Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 🇰🇿
1.29K subscribers
1.81K photos
165 videos
2 files
1.02K links
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми арнасы

Официальный канал Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка
Download Telegram
🏦 Банк секторының 2026 жылға арналған қадағалау саясатының негізгі басымдықтары айқындалды

📃 Агенттіктің қызметіндегі негізгі бағыт – елдің қаржы жүйесін трансформациялаудың стратегиялық негізін қалаған Банктер туралы жаңа заң нормаларын толық ауқымда іске асыру болмақ.

📎 Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏦 Определены Основные приоритеты надзорной политики банковского сектора на 2026 год

📃 Ключевым вектором деятельности Агентства станет полномасштабная имплементация норм нового Закона о банках, который заложил стратегическую основу для трансформации финансовой системы страны.

📎 Подробнее: на сайте Агентства
🚗💥 Агенттік міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлеміне өтінішті ресімдеудің оңайлатылған тәртібі (Еурохаттама) туралы еске салады

✍🏻 Еурохаттама жол-көлік оқиғасына (ЖКО) қатысушыларға жол полициясы қызметкерлерін шақырмай және сотқа жүгінбей, апат орнында сақтандыру ұйымына тікелей сақтандыру төлеміне өтініш жазуға мүмкіндік береді.

📎 Толығырақ: Агенттіктің сайтында

***

🚗💥 Агентство напоминает об упрощенном порядке оформления заявления на страховую выплату по обязательному автострахованию (Европротокол)

✍🏻 Европротокол позволяет участникам ДТП направить заявление на страховую выплату непосредственно в страховую организацию на месте аварии без вызова сотрудников дорожной полиции и обращения в суд.

📎 Подробнее: на сайте Агентства
📌 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов CFO Summit XIII-ге қатысты

🏢 Сөз сөйлеу барысында Нұржан Тұрсынханов бағалы қағаздар нарығын дамытудың стратегиялық басымдықтарын ұсынды және банк секторын жүйелі жаңғыртудан кейін мемлекеттік саясаттың басымдығы экономикаға ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі көзі ретінде қор нарығына ауысатынын атап өтті.

***

📌 Заместитель Председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Нуржан Турсунханов принял участие в работе саммита CFO SUMMIT XIII

🏢 В ходе выступления Нуржан Турсунханов представил стратегические приоритеты развития рынка ценных бумаг и отметил, что после системной модернизации банковского сектора приоритет государственной политики смещается в сторону фондового рынка как ключевого источника долгосрочных инвестиций в экономику.
🏦 Микроқаржылық ұйымдардың 2026 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

📊 Сектордың активтері 3,5 трлн теңгені құрады, 2025 жылдың 4-тоқсанында 2,2%-ға (2025 жыл қорытындысы бойынша 17,2%-ға) өсті. Бұл өсім негізінен ломбардтардың тұтынушылық микрокредиттері көлемінің ұлғаюымен байланысты.

📈 Активтер құрылымында ең үлкен үлес микроқаржылық ұйымдарға тиесілі – 1,7 трлн теңге (47,4%), кредиттік серіктестіктер – 1,3 трлн теңге (36,0%), ломбардтар – 0,6 трлн теңге (16,5%).

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏦 О состоянии микрофинансовых организаций на 1 января 2026 года

📊 Активы сектора составили 3,5 трлн тенге, увеличившись за 4 квартал 2025 года на 2,2% (за 2025 год рост на 17,2%) за счет роста объема потребительских микрокредитов ломбардов.

📈 Наибольшая доля в структуре активов приходится на микрофинансовые организации – 1,7 трлн тенге (47,4%), кредитные товарищества – 1,3 трлн тенге (36,0%), ломбарды – 0,6 трлн тенге (16,5%).

Подробнее: на сайте Агентства
☂️ 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

📄 Агенттік жеке және заңды тұлғалардың 15,6 мың өтінішін қарады, бұл 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,9%-ға көп. Өтініштердің ең үлкен үлесі банк секторына – 61,4%, микроқаржылық ұйымдарға – 27,2%, өзге ұйымдарға – 11,4% тиесілі.

✅ Қаржылық алаяқтық мәселелері бойынша өтініштер 35%-ға азайды.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

☂️ Об итогах работы в сфере защиты прав потребителей финансовых услуг на 1 февраля 2026 года

📄 Агентством рассмотрено 15,6 тыс. обращений физических и юридических лиц, что на 3,9% больше, чем в декабре 2025 года. Наибольшая доля обращений приходится на банковский сектор – 61,4%, микрофинансовые организации – 27,2%, иные организации – 11,4%.

✅ Обращения по вопросам финансового мошенничества снизились на 35%.

Подробнее: на сайте Агентства
💹 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

📊 Акциялар нарығының капитализациясы 43,9 трлн теңгені құрап, 2026 жылғы қаңтар айында 12,6%-ға өсті. 2026 жылғы қаңтарда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны 2,1%-ға өсіп, 5 166,7 мың шотқа жетті.

📈 KASE индексі 2026 жылғы қаңтар айында 9,5%-ға өсіп, 7 702,60 пунктті құрады.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

💹 О состоянии рынка ценных бумаг Казахстана на 1 февраля 2026 года

📊 Капитализация рынка акций составила 43,9 трлн тенге, увеличившись за январь 2026 года на 12,6%. В январе 2026 года количество счетов в системе номинального держания Центрального депозитария увеличилось на 2,1% до 5 166,7 тыс. счетов.

📈 Индекс KASE в январе 2026 года увеличился на 9,5% до 7 702,60 пунктов.

