обратиться к финансовому омбудсману и что делать, если вам не помогли решить спор? Об этом подробнее рассказывает начальник Управления развития защиты прав потребителей Дидар Естаев.
«Qanat Finance» МҚҰ» ЖШС лицензиясының қолданылуы тоқтатылды

Лицензияның қолданылуын тоқтату мерзімі – үш ай. Заңнамасына сәйкес, көрсетілген кезеңде МҚҰ-ға жаңа микрокредиттер беруге, қолданыстағы шарттардың мерзімін ұзартуға, сондай-ақ МҚҰ және (немесе) қарыз алушылардың міндеттемелері мен жауапкершілігін арттыратын өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

Приостановлена лицензия ТОО «МФО «Qanat finance»

Срок приостановления лицензии – три месяца. В соответствии с законодательством, в указанный период МФО запрещается выдавать новые микрокредиты, продлевать действующие договоры, а также вносить в них изменения, увеличивающие обязательства и ответственность МФО и (или) заемщиков.

Подробнее: на сайте Агентства
📌 «аФинанс» МҚҰ» ЖШС лицензиясының үш ай мерзімге қолданылуын тоқтата тұру туралы

📃 Заңға сәйкес, лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымына жаңа микрокредит шарттарын жасасуға, соның ішінде қолданыстағы микрокредит шарттарының қолданылу мерзімін ұзартуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салуды білдіреді. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

📌 Приостановлена лицензия ТОО «МФО «аФинанс» сроком на три месяца

📃 В соответствии с законодательством приостановление действия лицензии влечет запрет на заключение микрофинансовой организацией новых договоров о предоставлении микрокредита, в том числе на продление срока действия действующих договоров о предоставлении микрокредита и их изменение.

Подробнее: на сайте Агентства
🏆 Алматы қаласында Risk Management Case Competition 2026 байқауы өтеді

👨‍🎓👩‍🎓ЖОО студенттері арасында тәуекел-менеджмент бойынша үшінші жыл сайынғы кейс-чемпионат Агенттік пен ҚБТУ-дың бірлесіп ұйымдастыруымен өтеді.

💻📊 Қатысушылар практикалық тәжірибе жинақтап, сала сарапшыларымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, кәсіби байланыстарын кеңейтеді, сондай-ақ FRM және CII бағдарламалары бойынша оқу гранттарын алу үшін бақ сынайды.

📌 Іс-шараға қатысу бойынша ақпарат Агенттік сайтында қолжетімді.

***

🏆 В Алматы пройдет конкурс Risk Management Case Competition 2026

👨🏻‍🎓👩🏻‍🎓Третий ежегодный кейс-чемпионат по риск-менеджменту среди студентов вузов проводится Агентством совместно с КБТУ.

💻📊 Участники получат практический опыт, возможность поработать с экспертами, расширить профессиональные контакты и побороться за гранты на обучение по программам FRM и CII.

📌 Информация о том, как зарегистрироваться, доступна на сайте Агентства.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Астанада Ұлттық Банкінің Цифрландыру офисінің Annual Business Review жыл сайынғы бизнес-шолуы форматындағы отырысы өтті

📄Іс-шара барысында 2025 жылға арналған цифрландыру және деректерді басқару стратегиясын іске асырудың қорытындылары шығарылып, цифрлық трансформацияның басым бағыттары мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.

***

📌В Астане состоялось заседание Офиса цифровизации Национального банка в формате ежегодного бизнес-обзора Annual Business Review

📄В ходе мероприятия были подведены итоги реализации Стратегии цифровизации и управления данными за 2025 год, а также обсуждены приоритеты цифровой трансформации и вопросы внедрения ИИ.
🌐 ХВҚ Жарғысының IV Бабына сәйкес Қазақстан Республикасымен консультациялар қорытындысы бойынша есеп жариялады

📊 ХВҚ бағалауына сәйкес, алдыңғы кезеңдерде тұтынушылық кредиттеудің қарқынды өсуіне қарамастан, Қазақстанның банк секторы орнықты, жоғары капиталдандырылған және өтімді күйінде қалып отыр. Қаржылық тәуекелдер жалпы алғанда шектеулі, банктердің активтер сапасы қолайлы деңгейде сақталуда.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🌐 МВФ опубликовал отчет по итогам консультаций с Республикой Казахстан в соответствии со Статьей IV Устава МВФ

📊 По оценке МВФ банковский сектор Казахстана остается устойчивым, высококапитализированным и ликвидным, несмотря на быстрый рост потребительского кредитования в предыдущие периоды. Финансовые риски в целом сдержанны, качество банковских активов сохраняется на приемлемом уровне.

Подробнее: на сайте Агентства
📌Агенттіктің Басқармасы Шухрат Әлиджанович Ибрагимовке «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім беру туралы қаулы қабылдады.

***

📌Правлением Агентства принято Постановление «О выдаче Ибрагимову Шухрату Алиджановичу согласия на приобретение статуса крупного (косвенного) участника Акционерного общества «Страховая компания «Евразия»
🏢Агенттік банк секторы активтерінің сапасын бағалау қорытындылары бойынша 2025 жылғы тұрақты AQR нәтижелерін ұсынды

📄Есепте 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтері банк жүйесінің 86%-ын құрайтын 11 ірі банкке жүргізілген талдау ұсынылған.

✅Тұрақты AQR нәтижелері сектордың жүйелік деңгейде орнықтылығын растады: 11 банк бойынша капитал жеткіліктілігі 17,7%-ды құрады, бұл ең төменгі нормативтік талаптан едәуір жоғары.

🔗Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏢Агентство представило результаты регулярного AQR 2025 года по результатам оценки качества активов банковского сектора

📄В отчете представлен анализ по состоянию на 1 января 2025 года по 11 крупным банкам, чьи активы составили 86% банковской системы.

✅Результаты регулярного AQR подтвердили устойчивость сектора на системном уровне: достаточность капитала по 11 банкам составила 17,7%, что существенно выше минимального нормативного требования.

🔗Подробнее: на сайте Агентства