Подробнее: на сайте Агентства
🛡️Қазақстанның сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

📊 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру сыйлықақыларының өсуі нәтижесінде 1,4%-ға артып, 4,0 трлн теңгені құрады. Меншікті капитал сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 0,8%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. Таза пайда 10,1 млрд теңгені құрады.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🛡️ О состоянии страхового сектора Казахстана на 1 февраля 2026 года

📊 Активы страховых (перестраховочных) организаций увеличились на 1,4% до 4,0 трлн тенге в основном в результате роста страховых премий. Собственный капитал увеличился на 0,8% до 1,1 трлн тенге за счет прибыли, полученной от страховой деятельности. Чистая прибыль составила 10,1 млрд тенге.

Подробнее: на сайте Агентства
🏢 Банк секторының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

📊 Банк секторының активтері 70,1 трлн теңгені құрады, биылғы жылдың қаңтар айында несие портфелі негізінен 1,1%-ға төмендеп, 43,0 трлн теңгеге дейін азаюы есебінен 0,9%-ға қысқарды.

📈 Экономикаға берілген кредиттер көлемі 40,0 трлн теңгені құрады. 2026 жылғы қаңтар айында 2,6 трлн теңге көлемінде жаңа кредиттер берілді, бұл 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,6%-ға көп.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

🏢 О состоянии банковского сектора на 1 февраля 2026 года

📊 Активы банковского сектора составили 70,1 трлн тенге, уменьшившись за январь текущего года на 0,9% в основном за счет снижения ссудного портфеля на 1,1% до 43,0 трлн тенге.

📈 Кредиты экономике составили 40,0 трлн тенге. За январь 2026 года выдано новых кредитов на 2,6 трлн тенге, что на 11,6% больше по сравнению с январем 2025 года.

Подробнее: на сайте Агентства
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов KASE алаңында өткен Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттықты ашу салтанатына қатысты.

***

Заместитель Председателя Агентства Нуржан Турсунханов принял участие в церемонии открытия торгов Ring the Bell for Gender Equality на KASE.
⚠️ Күмәнді сілтемелер неге қауіпті?

🪝Алаяқтар хаттар мен мессенджерлерде банктер, дүкендер ретінде кликбейтті жасырын қолданады. Сілтемені басу арқылы пайдаланушы фишингтік сайтқа – жаңалықтар порталының немесе онлайн-дүкеннің дәл көшірмесіне кіреді. "Растау" немесе "тапсырысты рәсімдеу" үшін банктік деректерін енгізу арқылы пайдаланушы алаяқтарға логиндерді, кілтсөздерді және төлем ақпаратын береді.

ℹ️ Қосымша пайдалы материалдар сайтта қол жетімді Fingramota.kz.

***

⚠️Чем опасны сомнительные ссылки?

🪝Мошенники активно используют кликбейт в письмах и мессенджерах, маскируясь под банки, магазины. Перейдя по ссылке, пользователь попадает на фишинговый сайт – точную копию новостного портала или онлайн-магазина. Введя свои банковские данные для «подтверждения» или «оформления заказа» пользователь передает мошенникам логины, пароли и платежную информацию.

ℹ️ Больше полезных материалов доступно на сайте Fingramota.kz.
🎭 Дипфейк – жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өзгертілген фото, бейне немесе аудио. Бұл технология адамның жүзін, дауысын және мимикасын қолдан жасап, оны ешқашан айтпаған сөздерді «айтқызуға» мүмкіндік береді.

🛡️ Агенттік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдайды. Қазіргі уақытта қаржы ұйымдарының клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету кезінде негізгі фактор ретінде биометрияны қолдана отырып, міндетті екі факторлы аутентификация талаптары енгізілген.


***

🎭 Дипфейк – это фото, видео или аудио, созданные или измененные с помощью ИИ. Технология позволяет подделывать лица, голос и мимику человека, заставляя его «говорить» то, чего он никогда не произносил.

🛡️Агентство принимает меры по обеспечению информационной безопасности. В настоящее время действуют требования по обязательному применению двухфакторной аутентификации с обязательным использованием биометрии в качестве основного фактора при оказании клиентам финансовых организаций дистанционных услуг.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова жалпыұлттық референдумда дауыс берді 🇰🇿


***

Председатель Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка Мадина Абылкасымова проголосовала на общереспубликанском референдуме 🇰🇿
Агенттік, Ұлттық Банк және ЕҚДБ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Толығырақ: Агенттік сайтында

***
Агентство, Национальный Банк и ЕБРР подписали Меморандум о сотрудничестве

Подробнее: на сайте Агентства
📌Агенттік Төрағасы Мадина Әбілқасымова International Finance Corporation (IFC) делегациясымен кездесті. Делегацияны ұйымның Түркия, Қазақстан және Өзбекстан бойынша өңірлік директоры Лиза Кестнер бастап келді.

🤝Тараптар Қазақстанның қаржы секторын дамытуға және оның тұрақтылығын арттыруға бағытталған Агенттік пен IFC арасындағы арғы ынтымақтастық пен әріптестіктің басым бағыттарын талқылады.

Толығырақ: Агенттік сайтында

***

📌Председатель Агентства Мадина Абылкасымова встретилась с делегацией International Finance Corporation (IFC) во главе с Региональным директором по Турции, Казахстану и Узбекистану Лизой Кестнер.

🤝Стороны обсудили перспективные направления дальнейшего сотрудничества и партнерства между Агентством и IFC, направленные на развитие и повышение устойчивости финансового сектора Казахстана.
📌Мобильді банкингтегі ақшаны қалай қорғауға болады?